print

НҰРАТАЛДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

Мемлекет басшысының 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» № 190 Жарлығын орындау мақсатында 2018 жылғы атқарылған жұмыстар жайлы есебімді назарларыңызға ұсынамын.

Есептік кездесулерде халықтан түскен ұсыныс, пікірлер:

  1. Қызылқой ауылындағы ескі мәдениет үйін қалпына келтірсе

-         Мәдениет үйі шаруа қожалығының иелігінде. Көп жылдар бос тұрғандықтан апатты жағдайда.

  1. Қазақтелекомға штат беріле ме?

-         Хат жолданып сұраныс жасалған. Штат берілмейтіндігі туралы жауап берілді.

  1. Дәрігерлік амбулаторияға жедел-жәрдем көлігі берілсе.

-         Облыстық денсаулық басқармасына сұраныс берілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты жолдауында Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында біз Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз деп айтып өткен болатын.

Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды. Бұл бастаманы төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге округ көлеміндегі құрылымдар қолдап отырғанын айтып өту керек.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық тұрғыдағы көзқарасы мен тәжірибесі ел өміріне көптеген жемістер мен жеңістер әкелері сөзсіз.

Нұраталды ауылдық округі аудандағы үлкен округтердің біріне жатады, жер көлемі – 102340 га. Ауылдық округі көлемінде 5 елді мекен бар. Барлық отбасы - 400, онда 1900 халық тұрады. Округ бойынша елді мекендерде - 2 орта, 1 негізгі орта, 1 бастауыш мектеп, дәрігерлік амбулатория,   1 ФАП, 78 шаруа қожалықтары, 9 дүкен, 2 асхана, 2 тойхана, 2 жанар-жағармай стансасы, 1 Мәдениет Үйі, 1 ауылдық клуб, 2 кітапхана, 2 намазхана, пошта, АТС мекемелері орналасқан. 2015 жылы Нұраталды ауылында халықтың қаражатына мешіт құрылысы басталып биыл аяқталды құжаттары рәсімделуде.

           Шаруа қожалықтары мен тұрғындардың қосалқы шаруашылықтарында мал басы өсуде . Еңбек өнімділігінің өсу деңгейі, ауылшаруашылық өнімдерін өндіру көлемінің ұлғаюы – мемлекетіміздің жүргізіп отырған аграрлық саясатының дұрыстығын айқындайды.

         Осы тұрғыда ауылдық округі әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін және жоғарғы облыс және аудан әкімдерінің өкімдерін басшылыққа ала отырып, жұртшылық арасында ұйымдастырушылық-бұқаралық жұмыстарын өрістетуде, ауылдың экономикалық дамуы мен әлеуметтік бейнесін ажарландыру бағытында іс-қимыл жасалуда.

         Ауылдық округі әкімінің аппараты негізгі өз жұмыстарын жасалған жылдық, тоқсандық және айлық жоспарлар бойынша жүргізеді.

       2018 жылы елді мекендерде тұрғындармен 7 рет жиналыстар өткізілді, онда өзекті әртүрлі мәселелер қаралды. Атап айтқанда:

  • елді мекендерді сәулеттендіру, көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу туралы;
  • кәсіпкерлермен және шаруа қожалықтарының жетекшілерімен кездесулер;
  • ауыл тұрғындарының жеке меншік малдарын бағуды ұйымдастыру, т.б. ауыл өміріне қатысты өзекті мәселелер қаралды.

       Жиналыста тұрғындар тарапынан айтылған сын – ескертпелермен ұсыныстар бойынша іс-шаралар жасалып, оны орындау мерзімі көрсетіліп, қатаң қадағаланады.

       Ауылдық округінің әкімі, облыс және аудан әкімдігінің «Аудан елді мекендерінде санитарлық тазалық жүргізу ауылды көркейту және көгалдандыру жөніндегі көктемгі және күзгі тазалық айлықтарын өткізу туралы» қаулыларын басшылыққа алып, оны орындауда ауылдық округі бойынша тазалық жүргізу жайында айлық жарияланып, ауылды көркейту және көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде тиісті іс-шаралар белгіленіп жұмыстар жасалды. Елді мекендерді санитарлық тазарту мен көркейту және көгалдандыру жөнінде штаб құрылып, әр елді мекендерге жауапты бір адамнан бекітіліп, іс-шаралар белгіленіп, әр бейсенбі күні тазалық күні болып жарияланды.

Биыл тұрғындармен тазалық сақтау жайында 374 келісім –шарттар жасалып, таратылды. Атап айтқанда, 4500 тоннадай күл-қоқыс сыртқа тасылып шығарылды.

Шопа ауылына баратын жанама жолдың бұзылған жерлері қалпына келтіріліп түзету жұмыстары жүргізілді, ауылға кіреберіс өткелге қосымша су ағар трубалар салынды.

        2018 жылдың аяғында Нұраталды және Шопа ауылдарына балалар ойын алаңы салынды.        

       Ауылымыздың тұрғындарын электр жарығымен қамтамасыз етуде біраз жұмыстар атқарылуда. Осы жүйеде «Шет-энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты 2 адам жұмыс істейді. Ауылдық округі тұрғындары электр жарығымен толық қамтамасыз етілген, электр қуатына тұрғындардың ақы төлеуі дұрыс жолға қойылған. Бірақта ауыл ішіне бөлімшелерге тартылған электр бағандары желілері ескірген күрделі жөндеу жұмыстарын талап етеді. Қатты жел боранды күндері жарық жиі сөніп тұрғындар тарапынан шағымдар көп болады. Оның үстіне электр желісі Ақшоқы, Талды арқылы келеді, боран-шашын уақытында электр жарығынан біз жиі ағытылып қаламыз.

Сонымен қатар, мерзімді баспасөзге жазылу жұмыстары ұйымдастырылып толықтай аяқталды. АТС қондырғысы сандық байланыс жүйесі арқылы қазіргі уақытта 305 телефон нүктелері жұмыс істеп тұр.

Бүгіндері округ аумағындағы шаруа қожалықтарында және тұрғындардың меншігінде – 3200 бас ірі қара, 4000 қой-ешкі, 1972 бас жылқы, 2900 астам құс бар.

           Округ бойынша 5 шаруа қожалық 3220 га жерге егін оның ішінде     2000 га бидай, 1220 га арпа, майлы дақылдар(сафлор)-500га, көп жылдық шөп-250га, екпе шөп-250га , бір жылдық шөп (суданка)- 880га. Мал азығына дайындалған шөп көлемі- 18000 тонна.  Жалпы ауыл тұрғындары 5 га жерге картоп салып, толықтай өнімін алды. Қолданылмай жатқан егістік жерлерді аудандық жер қорына қайтару жұмыстары жүргізілді. 10 шаруа қожалығынан 1850 гектарға жуық жер қайтарылды.

Еттік бағыттағы мал басын асылдандыру мақсатында шаруа қожалықтары 2 млн. 220 мың теңге субсидия алды (Кенжебай, Ұлан, Мерей, Игілік, Ақниет).

           Жыл сайын мал басының өсуі халықтың өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз етудегі игі шаралардың бірі болып саналады және жұмыссыздықты азайта түсуде.

Мал дәрігерлері көлікпен қамтамасыз етілген. Бүгінде 2 мал дәрігері   1 ветфельдшер халыққа қызмет көрсетуде.

         Мал бастарының өсуіне байланысты ветеринарлық-профилактикалық іс-шаралар жүргізуге мемлекеттен біраз қаржы бөлінуде. Өткен жылы сібір жарасына   2900 бас ірі-қара, 4000 бас ұсақ мал, 1850 жылқы егілді. Қарасанға (эмкар) 1350 бас ІҚМ егілді. Туберкулез ауруына 2600 бас тексеруден өткізілді. Бруцеллез ауруына     2900 бас екі рет тексеруден өткізілді, оның ішінде оң нәтиже берген 49 бас ірі қара мал уақытында жойылды. Ауруға шыққан аулалардың қораларына дезинфекция жасалды. 100 бас жылқыға суық таңба салынды, 2018 жылғы төлдер толығымен сырғаланып компьютерлік базаға еңгізілді. 27 ит атылып жойылды. Қызылқой ауылында мал сою алаңы халыққа қызмет көрсетуде.

           Ауылдық округінің әкімдігі күнделікті өз жұмыстарын өзекті мәселелерге, оның ішінде халықтың әлеуметтік жағдайына, тұрмыс деңгейі төмен адамдармен жұмыссыздарға қамқорлық жасау мәселесін басты назарда ұстанады.

Округте аз қамтылған отбасылар саны былтырғы жылға қарағанда біршама азайды. Қазіргі уақытта 7 жанұя АӘК алып отыр.

        Аз қамтылған отбасыларына шаруа қожалықтарынан әрдайым көмек көрсетілуде.

Халықты жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес жұмыссыздармен біраз    жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аудандық жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда 13 адам тіркелген. Оның он бірі қоғамдық жұмысқа тартылды, 4 адам бюджеттік мекемелердегі бос орындарға жұмысқа орналастырылды.  

         2018 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша «Бастау Бизнес» аясында 7 округ тұрғыны оқып үшеуі Ауыл шаруашылығын қолдау қорынан 9 млн. мың теңге несие алып мал сатып алып шаруашылықтарын дамытуда, 4 адам несие алуға құжаттарын әзірлеу үстінде және жас кәсіпкер Олжатай Сая 2017 жылы облыс әкімінің 3 млн. теңгелік грантына ие болып 2018 жылы Қызылқой ауылында өз кәсібін (наубайхана) ашып үш адамды жұмыспен қамтып жұмысын жүргізуде.

         Округ бойынша барлық мектептерде 300-ге жуық оқушы білім алып, 90 мұғалім білім беруде. Компьютермен 4 мектеп жабдықталып, 4-і интернетке қосылған.

Қысқы мерзімге барлық мектептерге жеткілікті көмір түсіріліп, бүгінгі күнде жылу жүйесі қалыпты жағдайда.

         Үш елді мекеннің оқушыларын тегін тасымалдауға жергілікті бюджеттен 2 млн. 147 мың теңге бөлінді. Осы елді мекендерден 20 оқушы тасымалданады.

           Нұраталды орта мектебіндегі және Ақсу негізгі мектебінің жанында   3-5 жасар аралығында ұзартылған шағын орталықтары жұмыс істеп тұр. Нұраталды орта мектебіндегі ұзартылған шағын орталығында 35 бала, Ақсу негізгі мектебіндегі шағын орталынында 13 бала.

           Нұраталды орта мектебінде көп балалы және аз қамтылған отбасыларының балаларына тегін бір мезгілдік ыстық тамақ беру ұйымдастырылған, 35 бала тамақтанады.

         Халыққа дәрігерлік амбулатория медициналық қызмет көрсетуде, 1 ФАП талап деңгейде жұмыс істеуде. Штат бойынша 12 адам қызмет атқарады.

         Елбасының шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту тапсырысын орындау жүйелі түрде жүзеге асуда. Бүгінде округ көлемінде жол бойында   2 асхана, 2 жанар-жағар май стансасы, елді мекендерде 2 тойхана, 9 азық -түлік дүкені орналасқан.

        Жеке кәсіпкерлікте 76 адам жұмыс істейді.

       Құқық қорғау мәселесіне келсек, өткен жылы қылмыстың алдын алу профилактикалық жұмыстарға үлкен мән берілді.

2018 жылы 6 қылмыстық іс тіркелді. Оның үшеуі ашылды. Үш іс жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

       - Әр түрлі баптармен әкімшілік хаттама толтырылып жалпы 90 тұлға жауапқа тартылды.

-         Жыл бойы 3 адам әр түрлі санатта профилактикалық есепке қойылып жұмыс жүргізілді.

-         Қылмыстың алды алу мақсатында және жас өспірімдердің құқықтарын қорғау жайында 5 рет кездесулер өткізілді.

-         Жалпы салынған айыппұл көлемі 340000 (үш жүз қырық мың) теңге құрады.

Округ көлемінде әр мереке күндері аталып, мәдени іс-шаралар халыққа ұсынылады.

Ауыл жастары әрдайым аудандық, облыстық спорт ойындарына қатысып жүлделі орындарға ие болуда.

         Ауылдық округі әкімінің аппараты өз жұмыстарын тұрғындармен бірлесе отырып жүргізуді үнемі қолға алып келеді.

         Бұл салада ауылдық округі жанындағы қоғамдық ұйымдар, ардагерлер кеңесі мен отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия мүшелері және көше өкілдері тарапынан атқарылған біршама жұмыстарға өз үлестерін қосқанын атап өтуіміз керек.

         Ауыл округі азаматтардың жазбаша-ауызша өтініштерін қаралып, олардың орындалуы үнемі қадағалануда.

           2018 жылы түскен өтініштердің саны – 19 дана: жеке тұлғалардан түскен өтініштердің барлығы – 16 дана, оның ішінде жазбаша - 12 дана, ауызша - 4 дана. Заңды тұлғалардан түскен - 3 дана. түскен 2 өтініш тіркеліп орындалды. Берілген анықтамалар -190.

Жергілікті бюджеттің қаражаты бәріне жете бермейді. Ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеруі жергілікті шаруашылықтар мен жеке кәсіпкерлер ат салысу керектігін түсінулері керек.

Құрметті қауым!

         Округімізде көркейуге деген ұмтылыс анық. Осы жетістіктер Елбасының салиқалы саясаты мен жергілікті азаматтардың алға қойған мақсаттары және еңбектерінің нәтижесі. Бұның бәрі тұрғындардың талап-тілегі, шынайы жаңашырлық. Ауылдың дамуына, халықтың әлеуметтік жағдайына жаңа көзқарастың орныққаны анық. Біз оны іске асыру жолында аянбай еңбек ете беретін боламыз.


Количество посещений: 861


Наверх