print

ЖАМБЫЛ КЕНТІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауы маңызды стратегиялық бағдарламалары мен ауқымды жобаларының барлығы да ел болашағы үшін жасалып, экономикамызды өркендеуге бағытталған. Осы бағытта  «Қазақстан – 2050 Стратегиясын» , «Нұрлы жол бағдарламасын», 5 институттық реформа және «100 –нақты қадам» Ұлт жоспарын қабылдады. Жыл сайынғы Жолдауынан туындаған мәселелер ауыл әкіміне қойылған міндеттер халық мұқтаждарын орындауға бағытталған. Сондай –ақ Мемлекет басшысының «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығын орындау мақсатында әкімдердің жергілікті тұрғындар алдындағы жыл сайынғы есептері мен халық игілігі үшін келешекке жоспарланған іс-шараларды тыңғылықты жүргізуге міндет артады.

       Елбасымыздың Жолдауында аталып өтілген мақсаттар мен міндеттерді орындауда кентте атқарылған жұмыстарға тоқтала кетсек, Жамбыл кенті әкімінің 2018 жылы атқарған жұмыстары және алдағы күнде атқарылуға тиісті мәселелер туралы сіздерге баяндап бермекпін.

       Кент бойынша 25 үй, 5 отбасы, жалпы халық саны- 58 адамды құрайды.

     Кент тұрғындарынан жыл бойы жазбаша түрде түскен 2 өтініш, жауаптары беріліп қанағаттандырылды. 2 ауызша өтініш түсіндіру жұмыстары жүргізілді.        

   Ауыл шаруашылығы саласы бойынша айта кететін болсақ, біздің кентімізде бүгінгі күні 1 шаруа қожалығы тіркелген. Биылғы жылғы кент бойынша қысқы мал азығын(шөп) дайындау жоспар бойынша 10 мың тонна. Жоспар толықтай орындалдығ. Кент бойынша ірі қара саны – 300 бас, қой-ешкі саны - 100 бас, жылқы саны – 30 басты құрайды.

Жұмыспен қамтуда тіркеудегі жұмыссыздар саны -5, биылғы жұмысқа орналастырылғандары саны - 1, қоғамдық жұмысқа тартылғандар саны – 5.               Қорытындылай келе 2018 жылы біршама жұмыстар атқарылып, атқарған жұмыстарымызда белсенді түрде көмек көрсеткен мекеме басшыларына, жалпы барлық кент тұрғындарына рахмет айтамын. Алда да Елбасымыздың саясатын қолдай отырып, көптеген жоспар бойынша жұмыстар мен міндеттерді кент тұрғындарымен бірлесе отырып орындаймыз деп сенемін.


Количество посещений: 698


Наверх