print

КИІКТІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Үндеулері, 2016 жылдың 1 қаңтардағы «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңі, 2018 жылдың 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы бастау алып, қазіргі уақытта ауқымды түрде жүзеге асуда. Бұл Жолдауда мемлекет басшысының төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері туралы сөз қозғады. Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды. Жолдаудың басты идеясы - өнеркәсіптік революцияның мүмкіндіктерін өзіміздің даму мақсатымызға пайдалану. Демек, жаңа технологияларды енгізу тек мемлекеттік басқаруда ғана емес, сонымен қатар индустриялды дамуда да, ауыл шаруашылығы саласында да, білім беру мен денсаулық сақтау салаларында да нақты маңыздылығын танытып отыр.

Сондай-ақ 2018 жылдың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл- ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында Елбасы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арнады.

         Бұл дегеніміз қазақстандықтардың арманының орындалуына және Қазақстанның өркендеуіне бастайтын жарқын жол екені анық.

         Құрметті қауым!

         Осы бағытта Киікті ауылдық округ әкімдігі Елбасы Н.А.Назарбаевтың саясатын жергілікті жерде іске асырып, жұмыс жүргізуде.

         Киікті ауылдық округ құрамына Ақшағыл станциясы мен Арқарлы разъезі қарасты.

           Киікті ауылдық округінің әкімшілік аумағы 98086 га құрайды, халық саны 890 адам, зейнеткерлер 98 адам, мүгедектер саны 16 адам,   көп балалы аналар 26 адам, асыраушысынан айырылғандар 5 адам, Чернобыль апатына қатысқан 1 адам, тыл ардагерлері 1 адам, отан алдында борышын өтеушілер 4 бала, жұмыссыздар тіркеуінде тұрғандар 8 адам, шағын кәсіпкерлер 3, шаруа қожалықтар саны 7, жалпы үй саны 170, екі қабатты үйлер саны 1.

Ауылдық округ әкімі аппараты жаңа заманға сай материалдық техникалық базамен қамтамасыз етіліп, ғаламтор жүйесіне қосылған. Қазынашылық – клиент базасы жұмыс жасайды. Әкім аппаратында 3 бірлік бас маман, 1 әлеуметтік қызметкер, 1 статист және 4 шаруашылық жұмыскерлер қызмет етеді.

Киікті ауылдық округі әкімінің аппараты өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңын және басқа да нормативті - құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізуде.

Халықты жұмыспен қамту бағыты бойынша, Мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті дамытуда жыл сайын түрлі бағдарламалар қабылдануда. Осы бағытта ауыл тұрғындары Динишева Айжан мен Акжунусова Зауре 2017 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен қомақты қаражат алып, қазіргі таңда істерін кеңейтуде.

Аудандық жұмыспен қамту орталығында жыл басынан 25 адам жұмыссыздар есебіне тіркеліп, оның 12 адамы ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды, 6 адам «ОралЭлектроСервис» ЖШС-де жаңадан ашылған бос жұмыс орындарына тұрақты жұмыспен қамтылды.

         Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында, облыстық бюджет есебінен, аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі арқылы Киікті ауылы мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарына қомақты қаражат бөлініп, Осы бағдарлама шеңберінде ауылдың 4 адамы уақытша жұмыспен қамтылды.

           Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша ауыл әкімдігінде бір әлеуметтік қызметкер жалғыз басты қарт адамдар мен мүгедектерге белгіленген ережеге сәйкес қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, аз қамтылған және тағы басқа да әлеуметтік қорғалмаған отбасыларына мереке сайын жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтар арқылы тиісті деңгейде көмек көрсетіліп отырады.          

         Ауылды абаттандыру, көріктендіру, көркейту саласы бойынша бір шама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, жылдар бойы қиындық туғызған Киік ауылы мен Ақшағыл станциясы арасындағы 14 шақырым қара жолға «Оралэлектросервис» ЖШС-нің демеушілігімен 50 млн қаражатқа 14 шақырым көтерме жол салынды. Сондай-ақ, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық- тазалау жұмыстары біздің де округте зор серпіліспен атқарылды деп айтуға болады. Ауыл тұрғындары сенбілік, таза бейсембіліктерге жаппай қатысып,   «Оралэлектросервис» ЖШС-гі техника бөліп, Ағыбай батыр көшесінің сыртыннан 200 тоннаға жуық қоқыс шығарылып тегістелді.

         Сонымен қатар «Абылай KZ» ЖШС-нен погрузчик техникасын алып, көше ортасындағы шағын үйінтіктер мен ауыл сыртындағы күл-қоқыс төгетін алаң тегістелді. Ауыл әкімдігі ғимаратына сылау, сырлау жұмыстары жүргізіліп, ауласына гүл ошақтары отырғызылды.

         Көше жолдарын қардан тазалау бойынша 600 мың теңге бөлініп, ол бойынша ауылдағы «Аян-Аят» шаруа қожалығымен келісім жасалып, тиісті жұмыстар атқарылды.

           Ауылшаруашылық өндірісі бойынша статистикалық есепте және ИСЖ базасына сәйкес 2018 жылғы жұртшылық мал бастары 2017 жылға қарағанда ірі қара малы 1143 басқа өсті. Ұсақ ірі қара малы қой –ешкі 2472 басқа, жылқы 382 басқа өсті. 2018 жылға жоспарланған ветеринарлық  алдын-алу  және  диагностикалық шаралар орындалуда.   Бірдейленген ірі қара 750 бас, қой –ешкі 1310 бас, 280 бас жылқы малы таңбаланды. Киікті ауылдық округі бойынша жыл басынан бастап – 10 қаңғыбас иттерді ату жұмыстары жүргізілді. Мал бағылымы мәселесі ауылда тұрақты. Атап айтқанда, 4 табын кезекпен бағылса, шаруа қожалықтар жерлерінде, ақылы түрде ұйымдастырылады. Құны бір басқа 1000 теңге.

         Ауылда азық - түлік тауарларын сататын екі дүкен, бір фотосалон жұмыс істейді. Дүкендердің азық-түлік тауарларының бағаларының негізсіз көтерілуіне жол бермеу жұмыстары да тиісті заңдылықтар шеңберінде, жүйелі түрде іске асуда.

         «Туған жер» бағдарламасы аясында 1988 жылғы мектеп түлектерінің бастамасымен ауыл ортасына шағын саябақ салып берсе, 1978 жылғы мектеп түлектері 600 мың қаражатқа күрес матасын сыйлады.

         Елді мекеніміздің экономикасының жетекші саласы болып табылатын теміржол торабы.

         Ауылда теміржол саласының Станция, ЭЧ – 12, ШЧ-21, ПЧ-26 мекемелерінде Киікті, Ақшағыл және Мойынты станциялары аралығында 80-нен астам теміржолшылар еңбек етіп, тұрғындардың өмірлік жағдайын жақсартуға елеулі үлестерін қосуда.

         Осыған байланысты, теміржолшылардың кәсіби мерекесін атап өтпеуге болмайды. Сол себепті, ауыл әкімдігі, теміржол торабының мекемелері және мәдениет үйі ұжымдары бірігіп, өткен жылы «Теміржолшылар» күні мерекесіне орай, ауылдың жас бүлдіршіндеріне батут әкеліп, түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырды.

         Сондай-ақ, ауылда «Транстелеком» АҚ –мы байланыс торабы, Электр мен жабдықтау және халықты ауыз сумен қамтамасыз ететін «Электржабдықтау» ЖШС –гі   қызмет көрсетуде.  

         Ауылдағы   Сыдық Мұхамеджанов атындағы орта мектебінде 34 мұғалім, 12 шаруашылық қызметкерлері  жұмыс атқаруда. Қазіргі уақытта 1 мен 11 сыныптарында 176 оқушы, мектеп алды даярлық сыныбында 30 бала және шағын орталықта 17 бала білім алуда. (Барлығы 211 оқушы).  

         Спортпен айналысатын балалар саны 60 оқушы. Сондай-ақ мектепте 1 интеративтік тақта жұмыс істеуде, ғаламтор жүйесіне қосылған. Мектеп оқушылары тиісті ережелерге сәйкес ыстық тамақ пен қамтамасыз етілуде.

         Оқушылар арасында құқықық бұзу фактілері тіркелген және ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған балалар жоқ. Мектеп қысқы жылыту маусымына көмір мен толық қамтамасыз етілді.

         «Оралэлектросервис» ЖШС-мен және ауылдағы мекеме кәсіпорындар демеушілігімен «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясыда өз мәнінде іске асырылуда.

         Қазіргі таңда ауылға жаңа мектеп ғимаратын салу үшін Жобалау сметалық құжаттары жасалып, мемлекеттік сатып алу заңдылығы аясында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

         Сонымен қатар ауылда мәдениет үйінің ұжымы барлығы 9 адам, ауыл халқына өз қызметін ұсынуда.

         Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні, Жаңа-жыл, 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні, «Наурыз мейрамы» мерекесі, 1-сәуір Отбасылар күні, 1-мамыр Халықтар достығы күні, 7-мамыр Отан қорғаушылар күні, 9-мамыр Ұлы Жеңіс күні, 1-маусым балалар күні, 30-тамыз Конституция күні мерекелері мен кәсіби мерекелер өз мәнінде ұйымдастырылып, өткізіледі. Сондай-ақ мереке күндері Мәдениет үйінде ауыл жастарына би кештері мен 80,90 жылдардың би кештері өткізіліп тұрады.

         Ауылдық кітапханада барлығы 11 085 кітап қоры бар. Оқырман саны 605 адам, тұрғындар келімі саны 6657 адам болса, кітап берілімі 12101.

         Денсаулық сақтау бағытында ауылдағы Фельдшерлік амбулатория пунктісінде 1 медбике, 1 окушер қызмет атқарады. Жыл басынан жылжымалы флюрадан 260 адам тексерілсе,   дүниеге келген балалар саны 2018 жылы - 15 бала болды. Белгіленген кестеге сәйкес Мойынты кентінен дәрігер келіп, науқастарды қабылдап, ауыл тұрғындарына тиісті ем домын ұсынуда.

         2018 жылдың қазан айында аудандық аурухана басшысы Д.Нұртаевтың хатының негізінде, облыстық бюджет есебінен 2019 жылы ауылға жаңа модульді фельдшерлік-акушерлік пунктісін салу үшін 0,2 га жер телімі берілді. Алдағы уақытта осы жоспар іске асады деген үміттеміз.            

         2018 жылы ауыл көлемінде құқық бұзушылықтың алдын – алу мен қылмысқа қарсы күрес, сыбайлас – жемқорлық, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрестің аумақтық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жұмыстар атқарылды.

Мерзімдік басылым бойынша 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында 98 пайыз, екінші жарты жылдығында 97 пайызға орындалған болатын. Ал 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында жазылу 80 пайызға орындалды.

Салық бойынша 2018 жылы жер мен мүлік салығы толықтай төленді.  

         2018 жылы жеке және заңды тұлғалардың үндеулері 13, оның 8 жеке тұлғалардан, 5 заңды тұлғадан түскен.

        Ауылдық округ шегінде жер сұрау бойынша 7 өтініш түсті. Олардың барлығы толықтай қанағаттандырылды.

       2018 жылдың қазан айында ауылымызда жаңадан тұйық салынып, 15 жұмыс орындары ашылды. Осыған байланысты, қазіргі таңда Киікті станциясына ресми түрде жүк тасымалдау станция дәрежесі берілді.

         Алайда, атқарылған жұмыстар мен қоса, ауылда шешімін табалмай тұрған мәселелерде аз емес. Атап айтқанда олардың бірі ауылдың электр жүйесі және Ағыбай батыр көшесінің сумен қамтамасыз ету мәселесі болып табылады.

         Бұл мәселелер бойынша 2018 жылдың шілде, қыркүйек айларында ЭЧ-12 мекемесі, «Электржабдықтау» ЖШС-нің өкілдері мен қоғамдық тындау өткізілген. Қоғамдық тындау барысында ауыл тұрғындары ЭЧ-12 мекеме өкіліне тоқ таратқыш құралы (трансформатор) ескі және қазіргі таңда қолданысқа қауіпті екендігі туралы мәселелер көтерді. Жағдайды шешу жолдары жан-жақты қаралып, ЭЧ-12 мекеме өкілінен, ауылдың электр жүйесін аудан әкімдігі иелігіне алу жөнінде ұсыныс түсті. Осы бағытта ЭЧ-12 мекемесіне хат жолданып, олардың тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп, мәселе қаралу барысында екендігі туралы жауабы келді. (Қазіргі таңда бұл мәселе ашық)

       Сондай-ақ Ағыбай батыр көшесінің тоғының кернеуі төмендігі және су ағымының нашарлығы туралы ауыл тұрғындарынан шағым түсті.

Осы мәселелер қаралып, шешімін тапты. Атап айтқанда, ЭЧ-12 мекемесі Ағыбай батыр көшесіне қосымша бір фаза тартып берсе, «Электржабдықтау» ЖШС-гі істен шыққан су құбырларды қайта жөндеп орнатты.

Алда тұрған міндеттердің бірі, ол әлеуметтік нысандардың барлығы теміржолдың бергі жағында болғандықтан, ауылдың батыс бөлігіндегі 40 пайыз тұрғындары темір жолдың бойымен бері қарай жиі өтеді. Кей кездері жүк тасымалдау вагондары тоқтап, жаяу адамдарға өтуге мүмкіндік болмайды.   Сол себепті, көбіне елдер вагондардың астымен өтіп, қауіпті жағдай туғызады.

Бұл мәселе бойынша Қарағанды жүк тасымалдау жол бөлімшесінің директорына көпір салу туралы хат жолданды.

Нәтижесінде ағымдағы жылы үшінші дәрежелі жаяу жүргіншілер жолын салу жоспарланып отырғандығы туралы жауабы келді.  

Алайда, бұл іс-әрекеттері мәселені толыққанды шешетіндігі туралы күмән туғызады. Осыған байланысты, келесі жылы да аталған сұрақты қайта көтеру көзделіп отыр.

Құрметті қауым!

Есепті баяндамамның соңында айтарым, өздеріңіз байқағандай үстіміздегі жылда ауылымызда кең көлемді және жауапты жұмыстар атқаруға тура келеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті Жолдауында айтылғандай әлеуметтік – экономикалық жаңғырту мәселелері барлығымыздың басты міндетіміз. Сондықтан да биылғы 2019 жылы ауыл әкімі мен әкім аппаратының барлық қызметі Сіздердің көмектеріңізге сүйене отырып Елбасымыз бен облыс, аудан басшылықтары алға қойған барлық міндеттерді шешуге, жоспарларды іске асыруға бар күшін жұмылдырып нәтижелі жұмыс атқаратынымызға сенімдімін!!!!


Количество посещений: 546


Наверх