print

С.СЕЙФУЛЛИН КЕНТІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

Кент тұрғындарының саны барлығы 3349 адам, оның ішінде 87 пайызы қазақтар, қалған 13 пайызы 22 ұлт өкілі.

Кентте зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы алатындар саны –   525

оның ішінде   жасына байланысты зейнеткерлер – 393

І топтағы   мүгедектер   саны – 7

ІІ топтағы мүгедектер саны – 50

ІІІ топтағы мүгедектер саны – 35

асыраушысынан айрылған отбасы – 34

Бейбіт уақытта кеңес әскері қатарында мүгедек болып қалғандар – 2

Ауған соғысына қатысқандар   – 3

Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқандар   – 1

Алтын, Күміс алқалы аналар – 74

бала жасынан мүгедек балалар –   17

мектеп   жасындағы   балалар саны – 708

мектепке дейінгі балалар саны – 382

4 және одан да көп баласы бар аналар саны – 188

 

      Демографиялық жағдай

2017 жылы жаңадан дүниеге келген балалар саны - 54 болса, 2018 жылы 48 бала дүниеге келген.

2017 жылы қайтыс болғандардың саны - 26 болса, 2018 жылы – 23 адам дүниеден озған.

2017 жылы 11 отбасы-46 адам көшіп кеткен болса, 2018 жылы 6 отбасы- 31 адам қоныс аударған.

2017 жылы 12 отбасы-50 адам көшіп келген болса, 2018 жылы 7 отбасы-33 адам көшіп келген.

 

         Әлеуметтік сала

         2017 жылы атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысын алушылар саны –4 отбасы, барлығы 20 адам алған болса, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа нысанадағы атаулы әлеуметтік көмек енгізілген болатын. Осы көмекті алушылар саны барлығы 13 отбасы, 63 адам. Оның ішінде шартты түрде көмек алып отырғандар 9 отбасы 44 адам. Шартсыз көмек 3 отбасы, 19 адам алып отырды.      

   Елбасы тапсырмасына орай елімізде «Цифрлы Қазақстан» жобасын жүзеге асыру қарқынды түрде қолға алынды. Қазір бағдарламаға байланысты төрт негізгі бағыт бар: біріншісі – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру, екіншісі – барлық салада цифрлы технологияны енгізу, үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру болса, төртіншісі – IT мамандарды даярлау.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының «Е-халық» ақпараттық жүйесі - ауылдық округтер әкімдерінің шаруашылықтар бойынша кітабының электрондық нұсқасы. Ол халықтың саны мен құрамын ескеру, ауыл бюджетін қалыптастыру және шығыстарды жоспарлау үшін пайдаланылатын болады. Аталған ақпараттық жүйе ауылдық округ деңгейінде жұмыссыз, өзін жұмыспен қамтыған, аз қамтылған жандар және жалдамалы жұмыскерлер есебін жүйелендіруге; еңбек ресурстарының қорын шоғырландыруға; халықтың нысаналы топтары бойынша жұмыспен қамтудың нақты шараларын айқындауға; ішкі еңбек көшін анықтауға; өзін өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтар қатарын реттеуге; әр отбасындағы жеке қосалқы шаруашылықтар жайлы деректерді дұрыстауға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ бұл ақпараттық жүйелерді қолданысқа енгізу арқылы, азаматтар ауылдық әкімдікте жұмыссыз ретінде тіркеліп, қандай мемлекеттік қолдау түрлеріне ие бола алатындарын жан-жақты біле алады.

Жұмыссыздар тіркеуіне тұруға өтініш жасаған барлығы 167 адам,   оның ішінде жұмыссыздар саны-56, жұмысқа орналасқаны- 25, жастар практикасына қатысқандар -1. Қазіргі уақытта аудандық жұмыспен қамту бөлімінде 39 жұмыссыз тіркеуде тұр.

Кент бойынша 2018 жылдың 1 қазан бастап спорт кешені жұмысын бастады, жұмыссыздар арасынан 6 адам жұмыспен қамтылды.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» бірінші бағыты шеңберінде     «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқытуды «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 2 азамат оқып сертификат алды. Оқу барысында әрқайсына 16750 теңге көлемінде шәкіртақы төленді. Кәсіпкерлікті ынталандыру жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған бағдарламаның екінші бағыты бойынша мал шаруашылығымен айналысуға кент тұрғыны Акеев Тлеубай 4 млн. теңге, Ахметов Жақсылық 10 млн.теңге несие алып, мал өсіру шаруашылығымен айналысуда.  

Кәсіпкерлік сала

   2017 жылы кентте 72 кәсіпкер тіркелген болса, 2018 жылы 25 кәсіпкер тіркеліп, кент бойынша 97 кәсіпкер халыққа қызмет көрсетіп отыр. Кәсіпкерлік саласында 235 адам жұмыс істейді.

     Бүгінгі таңда өз ісін ашып, кәсіпкерлікпен айналысам дегендерге жол ашық. Мемлекет тарапынан көптеген көмек көрсетіліп жатыр. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар аз емес.

   Кәсіпкерлерге кәсіби көмек көрсету мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ - ның Шет аудандық филиалы кәсіпкерлікті қолдау орталығы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы құрылып, кеңесшілер жұмыс атқаруда. Бұл ұйымдардың жұмыстары мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндіру, қандай несие түрлері бар екенін жеткізіп, бағыт-бағдар беру, бизнес жоспарлар әзірлеуге, кәсіпкерлерді алаңдатып отырған қиындықтарды шешуге жәрдемдесу болып табылады.

   Жыл басында бірінші кезектегі азық-түлік тауарларын сататын 20 дүкен иелерімен бағаны тұрақтандыру мақсатында облыс орталығынан жеткізілетін азық-түлік түрлеріне 10-15% көлемінде үстемақы қосып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін екі жақты меморандум жасалған, апта сайын мониторинг жүргізіледі.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, келесі 2019 жылы кент көлемінде ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, өз ісін ашып кәсіпкерлікпен айналысатындар саны арта түседі деп күтеміз.

Кентте салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бос уақытын қамту сияқты мәдени іс-шараларды өткізуге кент кәсіпкерлерінің тигізіп жатқан үлесі өте зор екендігін айта кеткен жөн.

Білім беру саласы

Жарық жалпы орта білім беру мектебінде барлығы 600 оқушы білім алады. Осы 600 оқушыға білім беруші мектепте 85 мұғалім еңбек етуде.

Жарық жалпы орта білім беру мектебінде 25 балаға арналған шағын орталық жұмыс істеп тұр. Шағын орталық ойыншықтар, төсек –жабдықтармен, керекті құралдармен қамтамасыз етілген.

2018 жылы Жарық орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу мақсатында 124 миллион теңге қаржы бөлініп, шатыр,қасбеті, есіктері, жылу-электр жүйелері жаңартылып, мектептің іші толық жөнделді.

Кентімізде орналасқан 50 орындық «Балдәурен» бөбекжайы жұмыс істейді. Бөбекжайға 2 жастан бастап бүлдіршіндер қабылданады. «Балдәурен» бөбекжайы 2 топтан құралған, барлығы 25 адам қызмет атқарып, бүлдіршіндер тәрбиесімен айналысуда. «Балдәурен» бөбекжайы қазіргі заман талаптарына сай жабдықталған, балалардың ой өрісінің дұрыс дамуына, демалуына, тамақтануына жағдай жасалған. 2017 жылдың жаз айларында ғимараты ағымдағы жөндеуден өткізіліп, электр жүйесі толық ауыстырылды.

Алдағы уақытта кент бүлдіршіндерінің басым бөлігін мектепке дейінгі дайындықпен қамту мақсатында кент орталығынан тағы бір балабақша ашу жоспарда бар. Осы бағытта біршама жұмыстар жасалып, тиімді жолдары қарастырылуда.

Денсаулық сақтау саласы

Кентте 2015-2016 жылдары жаңадан Дәрігерлік амбулатория ғимаратын салу жұмыстары жүргізіліп, 2017 жылы қолданысқа берілген болатын. Аталған ғимарат материялдық-техникалық базамен жабдықталып, электр тоғы, су мен жылу жүйесі жүргізілген. Жаңадан салынған дәрігерлік амбулаторияның аумағы қоршалып, алдына асфальт төселіп, жан жағына ағаштар мен гүлзарлар отырғызылды. Көпшіліктің сұрауымен 2018 жылы ішіне рентген аппараты орнатылды.

Кенттегі дәрігерлік амбулатория жақын жерде орналасқан елді мекендер Үңірек, Құттыбай, Қармыс, Тұмсық тұрғындары – барлығы 4605 адамға қызмет көрсетіп отыр.

Дәрігерлік амбулаторияда жұмыс істейтіндер саны – 24.

3 дәрігер қызмет көрсетеді: 2 терапевт, 1 тіс дәрігері.

14 медбикелер: 1 акушер, 1 Ренген-лаборант, 1 лаборант, 1 физиокабинет, 8 учаскелік мед.бикелер және 2 санитар жұмыс атқаруда.

Құқық қорғау саласы

Кент бойынша құқық бұзушылықтың алдын-алу кең ауқымды және тиімді жүйесін қалыптастыру, қылмысқа қарсы күресті нығайту, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін тиімді қорғау, қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті жағдайын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын-алу кент полиция бөлімшесінің міндетінде.

Шет ауданының ІІБ-нін кенттік полиция бөлімшесімен 2018 жылы ҚР ІІМ-нің, Қарағанды облысының ІІД-нің және аудандық ІІБ-нің бұйрықтары мен нұсқаулары және шешімдерді орындау бағытында ұйымдастырушылық іс-шаралар жүргізіп, кент аумағындағы криминогендік ахуалдың түзелуіне, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуда және заңдылықты сақтауда біршама жұмыстар жүргізілді.

         Осы жұмыстардың нәтижесінде кент көлемінде ауыр, аса ауыр қылмыс түрлері және қоғамдық орындар мен мас күйінде жасалған қылмыстар орын алған жоқ.

       Кент полиция бөлімінің есепке алу кітабына кентте орын алған 48 құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарламалар тіркелген. Оның ішінде 10 жайт сотқа дейіңгі тергеу – тексерудің біріңғай тізіміне тіркеліп, іс қозғалған, оның 3-і қысқартылып, 6 жайт бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. 12 жайт бойынша тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданған, 18 хабарлама анықталмаған жайттар номенклатуралық ісіне біріктірілген және 2 жайт ведомствалық құзыреттігіне қарай басқа органдарға жолданған.

   Кент көлемінде жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, оларға қатысты қылмыстарды болдырмау, діни теріс ағымдардан сақтауға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

       Құқық бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу және оларды дер кезінде ашуға әр тұрғын атсалысу керек. Дер кезінде хабарлап, көз жұма қарамау қажетдеп есептеймін.

      Санитарлық тазалық мәселелері

   Жыл басынан кенттің тазалығын сақтауға, көркейтуге бағытталған бір шама жұмыстар атқарылып, санитарлық тазалау, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары өз деңгейінде жүрді. Осы орайда кенттегі иесіз бұзылған үйлердің, ғимараттардың орнында қалған күл-қоқыстар алынды,көшелерде тазалау жұмыстары жүргізілді, кент көшелерінде орнатылған билбордтардың баннерлары жаңа жолдаудың тақырыбына сай жаңартылды. Кент көлемінде өткізілген сенбіліктерде кентте орналасқан мекемелер, тұрғындар және қоғамдық жұмысқа тартылғандар белсене қатысып, арнайы техникалар көмегімен кент көшелері, саябақ, кенттің сыртқы алқаптары тазаланды. Жыл бойы кент көлемінде 2 облыстық, 1 аудандық және жергілікті сенбіліктер мен «Таза бейсенбі» жұмыстары өткізілді.

   Жеке тұрғындардың үйлерінің маңындағы күл-қоқыс үйінділерін шығаруға «Адал Бірлестік 2017» АӨК мекемесінен 1 тиегіш, 1 жүк тасыйтын тіркемесі бар трактор көліктері тұрғындар есебінен қызмет көрсетті.

   Кентті көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізу барысында біршама іс-шаралар атқарылды.

       2018 жылы кенттің ішкі жолдарын ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізуге 45 млн. теңге қаражат бөлініп, Т.Әубәкіров-Бейбітшілік көшелерінің қиылысынан бастап теміржол переездіне дейінгі аралықтағы 1600 метр автокөлік жолы күрделі жөндеуден өткізілді.

   Осы атқарылған жұмыстар кенттің реңін келтіріп, кент көшелерінің ерекше сәнін келтірді. Ауылымыздың тазалығын бірінші кезекке қойып таза ұстау бәріміздің ортақ міндетіміз.

      Коммуналдық қызмет саласы

     Кент көлемінде 2018-2019 жылғы қысқы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп, ағымды жөндеуден өткізіліп, қажетті көлемде көмір түсірілді. Кент бойынша өміршең маңызы бар нысандар қысқы маусымға дайындалды. Атап айтқанда «Электржабдықтау» ЖШС-гі элект тоғының желілерін тексеріп, осал жерлерін ағымдағы жөндеуден өткізілді. Халықты тоқпен, сумен қамтамасыз ету жұмыстары өз мәнінде деп айтқан дұрыс шығар деп ойлаймын. Себебі тоқ үзіліссіз беріледі. Халықтын пайдаланған электр энергиясына деген төлемдер уақытында төленіп отырады. Кентіміздің көшелерінде 103 түнгі жарық нүктелері қызмет атқарып тұр, оның 59 данасы диодтық(светодиодный) жарық шамдары.

   Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі жыл санап жақсарып келеді.

     2018 жылдың көктем мезгілінен бастап «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша кентті ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 1 млрд 200 млн. қаражатқа, жұмыс кестесіне сәйкес 3 жылға бөлініп жаңадан су құбырларын тарту жұмыстар жүргізіліп бастады. Осы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу нәтижесінде жеңімпаз болып танылған АСПАП өндірістік кооперативі жүзеге асыруда.

Халыққа қызмет көрсету саласы

Халыққа қызмет көрсететін пошта мен байланыс жүйесіне тоқталмай болмайды. Халықтың сұранысын дер кезінде орындау үшін әкімшілікпен бірге қызмет атқару мәселесі де өз шешімін табуда.

Поштада екі пошташы қызмет көрсетеді. Кент бойынша мерзімдік баспасөзге жазылу жүргізіліп, ауданнан берілген тапсырыс толық орындалды. Газет-журналдарды дер кезінде барлық мекемелерге жеткізіп береді. Қазпошта мекемесі баспасөз құралдарын тасымалдаумен ғана шектелмей, банктік қызметті де атқарып отыр. Әр түрлі кассалық операциялар мен төлемдер қабылдау, сонымен қатар қазіргі кезде осы мекеме арқылы «Хоум Кредит» және «Альфа» банктерінен несие алу жүйесі іске қосылған. Қаржылық іс әрекеттерді және хат-хабар мен заттай сәлемдемелерді жеткізу қызметінде жаңа бағдарламалар енгізіліп, жұмыстары солар арқылы жүргізіледі, «Қазпочта» АҚ –ы арқылы өздері орналасқан ғимаратта «Касса 24» терминалы және кент орталығында орналасқан «АлтынНұр» дүкенінде банкомат орнатылып, халыққа қызмет көрсетуде. Алайда тұтынушыларға қыйындық туғызатыны банкаматта ақшаның жиі таусылып, кей кездерде жұмыс істемей қалатындығы. Бүгінгі күнде осы мәселенің шешімін табуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп, жолдары қарастырылуда.

Байланыс жұмысы қанағаттанарлық дәрежеде деп айтуға болады. Кентте сандық SI-2000 автоматтық телефон станциясы пайдаланылуда. 608 нөмір жабдықталған, оның 586-сы халыққа қызмет көрсетуде. «Қазақтелеком» АҚ-ның интернет жүйесі мен «АЙ-ДИ ТВ» сандық телеарнасының қызметі сапалы және жоғары жылдамдықта жұмыс істеуі үшін 189 абоненттің желілік сымдары және 72 жаңа бағаналар әр көшелерге орнатылды. 2018 жылы кент тұрғындарына 64 телефон, 57 интернет, 51 АЙ-ДИ ТВ қосылды. Кентіміз 1600 номерлі СDMA спутниктік сандық телефон станциясымен жабдықталған оның 1300 номері кентке жақын орналасқан елдімекендерді байланыспен қамтамасыз етіп тұр.

Кентімізде орналасқан Телемұнара арқылы кент және жақын жерде орналасқан елді мекендерге «Қазтелерадио» АҚ-ның «ОТАУ-ТВ» ұлттық желісі арқылы сандық спутникалық телерадиоарналар қосуды жүзеге асырылуда.

   Кентіміздегі 35 мекеменің ішінен 21 мекеме « Қазақстан теміржолы » АҚ–на қарасты, теміржол құрылымдарда 488 адам жұмыс атқарады, кент халқының еңбекке қабілеттілердің ішінен 22 пайызы еңбек етуде.

Әкімшілік пен теміржол кәсіпорын басшылары арасында байланыс ойдағыдай. Ортақ мәселерді біріге отырып шешудеміз.

   Кент әкімі аппаратында іс-қағаздардың жүргізу жұмыстары кент әкімімен бекітілген аудандық мұрағатпен келісілген істер номенклатурасы бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар кіріс-шығыс құжаттары электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы тіркеліп жүргізіледі.

   2018 жылы кент әкімі аппаратының ғимаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орнатылып қазіргі заманға сай техникамен қамтамасыз етіліп тұр. Кент тұрғындары электрондық-цифрлық қолтанба арқылы онлайн режимінде е-gov порталы арқылы қажетті анықтамаларын алуға, жеке кабинеті арқылы мемлекеттік органдарға өтініштерін жазуға мүмкіндіктері бар.

       Кент әкімі аппаратында іс-қағаздардың жүргізу жұмыстары кент әкімімен бекітілген аудандық мұрағатпен келісілген істер номенклатурасы бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар кіріс-шығыс құжаттары электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы тіркеліп жүргізіледі.

   2018 жылы кент әкімі аппаратында барлық құжат айналымының жалпы көлемі –1771 құжат. Келіп түскен құжаттар – 1141, шығыс құжаттар саны -630.

     Қабылданған өкімдер саны -86.

     Келіп түскен және сырт жерлерге жіберілген құжаттар, өкімдер, өтініш-шағымдар арнайы тіркеу журналында тіркеледі.

     Жеке тұлғалардан түскен өтініштер саны 32 бұл өтініштер жер беру, несие алуға ұсыныс беру, жұмысқа орналасу сұрақтарын қамтиды, отбасы құрамы туралы берілген анықтамалар 680 дана.

   Заңды тұлғалардан түскен өтініштер саны 6. Бұл өтініш мекемелерге қызмет көрсету үшін жер учаскесін жалға рәсімдеу туралы.

     Өтініштер уақытылы қаралып, жауаптар берілген.

     Келіп түскен өтініштердің тіркелуіне, Заңды белгіленген мерзімде жауап берілуіне Шет аудандық прокуратурасы тексеріс жүргізіп отырады. Кент әкімдігінде жұмыстар заң талаптарына сай жүргізіліп, іс қағаздары негізінен мемлекеттік тілде рәсімделіп, ресми бланкілерде толтырылады.

Мәдениет саласы

2018 жылы кент көлемінде көптеген мәдени шаралар өткізілді. Атап айтсақ «Халықаралық Әйелдер күні», «Наурыз мерекесі», «Қазақстан халқының бірлігі күні», «Жеңіс күні», «Балаларды қорғау күні», «Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі», «Қазақстан Республикасы Конституциясы күні», «Тұңғыш Президент күні», «Тәуелсіздік күні» және «Жаңа жыл» мерекелері аталып өтті. Мерекелердің кең көлемде аталып өтуіне барлық кент мекемелері белсене атсалысып, өз үлестерін қосты. Осындай ауыз бірліктің арқасында «Наурыз мерекесі», «Жеңіс күні», «Балаларды қорғау күні», «Қарттар күні» және тағы басқа да мемлекеттік мерекелер, мәдени көпшілік іс-шаралар өз мәнінде аталып өтуде.

   Кенттегі кітапханаға тоқтала кетсек, жалпы кітап қоры 9437 дананы құрайды. Компьютер, интернет және байланыс нүктесімен жабдықталған.

Спорт саласы

Бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын іске асыру жөнінде Елбасының Қазақстан халқына жолдауындағы тапсырмаларын және Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы » Заңын орындау мақсатында 2018 жылы бірқатар жұмыстар атқарылды.

Аудан, облыс көлемінде өткен жарыстарға кентіміздің спортшылары қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Кентіміздің шағын футбол алаңында бірнеше жарыс өткізілді. Ол жарыстарға тек кент командалары ғана емес, басқа да елді мекендерден командалар қатысып, тартымды ойындар көрсетті. Футболшыларымыз көптеген аудандық жарыстарда да жүлделі орындарға ие болып жүр.

Кентіміздің спортшылары спорттың басқа да түрлерінен жақсы нәтиже көрсетуде. Атап айтсақ кенттің волейбол командасы талай жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр. Оның себебі 16- желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай жеке кәсіпкерлер Шырымбеков Манат пен Жолшоринов Ғазиздың демеушілігімен аудан көлемінде волейбол жарысы жыл сайын өткізілуде. Бұл жарыс 18 жыл қатарынан үзбей өткізіліп келеді. Қазіргі кезде бұл жарыс кеңінен таралып, облыс көлеміндегі елді мекендерден командалар қатысып жүр. Осы жарыстың арқасында кент командалары тәжірибе алып, біліктіліктерін арттыруда.

   2017 жылы басталған Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы 2018 жылы толықтай аяқталып, жабдықталып Тәуелсіздік күні қарсаңында қолданысқа тапсырылды. Жаңадан бой көткрген бұл ғимаратта спорттың бірнеше түрі волейбол, баскетбол, футбол, күрес, бокс және үстел ойындарымен қатар, шынығу –жаттығу жүргізуге жағдай жасалған. Сонымен қатар жазғы уақытта спортпен шұғылдану үшін шағын футбол, волейбол, баскетбол, үлкен тенис және жугіру алаңдары да бар.

«Спорт– денсаулық кепілі» демекші С.Сейфуллин кент тұрғындары 2018 жылы өткен жарыстарда белсенділік танытты. Келешекте осындай іс-шаралар әр жыл сайын өз деңгейінде өтіп, көптеген жақсы нәтижелер көрсетеміз деген сенімдеміз.    

Мал   шаруашылығы

Халықтың негізгі күнкөріс көзі мал. Мал бағу мәселесі ұйымдастырылып жолға қойылған. Тұрғындармен жиындар өткізіліп, мал иелері мен мал бағушылар арасында келісім-шарттар жасалып, 1 данасы әкімшілікте сақталады.

   Қазір кент бойынша 8347 мал басы бар, оның ішінде:

       Ірі қара- 1825 бас

       Қой, ешкі- 5253бас

       Жылқы- 1269 бас

       4169 құс бар деген мәлімет бар.

Мал ауруларының алдын алу, болдырмау және мал өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Аудандық Ветстанция арқылы тиісті профилактикалық жұмыстар атқарылды. Қазіргі уақытта кентімізде 1 мал дәрігері мен 1 фельдшер халыққа қызмет көрсетуде. Осының нәтижесінде кент бойынша бруцеллез ауруына оң нәтиже берген 80 бас ірі қара мал анықталып, олар белгіненген тәртіппен оқшауланып, жойылды. Бруцеллез ауруына оң нәтиже берген ірі қаралар тұрған 40 ауланың қоражайларды тұрғындар есебінен дезинфекциядан өткізу жұмыстары жүргізілді. Кентте жұқпалы мал ауруларының алдын алу, оларға тосқауыл қою және аурудың таралуына бөгет жасау мақсатында алдын алу шаралары жүргізіп, мал бастары вакцинацияланып, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кентке сырттан мал бастары мен етін тасымалдау үнемі қадағалануда.

Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде кент бойынша жұқпалы мал ауруына шалдыққандар болған жоқ. Кент көлемінде жануарлардан жұғатын аурулардың таралуына тосқауыл қою, санитарлық тазалықты сақтау және кент көшелерінде бұралқы иттер мен мысықтардан туындайтын қауіпті болдырмау мақсатында пневматикалық қарумен кент көшелеріндегі бұралқы ит мысықтарды дәрімен атып, аулап- жою жұмыстары жүргізілді. Жыл бойы жалпы ауланып-жойылған бұралқы ит саны 40 бас.

2018 жылы мал бастарын есепке алу, қозғалысын қадағалау, ет өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал ұрлығының алдын алу мақсатында жылқы, ірі қара мен қой-ешкі малдарын бірдейлендіру жұмыстары жүргізілді. Осы жұмыстар әлі де жалғасуда.

Құрметті жерлестер!

Елбасы: «Біздің ең басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру. Бізде ол үшін мүмкіншілік те, ресурс та, білімді адамдар да, берекелі халық та бар», - екенін атап өтті.

Елбасымыздың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына кезекті жолдауында әлемдік дағдарыс жағдайында біздің елдің қолданатын іс-әрекеттері туралы айтылды. Сөз басында әлемде қалыптасқан қазіргі ахуал Экономикасы дамыған алпауыт елдердің өзін тығырыққа тіреп тұрғанын тілге тиек етті. Сондықтан Президент осындай қиын-қыстау кезеңде бірлік пен ынтымақтың маңызы аса жоғары екенін айрықша атап өтті.

«Біздің дағдарысқа қарсы жүйеміз үш қарапайым түсінікпен бірдей. Олар: өсу, реформалар және даму»,-деді Елбасы.

«Бірінші ол — өсу. Бұл ең алдымен экономикалық өсу болып табылады. Осы тапсырмаға сәйкес, Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына келтіру үшін экономикалық өсуді қалпына келтіру керек»,- деді.

Екінші түсінік — реформалар. Бұлар, Президенттің айтуы бойынша, қоғам мен мемлекетіміздің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

«Біз қазір «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асырудамыз. Олар маштабы жөнінен біз 90 жылдары басымыздан кешірген үлкен реформалармен сәйкес келеді»,- деді Елбасы өз сөзінде.

Үшінші түсінік -даму. Мемлекет басшысы 21 ғасырда, дамудың негізгі факторы қоғамның барлық салаларын үздіксіз жаңғырту болып табылады деп түсіндірді.

Сонымен қатар 2018 жылы жарық көрген Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Ұлы даланың тарихымен таныстырып, руханиятты сақтауға арналған алты жоба ұсынылып отыр.

«Мәдени мұра» – ақтаңдақтарды қалпына келтіріп, өшкенімізді жандырса, «Рухани жаңғыру» – ұлт тарихын таныстыратын даңғыл болды. Ал «Ұлы даланың жеті қыры» – ұрпақтар мақтанатын, арғы тектерін әлемге батыл әрі айқын насихаттайтын төлқұжат болмақ.

Енді осы мақаланы алға ұстай отырып, Қазақстан тарихын тереңдетіп қайта жазуға болады. Егемен ел болып, ес жиғалы ғана өткенімізді түгендеп, тегімізді танып келеміз. Енді Мемлекет басшысы айтқандай: «тарихи сананы жаңғыртып, көтерілген мәселелерді ой елегінен өткізіп, терең зерделеу қажет». Әлемнің бүкіл архивтеріндегі өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатқан шындықтарға із салу керек. Соған жол бастайтын «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасы болмақ. Мақаланың алғашқы жеті тарауында бабаларымыздың өз заманында жеткен жетістіктері мен технологиялық жаңалықтарын жіліктеп түсіндіріп саналы ұрпағына ұқтырып отыр. Ең аяғы, Сиверс алмасы мен Регель қызғалдағының тарихи Отаны Қазақстан екенін дәлелдейді. Қазақ халқының өмір сүру дағдысы, тұрмысы, салт-дәстүрі жайлы білу, оны сақтап кейінгіге үйрету ұрпақтарының парызы. Ашқан жаңалықтарын, жеткен жетістіктерін кейінгіге аманаттап кетеді. Сол аманатты Елбасымыз Түркі әлемінің бесігі – Тәуелсіз Қазақстанның жастарына «Жастар жылын» жариялай отырып, шыққан тектерімен таныстырған мақала жолдап отыр Ал осыны оқыған ұрпақ төл тарихын білуге ұмтылып, тарихи санасы Ең негізгісі Ұлы даланың жеті қырымен таныса отырып, арғы тегімізді түгендеп, тарихымызды жаңғыртып, келер ұрпақ мақтанып айта жүретіндей жобалар қолға алынады.

 Біз осы мақсатқа жұмылғанда жететін боламыз. Сол себептен алға қойылған мақсаттарға жету, елімізді көркейту жолында біріге еңбек етейік. Еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін.

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілеймін.


Количество посещений: 562


Наверх