print

АҚОЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

Ақой ауылдық округінде 752 тұрғын, 162 отбасы тұрады. тұрғындардың күн көру көзі мал басын өсіру оның өнімін қажетіне жарату болып саналады. Өткен 2018 жылмен салыстырғанда ірі қара 359 басқа, ұсақ мал 189 басқа, жылқы малы 200 басқа көбейді. Бүгінде 1800 бас ірі қара, 6174 ұсақ мал, малдарынан қан алу, егу, ветеринариялық-профилактикалық жұмыстарының жоспары толығымен орындалды. Округ бойынша 22 оң нәтиже көрсеткен бруцллез мал бастары толығымен жойылды. Мал бастарын бірдейлендіру жұмыстарында 1060 ірі қара, 1410 ұсақ мал, 116 жылқы малдарына сырғалау, таңбалау жұмыстары жүргізілді.

     Көшеде қаңғыбас иттер көбейіп келеді. Иттерді жоюға арнайы топ құрылып, үш рет ит ату аулау жұмыстары ұйымдастырылып, 54 иттің көзі жойылды.

     Мал басын асылдандыруды қолға алған «Атажұрт», «Ақсу», «Тоқбай», «Сары-арқа», «Бірлік», «Ортақ», «Данияр» «Аянбек» шаруа қожалықтары және жеке кәсіпкер «Диар», «Жумабаева» 2-3 асыл тұқымды бұқа малдарын әкеліп, мал басын асылдандыру, субсидиялау жұмыстарын жүргізіп келеді. Өткен жылы қараша айында Астана қаласының «AgroExportLTD» ЖШС-не 20 бас ірі қара малын яғни 4 тонна ет өнімін экспортқа өткіздік. Мал етін экспортқа өткізу шаруа қожалық басшыларына да тиімді екенін айта кеткен жөн. Мал бағымы жөнінде жұмыстар атқарылып, бойдақ ірі қара мал мен ұсақ малдар жайлауға 3 жерге бағуға ұйымдастырылса, 3 шаруа қожалықтары тиісті өз жеріне мал бастарын бағуды жөн көрді. Ауылдағы сауын сиырлар 3 табын бойынша бағылып, бақташылармен арнайы келісім-шарт жасалынып, мал бағымы жөнінде тұрғындар жиналысында қаралып, бағым құны келісе отырып бекітілді. Атап айтсақ ірі қара 800 тг, ұсақ мал 300 тг , жылқы 2000 тенгемен бағылды.   Чепурченко көшесінің тұрғындары және «Ата-жұрт», «Ақарал» шаруа қожалықтары ұсақ мал мен бойдақ малдарды жайлауға шығармауды әдетке айландырған. Бұл азаматтардың малдары ауыл төңірегін тоздырып,   шаруа қожалықтардың шабындық жерлеріне түсу фактілері орын алуда.

       Ауылда 43 кәсіпорындар мен шаруа құрылымдар бар. Оның ішінде 35 шаруа қожалығы, көпшілік тамақ ішетін 3 дәмхана, 4 азық түлік, 1 киім кешек дүкені, 1 жанар-жағар май бекеті, 1 машинаның

дөңгелегін жөндейтін (шиномонтаж) орыны және жалпы монша үйі жұмыс істеп тұр. Шаруа құрылымдары мен кәсіпорындарда 130-дан астам адам наухандық, тұрақты жұмыс атқаруда. Азық- түлік дүкендерімен арнайы меморандумға отырып, азық-түлік бағасын үнемі бақылап отырмыз.

    

   2016 жылы 2020 бағдарламасы аясында төменгі пайыз бойынша құрамында 60 адамнан тұратын «Ақой-Ақбұлақ» атты кооператив құрылған болатын. Алынған несиеге сүтті бағыттағы мал бастары алынып, сүт қондырғысын орнатуға арнайы жер рәсімделіп, тоқ, су көздері тартылып, сүт сақтайтын қондырғыны Нұра ауданынан алып отырмыз. Осы жылдың көктем айында әкеліп орнатып сүт қабылдау жұмысын бастаймыз.

     Әлеуметтік мәселелерге келсек Мектебімізде 28 мұғалім қызмет атқарады оның 2 жоғары санатты, 1 бірінші санатты және 12 екінші санатты мұғалімдер. Жаңартылған мазмұн бойынша мектептің 4 басшысы, 7 мұғалімі арнайы біліктілік курстан өтіп, 25 пайызын құрайды. Мектеп бойынша деңгейлік курсты тәмамдаған мұғалімдер саны 3, мектеп тренерлерінің саны 3. Жалпы 102 оқушы білім алады. 2018 жылғы мектеп бітіруші түлектердің төртеуі ҰБТ-ні ойдағыдай тапсырып орташа 82 ұпайға ие болды. Мектептің білім сапасы 2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша 52 пайызды құрады. Мектептің әлеуметтік жағдайы төмен категориялы балаларға білім бөлімі тарапынан аяқ киім, спорт және сыртқы киімдерден көмектер көрсетілді. 29 қазан күні мектебімізде ұйымдастырылған «Жылы жүрек, жомарт қол» қамқорлық акциясы аясында ауыл кәсіпкерлері, мұғалімдер, шаруа қожалықтары мектебіміздің аз қамтылған балаларына ақшалай және киім-кешекпен демеушілік жасады. Бүгінде 25 оқушы және «Балдырған» шағын орталығында 34 бүлдіршін ыстық тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Орта мектептің спорт алаңына 9 млн. теңгеге көп салалы шағын футбол алаңы салынатын болады сметалық құжаттары дайын.

       Ауылдағы мәдениет үйінде Мәдениет үйінде үш үйірме

жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Мектеп оқушыларының жанынан құрылған «Самғау» ансамбльі әр мереке сайын өз өнерлерін көрсетіп келеді. Атаулы іс-шаралар уақытылы өткізіліп отырады. Аналар мейрамы, наурыз, қарттар күндерінде ауыл үлкендеріне дастархан жайу, сый-сыйапат көрсету дәстүрге айналған. Аудандық мәдениет үйінің тарапынан ауыл өнерпаздарына 8 домбыра, 8 ұлттық киімдер берілді.

     Шет ауданының 90 жылдық мерей тойына ауданға ауылымыздың атынан бір киіз үй тігілді. Осы бір үлкен іс-шараға демеушілік көрсеткен ауылдың шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлерге алғысымды білдіремін.

     Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылығы мерекесі қарсаңында өткізілген іс-шараға көрші Бұрма ауылының мәдениет үйінің өнерпаздары бірігіп, ұйымшылдықпен мерекелік концерт өткізді. Іс-шарада «Үзік маман» иелері мен «Үздік кәсіпкер» және атаулы іс-шараларға демеушілік көрсетіп жүрген кәсіпкерлер, шаруа қожалық жетекшілері марапатталып, сыйлықтар табыс етілді. Жаңа жыл мерекесіне орай мәдениет үйінде өткізілетін ауыл әкімінің шыршасында үздік оқитын 21 оқушыға және мүмкіндігі шектеулі А.Жаңабай, патронаттық тәрбиедегі Аружан есімді балаға жаңа жылдық сыйлықтар тапсырылады.

     Оқу жаттығу кезінде ұшақ апатынан 2013 жылы ерлікпен қаза тапқан М.Едігеевтің қайтыс болған күнінде Қарағанды қаласында бірге қызмет жасаған әскери бөлімнің қызметкерлерінің қатысуымен салтанаты жиын өтіп, ұшқыш атына көше беріліп, мектеп қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.

       Кітапханада 14126 астам кітап қоры бар, оның ішінде 5550 қазақша оқулықтар. Мерзімдік басылымдар 30 болса, жаңадан 247 кітап алынды. Бүгінде оқырмандар саны 210-ға жетті. Әр түрлі кітап көрмесі, «Қош келдің наурыз», «Өнелгі ана, өнерлі қыз», «Зар заман» атты тәрбие сағаттары мен дөңгелек үстелдер және Шортанбай Қанайұлының туғанына 200 жылдығына арналған оқырмандар конференциялар өткізілді.

       Ауылдағы екі спорт залдың бары жастармен, оқушылардың спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға берер мүмкіндік барлығын білдіреді салауатты өмір салтын насихаттау барысында көрші елді мекеннің жастарымен ауылда жеке турнирлер өткізіліп тұрады. «Сары-арқа 2018» жазғы спартакиадасы Ақой ауылында өткізілді. Жазғы спартакиада Ақой ауылында екінші мәрте өткізіліп отыр. Спорттық жарыстарға аудан бойынша 22 ауыл, кент спортшылары қатысып, спорттың 11 түрі бойынша сайысқа түсті. Спорттық сайыстың қортындысы бойынша Ақой ауылының командасы жалпы командалық есепте І-орынды жеңіп алды. Мерекелік спорттық іс-шараларды үнемі өткізіп отырамыз.

     Фельдшерлік-акушерлік пунктінде өткен жылы 186 рет үлкен адамдар, 150 балалар қабылдауда болған. Балқаш қаласынан келген медициналық байқаудан 230 үлкен адам, 160 бала өткен. Өткен жылы 8 сәби дүниеге келсе, 3 адам бақилық болды. Күре жолда жүргіншілердің жол апатынан зардап шеккен 21 адамға алғашқы көмек көрсетілді.

     Өткен 2017 жылы есеп беру жиналысында көшеге жарық шамдарын орнату жөнінде ауыл тұрғындарынан ұсыныс түскен болатын. Өздеріңізге белгілі ауылдың кіре берісінен орталық көшелерге дейін 8 млн. қаражатқа 42 электр шамы орнатылса, Ақой көшесіне және мектеп аумағына қосымша 5 электр шамы орнатылды.

     Қыс айларында көше жолдарын қардан тазалауды ауыл тұрғыны «Данияр» шаруа қожалығының ДТ-75 тракторымен келісе отырып, қолмақол ақша бақылау счетынан қаражат беріліп отырды. Өткен жылы қардың мол мөлшерде түскеніне қарамастан ауыл көшелері толық қардан тазаланып отырды. Сонымен қатар  республикалық күре жолда қар құрсауында қалып қойған 22 автокөлік қардан шығарылды.   Осындай төтенше жағдайлар туындағанда ауыл азаматы Ғ.Турсунов техникасымен көмектесіп жатады. Биылғы жылы Ғ.Турсыновтың денсаулығына байланысты көше қарларын тазалауды «ДАРНиН» шаруа қожалығының ДТ-75 трактор техникасымен келісіп отырмыз.

       Санитарлық тазалық ауылды көркейту жөнінде ауыл азаматы Ғ.Қадылдың камаз автокөлігі, К-150 жүк тиегіш тракторымен және шаруа қожалықтарының меншікті техникаларымен қыстай мал

астынан шыққан 1500 тн. астам үйінді күл-қоқыстар сыртқа шығарылды. Қатты қалдықтарды төгетін арнайы бір орын белгіленген.  Көше бойындағы ағаштар бағаналар ақталып, жаз айларында барлық мекемелер, оқушылар сембілікке шығып ауыл ішін күре жол бойын, алма бақтарды тазарту жұмыстары ұйымшылдықпен өткізіліп келеді. Ауылға кіреберістен орталыққа дейінгі асфалть ойықтарына, құм, тас төгіп Ақой көшесі толығымен тегістелді. Жолдың тозығы жеткен ескі сын көтермейтіні өздеріңізге белгілі. Өткен жылы көркейту абаттандыруға бөлінген 50 мың теңгеге баннерлер алынып ілінді. Ауылдың ортасында бұрынғы қайтыс болған Карлагтардың зираты қоршаусыз қалған болатын. Осы зиратқа қоршау жұмыстары жүргізілді бұл үлкен күшті қажет ететін жұмыс болғандықтан толығымен аяқталмай тұр. Биылғы жылы көктем айларында толық бітіреміз деген ойдамыз. Сонымен қатар Қарлаг құрбандарына 3 млн. теңге қаражатқа мемориалдық тақта орнатамыз деген ойдамыз сметалық құжаттары дайындалу үстінде.

     Қысқы дайындыққа келсек ауылдағы үйлерге орта есеппен 1200 тоннадай көмір түсіріледі. Бюджеттік мекемелер орта мектепке 300 тн. мәдениет үйіне 180 тн. ФАП-не 20 тн. көмір түсірілді. Мектеп, Мәдениет үйлерінде қазандықтарға қосымша насостар, тоқ беретін генераторлар бар.

 Округ көлемінде 53 әр түрлі әкімшілік құқық бұзушылық орын алды оның ішінде 6 адам әкімшілік қамауға алынса, әкімшілік учаскесінде 5 қылмыс орын алса 2-іс ашылып тиісті шара қолданылған. Мал жоғалу фактілері азаймай тұр

   Біздегі шешілмей келе жатқан мәселенің бірі ұялы телефонның қолданылмауы. Бұл жөнінде жоғарғы тиісті огандарға AKTIV.KCEEL басшыларына аудандық, облыстық мәслихат депутатарына да ауызша жазбаша түрде хат жазылып келеді.

     Бүгінде 140 үйде телефон нүктесі, оның 69 ғаламтор желісіне қосылған, 115 нүкте ID TV телеканалын көріп отыр.

       Әкімшілік аппаратына жыл ішінде тұрғындар тарапынан 23 ауызша және жазбаша түрде өтініш, арыздар түсіп, олар уақытылы шешімін тауып отырды. Ауыл тұрғындарымен әр түрлі мәселе бойынша 12 жиын өткізілді. Қоғамдық ұйымдармен мектеп, дәрігерлік пункт және басқа ұжымдармен тікелей байланыста жұмыс атқарамыз. Жылына екі мәрте санақ жүргізу, баспасөзге жазылу, тоқсан сайын жәрдемақы құжатарын жинау мәселелермен шұғылданады. Әлі де шешілмей жатқан мәселелер аз емес алға қойған жоспарларда меморалдық тақта орнату, шағын футбол алаңы, жол жөндеу сияқты т.б жұмыстарды қолға алуды жоспарлаудамыз.


Количество посещений: 830


Наверх