print

ДӘРИЯ КЕНТІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» № 615 Жарлығын орындау мақсатында 2018 жылғы атқарылған жұмыстар жайлы есебімді назарларыңызға ұсынамын.

      Дәрия кенті бойынша халық саны 840, осының ішінен 551-ы экономикалық белсенді топқа жатады. Зейнеткерлер саны – 80, мүгедектер 23. Соның ішінде :

I-ші топтағы 3 адам

II-ші топтағы 11 адам

III-ші топтағы 6 адам Кент бойынша бюджеттік салаларда жұмыс істейтін адамдар – 58. Теміржолға қатысты жұмыс істейтіндер 91 адам. Сыртта жаз айларында ауысыммен – 7 адам жұмыс істейді.

Кент бойынша 2018 жылы 12 рет халықтың жалпы жиналысы өтті. Ақсақалдар алқасы, шаруа қожалықтарымен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауларын насихаттау, әр түрлі тақырыптық жиналыстар, мешітті өз қалпында ұстап тұру және Шет ауданының 90 жылдығын атап өту туралы мәселесі бойынша және т.б. жиналыстар өтті.

        Жұмыспен қамту орталығында жыл басынан 9 адам тіркелген. Олардың ішінен бюджеттік мекемелердегі бос жұмыс орындарына орналасқаны 4 адам. Жаз, күз айларында 5 адам қоғамдық жұмысқа тартылып, санитарлық тазалық, абаттандыру жұмыстарына қатысты.

         Әкім аппаратының жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясының баптарына заңнамалары мен Конституциялық заңдылықтарға жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңымен нормативтік-құқықтық актілерге байланысты құрылған жұмыс жоспарымен жүргізіліп отырылады.

         Кент тұрғындарынан жыл бойы жазбаша түрде түсіп электронды құжат айналымына енгізілген 10 өтініш, соның 6-ы заңды тұлға және 4-і өтініш жеке тұлға тарапынан. 10-і шешілді. (негізінен өтініштер үй ауласының аумағын өзгерту, жер телімін сұрау және қайта рәсімдеу т.б.) . Берілген анықтамалар саны – 117.

      

         Жыл сайын әр отбасына зерттеу актісі жасалып барлық кіріс жиынтығы есептелгенде 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы алатын – 2 отбасы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын – 1 отбасына тағайындалып берілуде.

 

       Әр түрлі әлеуметтік яғни, Зейнеткерлерге зейнетақы тағы басқа жәрдемақылар ай сайын бекітілген кесте бойынша уақтылы беріліп отырылады.

          

         Кентте (МП – медициналық пункт) жұмыс істейді. дәрігерлік бөлімшеде 1аға медбике қызмет етеді.

      

Жылсайын қатерлі ісік ауруының алдын алу мақсатында Қарағанды қаласына скринингтік байқаудан тексеріліп, әр түрлі ауруларға күдікті аналар дәрігерлік бақылауға алынып емделуде.

         Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жылжымалы медициналық кешен құрылып, маман-дәрігерлерінің кешенді көшпелі поезд 2018 жылда   1 күнге келіп, ауыл тұрғындарын медициналық тексеруден өткізіп, консультативтік-диагностикалық көмек көрсетті. Науқасы күдікті адамдарға жолдама беріліп, облыс орталығындағы ауруханаларға жіберілді. Арнайы жылжымалы флюорография ренгенттік диагностикалық автокөлігі келіп тұрады.

 

2018 жылы кентіміз бойынша 9 нәресте дүниеге келді, ана-бала өлімі тіркелген жоқ. Кенттік диспансерде ( қант диабеті, жүрек аурулары) 18 адам тегін медициналық дәрі дәрімек алды.

 

Кентімізде Дәрия орта мектебінде 101 оқушылар дәріс алуда. Мұғалімдер саны –26. Бүгінгі күнде жылу жүйесі қалыпты жағдайда. Мектеп түскен көмір тонажы жоспар бойынша түсірілді. 350 тонна

       

ҚАРТТАРЫМ-АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

1 Наурыз «Алғыс айту» мерекесіне орай Дәрия кенті әкімшілігінің бастамасымен өткізілетін «Ардағым Ардагерім» акциясы да өз жалғасын тапты. Бұл қайрымдылық акциясын Дарья жалпы орта білім беру мектеп ұжымы және оқушылар қолға алған болатын.

        Ауылымыздағы мәдениет үйі болмастығына қарамастан Мемлекеттік және кәсіби мерекелер жоспарлы түрде өз деңгейінде ұйымдастырылуда.

8 наурыз мерекесінде Алтын-күміс данқына ие аналарға құрмет көрсетілді,

22 Наурызда мекемелердің қатысуымен ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарына дастархан жайылып, ұлттық сал дәстүр бойынша мерекелік концерт өткізілді.

        Ұлы Отан соғысының мерекесі өз мәнінде аталып өтті, мерекелік шеру ұйымдастырылды.

           1 желтоқсан тұңғыш Президент күні, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні, жаңа жыл мерекелеріде өз мәнінде өткізілді.

1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне Дәрия кентінде   мерекелік іс-шаралар кент әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аталып өтті. Кент кәсіпкерлері дүкен иелері мен шаруа қожалықтары демеушілік қолдау көрсетілді, сонымен қатар концертке келген бүлдіршіндерге тәтті тағамдар мен сусындар таратылды ойыншықтар таратылды..

         2018-2019 ж. қыс айларына 550 (бес жүз елу) мың теңге қаражат бөлініп, кент ішкі жолдарды қардан тазартуға, «Бірлік» шаруа қожалығы жетекшісі Бошанов Талғат арқылы жұмыс жүргізілді. Айта кету керек қарағандыға шығар тас жолы, кенттің ішкі жолдары үнемі уақытымен тазартылып отырды.

         Дәриядан Қарамұрынға шығар 23 шақырымдық тас жолы 2018 жылда ағымдағы жөндеуден өтті, жол жиегіндегі шөптер шабылды, атап айтсақ 11 шақырымы Крамдс-кварцит ЖШ-гі арқылы. Осы мүмкіндікті пайдаланып Крамдс-кварцит мекемесіне алғысымызды айтамыз. Қалған 12 шақырымы кенттегі «Бірлік» шаруа қожалығы арқылы жүзеге асты, атап айтсақ тегістеу, щебень төгу және тиісті техника тарту арқылы атқарылды. Бөлінген қаражат құны 2,602 (екі миллион алты жүз екі) млн. теңге.

         Сонымен қатар соңғы жылдары көктемі өте ылғалды, соңғы жылдары жер асты су көтерілу үрдісі байқалуда, әсіресе мектеп, вокзал, маңайлары соның салдарынан кент ішіндегі жолдар өте нашар ,езіліп жүруге жарамсыз болып қалуына байланысты орталық, мектеп алды жол көшелерді жөндеу қажеттілігі туындайды, осыған байланысты сметалық құжат әзірленіп сұраныс берілген болатын.    

Дәрия кентінде электр тоғымен «Электржабдықтау» ЖШС-гі қамтамасыз етеді, тоқ алатын үйлер саны -148. Пайдаланған эл.қуатының төлем ақылары ай сайын жиналып, «Электржабдықтау» мекемесіне тапсырылып отырылады, тоқ беру тұрақты.

         Ауыз су мен «Шеткомунсервис» ЖШС-і қамтамасыз етеді, 2018 жылда 1 куб су құны водомер бойынша 30 теңге, колонка бойынша 40 теңге. абонеттер саны:

  1. Су метрлік (водомер) 46 абонент – 192 адам
  2. Су метрсіз 8 абонент – 27 адам
  3. Колонка 18 абонент – 53 адам

Кент бойынша электр және су тұрақты. Ақау болған жағдайда оперативті түрде жөнделеді, әкімшіліктің бақылауында.

           Ауыл шаруашылық мәселесіне келетін болсақ, 2018 жылғы жүргізілген санақ қортындысы бойынша Дәрия кентінде ірі қара мал басы- 680, қой, ешкі -720 бас, жылқы -78 бас.тіркелген.

           2018 жылы ірі қара, қой, ешкі малдарының төлдерін бірдейлендіру жұмыстары толықтай жүргізіліп, компьютерлік базаға енгізіліп отыр.

           Бұл бірдейлендіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп отырылады. Көктем айларында малдардан қан алу, егу жұмыстары жүргізілді. Бруцеллез және тағы басқа мал ауруы тіркелген жоқ.

           Жеке меншік малдар бағыны кезекпен бағылады, ірі қара малдары 2 табында, қой, ешкі малдары 2 табынға бөлініп бағылады. Жылқы малы ауыл сыртында арнайы малшымен бағылады. Жеке меншік мал бағыны туралы, теміржолдан малды өткізу туралы көктем айында арнайы жиналыс теміржол басшылардың қатысуымен өткізіліп тұрады.

         Дәрия кенті бойынша 2018 жылы 18 бос қаңғырып жүрген ит атылды. Алайда айта кету керек қазіргі таңда ит ату оқ дәрі арқылы жүзеге асады, кейбір иттерге 7-8 оқтан атылады нәтижесі жоқ ит өлмейді, немесе кейбір ит бос жүріп оқ дәрі ату барысында бірден өлмей өз ауласына барып өліп дау шығаратын кезеңдер болады.          

         Кентте санитарлық тазалық және аббатандыру іс-шараларын ұйымдастыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді. 2018 жылы ауыл тұрғындарының үй маңындағы қыстан шыққан күл-қоқыстары толығымен тазартылды. Облыс, аудан әкімдерінің санитарлық тазалық абаттандыру бойынша шығарылған өкімдерін басшылыққа ала отырып, таза бейсенбі, сенбіліктерге мекеме қызметкерлері, мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары қатыстырылды.

           Көктем айларында әкім аппаратының ғимаратының ауласына, мектеп, алаңдарына, және Дәрия мешітінің алдына қарағай ағашы, гүлзарлар, ағаштар отырғызылды.

         Өтіп кеткен 2018 жылы Шет ауданы құрылғанына 90 жыл толды. Мереке жоғарғы деңгейде өтті. Дәрия кентінің атынан мерейтойға кигіз үй тігілді. Елбасының туғанжер бағдарламасы аясында кент атынан кигіз үй тігуіне Жерлестер қол ұшын берді, атап айтсам Құрұмбай Бекежан Абайұлы, Исин Болат Егінбайұлы және Дәрия станциясы басшысы Сағындық Бүркітбай Жолдасұлы теміржол ұжымы.

         Мектепке 3 метрлік шырша жерлесіміз Исенов Дәулет Балташұлы 40 000 мың теңгеге сыйға тартты.

Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар ауылымыздағы ауыз су мәселесін шешу, тұрбалар ескірген, жылда жарылады тесіледі, мәдениет үйін салу ЖСҚ (жобалық-сметалық құжаттама) және техникалық сараптама жүргізуге сұраныс берілді.

2018 жылы Дәрия кентінде, моральды ескірген «Интернациональная» көшесі «Бұғылы» көшесі болып ауыстырылды, тиісті хабарлама аудандық Шет шұғыласы газетіне берілген болатын.

Ауылдық пошта автоматтандырылды, яғни бүкіл ақшалық операциялар, қолма-қол ақша шешу, комунналдық төлем, несие төлемін төлеуге, аудан орталығына немесе Қарағанды қаласына барудын қажеті жоқ. Барлығы өзіміздің пошта арқылы жүзеге асады.

         2018 жылы әкім аппараты ғимараты 6,200 (алты миллион екі жүз мың) млн. теңгеге «Тазалық» ЖШС-і ағымдағы жөндеуден өтті, атап айтсақ жылу қазандығы ауыстырылды, кеңейту ыдысы (расширительный бачок), циркулярлы насос, тиісті құбырлар, радиаторлы батарея 5 дана, шатыры толығымен, есік терезелері аустырылды. Қазіргі таңда әкімшілік және мед пункт жылы.

         2018 жылы көптен бері ауыстырылмай келген мектептің жылыту от қазандығы ауыстырылды, яғни үш секциялы пеш, қақпақ клапандары (задвишки), мұржасы ауыстырылды. Жұмыс атқарған мердігер «Жанатай» ауапкершілігі шектеулі серіктестігі, құны 2,890 (екі миллион сегіз жүз тоқсан мың) млн. теңге


Количество посещений: 808


Наверх