print

БОСАҒА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

Ең алдымен тоқталып, айта кететін мәселе 2018 жылы қаңтар айында тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде айтылған ұсыныстар мен ескертулер бойынша орындалған іс-шара туралы ақпарат:

1. «Талап» ш/қ жетекшісі, зейнеткер А.Жакуповтың Ақадыр – Босаға тас жолы жөнделсе   деген өтініші бойынша :

        - Ақадыр – Босаға тас жолын жөндеуге Облыстық, аудандық депутаттарға және аудандық ЖКХ бөліміне хат жолданды.Облыстық мәслихат депутаты Н.Қосубаевпен бірнеше рет телефон байланысы арқылы хабарласып,ол кісінің өзі екі мәрте келіп көріп шешімін тапқанға дейін Ақадырдан Ақсарлы ауылына дейінгі аралықты өзінің жұмыс мекемесінің техникасын, адамдарын жіберіп уақытша тегістеу жұмыстарын жүргізуге ат салысты.Бірақ ол жұмыс оншалықты нәтижелі болмағаннан кейін тоқтатып,облыс әкіміне кіріп қаражат бөлдіру арқылы Ақшағыл разьезіне дейінгі аралықты жөндеуден өткізіп нәтижелі жұмыс атқарды осы мүмкіндікті пайдаланып тұрғындар атынан рахметімізді айта кетуді жөн көрдік.

        2. Қызылағаш ш/қ жетекшісі, зейнеткер Қ.Малшыбаевтың - Ауыл ішіндегі жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілсе деген ұсынысы бойынша:

        - Бектурсынов көшесіне жол салуға смета құжаттары жасалды, қаражатқа сұраныс жасалды, қаражат әзірге бөлінген жоқ, «Ұзынжал» кенішінің басшысы Е.Торыбаевпен осы көшенің жолын жөндеп беру жөнінде көмек сұралды,келісілді. Өткен жылы өздері Киікті-Ақшағыл елдімекені мен Ұзынжал кенішіне дейінгі аралықтарға жол төсеп қолдары тимеді,бірақ көмек жасаймын деген уәдесі бар осы жылы көмектесер деген ойдамыз.

Ауылдық округ бойынша 192 үй, 211 отбасы, жалпы халық саны – 882 адамды құрайды. Бүгінгі күнде округте 4 бюджеттік мекеме, 74 шаруа қожалығы, 4 дүкен, 1 тойхана, наубайхана, «Транстелеком» АҚ, Қазпошта байланысы, «Электржабдықтау» ЖШС, «ВокзалСервис» АҚ сияқты мекемелердің бөлімшелері , «Қазақстан теміржолы» АҚ 6 (алты) филиалы халыққа қызмет көрсетуде.

Босаға ауылдық округі бойынша, жалпы жер көлемі – 302 575 га құрайды. Ауыл шаруашылығының алып жатқан жер көлемі -176733 га, елді мекеннің алып жатқан жер көлемі – 17688 га. Осыған орай шаруа қожалықтарының   шабындық, жайылым   жерлерін электрондық картаға енгізу бойынша   түсіндіру   жұмыстары жүргізілуде . Жұмыстың орындалу барысы -63% құрайды.Қожалық иелері әр түрлі сылтаулар айтып осы жұмыстардың толық аяқталуына бөгет болуда.

 

 

Округте бойынша ауылшаруашылығын дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы

Ауылшаруашылық малдарының 01.01.2019 жылға есеп бойынша: ірі –қара малы - 3952 бас, ұсақ мал қой –ешкі - 13573 бас, жылқы - 1528, түйе – 18, тауық - 927 тіркелген.

Округтегі шаруа қожалықтарымен шаруа құрылымдарына мемлекет тарапынан жеңілдетілген несиелер, лизингтер, субсидиялар   мемлекеттік бағдарламалар   туралы   түсініктеме жұмыстар жүргізілуде. Ірі қара малдарды асылдандыру бойынша 11 шаруа қожалығы 20 бас асыл тұқымды бұқа сатып алып,тиесілі субсидия төлемдерін алуға қол жеткізді. «Құлан » бағдарламасының талаптарына сай мал басы санына келетін қожалықтар болмағандықтан бұл бағдарламаға қатыса алмады. Атамекен кәсіпкерлік қолдау палатасы арқылы «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша округтен 3 азамат оқу оқып сертификаттарын қолдарына алды. «Береке» шаруа қожалығы лизингтік жүйе арқылы МТЗ-82 тракторын алды.

 

Салық базасын ұлғайту бойынша

         Тұрғын үй қорындағы үйлерді түгендеу жұмыстары жүргізілді. Босаға ауылдық округінің салық базасы бойынша халықтан  жиналатын тұрғын үй мен мүлік салығының                    2018 жылға орындалысы - 100 %.              

Округ бойынша бөлінген қаржының игерілуі мен оған атқарылған жұмыстар туралы

    2018 жылы әкімдікке бюджеттен бөлінген барлық қаражат мақсатты жұмсалды. Орындалысы жыл соңында - 99,7%.

Елді мекендерді абаттандыру , көркейту және көгалдандыру бағытындағы   тазалық іс – шараларын жүргізу бойынша

     Ауылдық округте 2018 жылдын көктемгі 2 айлық абаттандыру, көркейту және санитарлық тазалық іс – шараларын жүргізу бойынша ауыл тұрғындарымен және мекеме басшыларының қатыстырылуымен тазалық жұмыстары жүргізілді. Тал отырғызу акциясы бойынша 20 түп тал отырғызылды.

   Осы жылы ауылдағы күл – қоқысты тазалап, ауыл сыртына шығару                         ЖК Б.Смагулов КаМАЗ автокөлігімен және тиегіш тракторымен, сондай – ақ, ауыл тұрғыны Ә.Дүйсенбаевтың «МТЗ – 80» тракторымен тазалық жұмыстарын жүргізіледі. Арнайы күл – қоқыс төгетін орын елді мекеннен 3 (үш) шақырым қашықтықта орналасуына байланысты күл-қоқыс тасмалдаудағы әр апарған (рейске) келісім бағасы 4000 теңге болып бекітілді. Үй – қораларын әқтеп, сырлау жұмыстарын жүргізуге ауылдың әр үй иелерімен әзірленген келісім – шарттар негізінде орындалуда. Әр аптаның бейсембісі «Тазалық күні» болып бектілді.

 

 

 

Елді мекендерде жаңа жұмыс орындарын ашу мен жұмыссыздықты жоюға бағытталған жұмыстардың барысы және аз қамтылған отбасыларымен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат

Жыл басынан еңбек биржасында жұмыссыз ретінде тіркелген -11 (он бір) адам, жазғы уақытта 3(үш) адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Оның ішінде 4 (төрт ) адам тұрақты жұмысқа, 7 (жеті) адам мерзімдік жұмысқа орналасты.        

        Сонымен қатар жыл сайын әр отбасында зерттеу актісі жасалып барлық кіріс жиынтығы есептелгенде 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы алатын – 7 отбасы, мемлекеттік атаулы көмек алатын отбасы жоқ.

 

Денсаулықты сақтау мен салауатты өмір сатын қалыптасыруда округ бойынша атқарылып жатқан жұмыстар

         Халыққа медициналық қызмет көрсетуде   2(екі) медбибі. Ақадыр СВА дәрігері жұмыс жасайды. Маусым айында жылжымалы фльюраграфия автокөлігі келіп қызмет көрсетіп қайтты. 2018 жылы 15 сәби дүниеге келді, дендері сау 2 айдан асқанда алатын екпелерін алды. 15 пен 19 жас аралығындағы жасөспірімдерге қызылшаға қарсы егілетін екпе жүргізілді теріс нәтиже болған жоқ. Жас мөлшеріне қарай әрбір он жылда салынатын вакцинация жұмысы да уақтылы жасалынды. Тегін дәрі алатын науқастар саны - 39 адам. Биылғы жылы Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының шешімімен облыс көлемінде 2019 -2020 жылдарда белгіленген елді мекендерінде 23 фельдшерлік –акушерлік пунктердің ғимараты салынатын болады. Бұл жұмыс екі кезеңде атқарылатын болғандықтан, Босаға ауылында фельдшерлік –акушерлік пунктің ғимаратын салу тізімге енді, осыған орай «Шет ауданының орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директоры Д.Ж. Нуртаевтың хатына сәйкес ғимарат салуға тиісті органдарға жер бөліп беруге ұсыныс берілді.

 

Білім мен спортты жетілдіру бағытындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар

         Білім беру саласында 33 мұғалім және 2 мұғалім декреттік демалыста, 2 тәрбиеші, 1 көмекші тәрбиеші, 19 тех.персонал жұмыс атқарады. Мектеп оқушылар саны 125, одан басқа шағын орталық тобында 20, даярлық тобында 9 бала. Білім алу бойынша мектепте 21 компьютер, 10 ноутбук оқушы санына бөлгенде бір компютерге 4 баладан келеді. Химия кабинеті 2016 жылы, 2017 жылдың қараша айында Физика кабинеті барлық жабдықтарымен және интерактивті тақтамен қамтамасыз етілді. Оқушыларға кең көлемде білім беріледі. Мектепті бітірген 9 оқушының 4 еуі ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып сапа - 90% көрсетті. 2018 жылдың қортындысы бойынша білім сапасы 56% - ды құраса, мектеп бітірген түлектердің 3 грантқа, 4-жоғары оқу орнына, 3-колледж студенттері аталды.

Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындалуға жаңа технологиямен                     100% қамтамасыз етілген. Өткен оқу жылының нәтижесі бойынша Атап айтсақ Сулейменова Алмагуль Кеңесовна аудан әкімінің құрмет грамотасымен, Раева Рзкен Асқарқызы аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Биылғы оқу жылының аудандық пәндік олимпиада бойынша 7 оқушы қатысып 1 оқушы І орынды иеленіп облыстық олимпиадаға жолдама алса,2 оқушы ІІІ орынды иеленіп дипломмен марапатталды. Сонымен қатар «Клевер» облыстық олимпиадасы бойынша 2 оқушымыз математика пәнінен І және ІІІ орынды иеленіп дипломмен марапатталды. 2017-2018 оқу жылында үздік куәлікті 9-сыныптан 3 оқушы иеленсе, 11-сыныптан 1 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды. Биылғы оқу жылының І жартыжылдық қорытындысы бойынша Босаға орта мектебі жалпы орта мектептер арасынан ІІІ орынды иеленіп дипломмен марапатталды. Сонымен қатар дәстүрлі 1 тамызбен - 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясы аясында 19000 (он тоғыз) мың. теңге қаражат жиналып аз қамтылған оқушыларға   спорттық киімдер, оқу құралдары тапсырылды.   Аз қамтылған отбасылардан 6 оқушы, көп балалы отбасылар -7 оқушы. Қазан айынан бастап аз қамтылған және көп балалы отбасынан 20 балаға 1 мезгіл ыстық тамақ беріліп келеді. Aудандық білім бөлімінен желтоқсан айында аз қамтылған отбасының 6 оқушыға аяқ киіммен, спорттық киімдер, қыстық курткалар берілді. Аудан әкімнің шыршасына бір оқушы қатысып, жаңа-жылдық сыйға ие болды.

         Мектепте барлық айтулы күндерге мерекелік іс-шаралар өткізіліп отырады, атап айтқанда: 1 қыркүйек Білім күні, 1 қазан қарттар күні, 5 қазан Ұстаздар мерекесі, Алтын күз мерекесі, Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік мерекесі, Жаңа жылдық шырша тойы, Халықаралық аналар мерекесі, Ұлыстың Ұлы күні Наурыз, Ұлы Жеңіс күні және тағы басқалары.

Сонымен қатар аудан, облыс көлемінде өткізілген спорттық жарыстардың барлығына қатысып жүлделі орындардың қатарынан көрініп жүр. Ақпан айында Ақадыр кентінде өткен «Аймақтық барыс» біріншілігінен Асантай Дулат – 2 орын, Жайлаубеков Жанат 1орын, Сейтжан Ақжол 1 орын, Тиштықбай Бексұлтан 2 орын,Абдыхалыков Азамат 1 орын,Сейткәрім Бақ - 1 орын, Аубакиров Тоқтар -2 орын алды.

Наурыз айында Ақадыр кентінде «Аудандық барыс» біріншілігінен Сейткәрім Бақ - 1 орын, Жайлаубеков Жанат 1орын алды.

Сәуір айында Ақжал кентінде өткен Әлімшайқы Сәлімбаев еске алу турнирінде Кәріғұл Алдияр 1 орын, Балхашбай Ануар -1 орын алды.

        Мамыр айында Қарағанды қаласында өткен «Облыстық барыс» жарысында Сейткәрім Бақ – 3 орын. Қыркүйек қазан айларында Ақадыр кентінде және Шет ауданында «Жас барыс» біріншілігінде Кәріғұл Алдияр мен Кәріғұл Мадияр 1 орын жүлделерін жеңіп алды.

Қазан айында Ақадыр кентінде өткен «Облыстық жас барыс» Кәріғұл Алдияр-1 орын, Кәріғұл Мадияр – 2 орын. Ақадыр кентінде өткен ресбубликалық Серік Мамашев атындағы турнирінен Кәріғұл Алдияр мен Кәріғұл Мадияр 1 орын алып спорт шеберіне үміткер атанды. Қараша айында Щучинск қаласында Республикалық «Жас барыс» жарысынан Кәріғұл Алдияр 1 орын иеленді.

 

Ішкі саяси тұрақтылық пен баспасөзге жазылу және діни

бірлестіктермен атқарылып жатқан жұмыстар туралы

Ағымдағы жылдың республикалық және облыстық басылымдарға жазылу межесі толығымен орындалды. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы әр апта сайын ішкі саясат бөліміне ақпарат беріліп отырды. Жазылған басылымдар уақтылы келіп, оқырман қолына тиеді. Тақырыптарға сай 7 банер орнатылды.Рамазан айында 2 плакат ілінді.Елбасы жолдауы тұрақты насихатталады.Баспасөзге жазылу мерзімінде орындалады.

Күзгі,көктемгі әскерге шақыру бойынша жұмыс жүргізіліп келеді. 2018 жылы әскер қатарынан 4бала борышын өтеп келіп, 3 бала әскер қатарына қабылданды.Шақыртылуға себепсіз қатыспайтын Есенқажы Мадиярдың ата анасынан,өзінен түсініктер алынып учаскелік инспектордың араласуымен толық құжаттары әскери комиссарият бөліміне тапсырылды.Басқа әскери борышын өтеуден босатылатындардың оқитыны немесе денсаулығы,жөнінде себепті анықтамалары тапсырылды. Аудандық әскери комиссарият басшысы Ш.Сарыбаев екі мәрте келіп ата аналармен, әскерге шақыртылушылармен кездесу,әңгіме өткізді.

 

Мемлекеттік және ресми мерекелерге байланысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат

Босаға ауылдық округі бойынша мерекелік іс –шаралар атап өтілді. Атап айтсақ, Жаңа жыл, - мерекесіне бала жасынан мүгедек 2 балаға, жағдайы төмен отбасылармен мектеп жасына дейінгі шырша тойға қатысқан балаларға сыйлықтар табысталды. 8 наурыз аналар мерекесінде ауылдың батыр аналары, алтын алқа, күміс алқа иегерлеріне мерекелік кеш ұйымдастырылып сыйлықтар үлестірілді. 22 наурыз «Ұлыстың ұлы күні» мерекесіне орай «Армысың Әз-Наурыз» атты мерекелік кеш өткізілді. 7 мамыр «Отан қорғаушылар» күніне орай соғыс ардагерлеріне қойылған мемориалдық тақтаға гүл шоғын қойып, құран бағышталып, ауылымыздың жас өнерпаздарының қатысуымен патриоттық әндер орындалды,және «Нұр Отан» партиясы қатарыына қабылданған 14 адамға партиялық билеттер табысталды. Жарналар уақтылы төленеді.                              

Ұлы Жеңістің   73 жылдығына, Шет ауданының 90 жылдығына және Астана қаласының 20 жылдығына арнап 8 – 9 мамыр күндері мектеп бітіргендеріне 20,15,5 жыл болған түлектердің ұйымдастыруымен Ат жарыс, футбол және қазақша күрес өткізілді. Жарысқа жан – жақтан Қарағанды,Жезді, Қарқаралы, Астана, Ақсу-Аюлы, Ақадыр спорт мектептерінен келген спрот майталмандары жүлдері орындарға ие болып оларға бағалы сыйлықтар табысталды. Ат жарысында Балқаш,Қаражал, және аудан елді мекендерінен келген сәйгүліктер бақ сынасты. Осы 2018 жылғы «Қазақстан барысы» атанған жерлесіміз,ауылдасымыз Ержан Шыныкеевпен кездесу өткізіліп сый- сыяпат жасалды. «Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында Ұлы даланың ұлы жырауы Шортанбай Қанайұлының 200 жылдық мерей тойы қарсаңында әкесі Қанай бұлағының басына белгі тас қойылып құран бағышталды,деректі фильм түсіріп жүрген атақты кино режиссер Қалила Омаров бастаған экспедиция мүшелері Шалтас баурайындағы Иманбай мешіті басында болып өлкенің тарихын киноға түсірді. Сонымен қатар 2018 жылы спорттан жоғары көрсеткіш көрсеткен мектебіміздің спортшысы Кәрғұл Алдиярға,ауданның 90 жылдығын өткізуге ат салысқан шаруа қожалық жетекшілеріне «16 желтоқсан Тәуелсіздік» меркесіне орай сыйлықтар тапсырылды. Мемлекеттік және ресми мерекелерді мерекелеу бойынша ауыл кітапханасында 1-Желтоқсан Президент күніне орай «Дана ел басы, халықтың данасы,»тақырыбында дөңгелек үстел мен «Ел басы дәуір тұлғасы» тақырыбында кітап көрмесі, 31 мамыр «Қуғын сүргін күніне» орай «Тарихта қалған тағдырлар» дөңгелек үстел «Өзекті өртеген өткен күндер»кітап көрмелері ұйымдастырылды. Ауыл Кітапханасының жалпы кітап қоры 5371 дана кітап. Осы жылы жаңадан алынған кітаптар саны 163 кітап.

 

Cыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес

шеңберiнде қабылданған шаралар туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтың 505 бабының санитарлық тазалықты сақтамаған 16 (он алты) әкімшілік хаттама толтырылып, барлық ескертулер айыппұлсыз орындалды, барлық ауыл тұрғындарына ескерту беріліп орындалысы қадағаланды. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73 бабы 2 (екі) хаттама толтырылды және осы азаматқа үш қорғау нұсқама, бір ерекше талап қойылды. Мал ұрлығы жөнінде өтініш, арыз тіркелген жоқ.

 

Жастарды жұмыспен қамту, жастарды мерекелік шараларғатарту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты жолдауында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. Осы «Туған жерге туыңды тік» ұранымен Босаға ауылының жастары Аллаға шүкіршілік етіп, аруақтарға құран бағыштап, ауылымыздың берекесін, бірлігін нығайту мақсатында ауыл мешітінің ауласынан киіз үй тігіп ауыл тұрғындарына құдайы тамақ берілді. Имандылыққа бет бұрған ауыл жастарына ауыл ақсақалдары ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар ауыл жастарының ұйымдастыруымен 1 –маусым халықаралық балалар күніне орай 2-5 сынып оқушыларының арасында эстафета жарысы өткізіліп, жеңімпаз топтар диплом, медальдармен марапатталды.

 

Алдағы уақыттағы атқарылатын жұмыстар

        Алдағы уақытта атқарылған жұмыстар ауылымыздағы көшелердің жолдарын ретке келтіру, салық базасын нығайту , шағын кәсіпкерлікті дамыту, ауылдың әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштерін жоғарылату, мал басын өсіру, асылдандыру, ірі шаруа қожалықтарымен тығыз қарым-қатынаста болу, тұрғындар тарапынан болған ұсыныс, пікірлердің шешілуіне үнемі ықпал ету.


Количество посещений: 809


Наверх