print

ХАБАРЛАНДЫРУ! Шет ауданының әкімі М.Жандаулетовтің 2018 жылғы жұмысы туралы аудан тұрғындары алдындағы қорытынды есебі

Р/с№

Елді-мекеннің атауы

Аудан әкімінің

ТАӘ

Өтетін мерзімі

Өтетін орын

мен уақыты

  1.  

Ақсу – Аюлы ауылы

 

Жандаулетов

Марат Жандаулетұлы

08.02.2019

Мәдениет үйі,

Сағат 11.00

 

 Шет ауданының әкімі М.Жандәулетовтың2018 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалысы және 2019 жылы алда тұрған міндеттері туралыЕСЕБІ         Өткен 2018 жыл біздің еліміз үшін тарихи және саяси оқиғаларға толы, табысты жыл болды.        Тәуелсіздігіміздің тірегі, Отанымыздың бас қаласы Астанамызға биыл 20 жыл толды. Туған жеріміз - Шет ауданының 90 жылдық және Шортанбай Жырау бабамыздың 200 жылдық мерейтойларын атап өттік.        Жыл сайынғы барлық әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулері жергілікті жерлердегі мәселелерді анықтауға және оларды шешуге бағытталған.        Кездесулерде халық тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныстар ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларына сәйкес шешілуде.        2018 жылдың қаңтар, ақпан айларындағы кездесулерде айтылған 125 ұсыныстардың барлығы бақылауға алынып, орындалысы қамтамасыз етілді. 2018 жылы аудан әкімдігіне түскен 538 өтініштердің 153-і қанағаттандырылып, қалғандарына түсініктеме берілді.        Елбасы, Үкімет, облыс әкімінің тапсырмаларын орындау барысында тиісті жұмыстар атқарылып, нақты шаралар қабылданды .        Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері 2018 жылдың қорытындысымен толық орындалды.Жыл қортындысымен экономикалық өсім - 113859,8 млн.теңгеге жетіп, жоспар 117,7 %-ға орындалды. (2017 ж – 102241,9 млн.теңге)2018 жылға арналған аудандық бюджет 8 млрд. 339 млн. 715 мың теңге көлемінде бекітілген. Жыл бойы бюджет 3 рет нақтыланды және 2 рет түзетілді. Субвенция көлемі 3 млрд. 851 млн. 238 мың теңге. Трансферт көлемі 2 млрд. 058 млн. 779 мың теңге.2018 жылы 2 млрд. 501,8 млн.теңге теңгенің алым-салықтары түсіп, жоспар 106,6% орындалды. Бюджеттің игерілуі 99,4% орындалды.2019 жылға арналған бюджет 10 млрд. 493 млн. 530 мың теңге, оның ішінде алым - салық көлемі 2 млрд. 726 млн. 468 мың теңге, бұл 2018 жылдан 2 млрд. 153 млн. 815 мың теңгеге артық, субвенция көлемі 3 млрд. 844 млн. 964 мың теңге. Трансферт көлемі 3 млрд. 922 млн. 98 мың теңге.Барлық ағымдағы шығыстар қарастырылды.Аудан экономикасының нақты сектор саласында 2018 жылы 62 млрд. 600 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 165% құрады. (2017 жылы - 46,0 млрд. 439 млн. теңге)        Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі - 11 млрд. 500 млн. теңге болды, жоспар 115% орындалды.        Жалпы өнеркәсіп өнімінің 84,7% тау-кен кәсіпорындарында. Ол ірі кәсіпорын «Нова-Цинк», орта кәсіпорындар «Бапы Майнинг», «Металлтерминалсервис», «Крамдс - Кварцит» өндірістеріне тиесілі. 12,3% өңдеу кәсіпорындарында өндірілсе, 3% коммуналдық қызметтер көрсететін кәсіпорындар үлесінде.        Өткен жылдың шілде айында Мемлекеттік 2015-2019 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында заманауи технологияларға сай келетін "Sary-Arka Copper Processing" ЖШС-ің катодтық мыс зауытының құрылысы аяқталып, «Жаңа индустрияландыру Елбасы бағдарламасы» жобасы аясында 11 желтоқсан күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Астанада онлайн режимде өткен жалпыұлттық телекөпір арқылы ел әлеуетін еселейтін жобалар қатарындағы “Sary-Arka Copper Processing” компаниясының “Алмалы” кен орнындағы зауытты іске қосты.        Жоба бойынша 14,1 млрд теңге көлемінде инвестиция игеріліп, 350 жаңа жұмыс орындары ашылды. Зауыт жылына құрамы 99,99 пайызды құрайтын алты мың тонна катодттық мыс өндірмекші.        Кәсіпорынмен биылғы жылдың тамыз-желтоқсан айларында 6,6 млрд. теңгеге 3,0 мың тонна мыс өндірілді.        Сонымен қатар, кәсіпкерлікті қолдау картасына ағымдағы жылы екі жоба ұсынылды. Олар «Resources» ЖШС-ің «Алайғыр-1 волласстонит кенорнында көпмақсатты пайдаланатын микроұнтақ өндіру бойынша өндірістік кешен құрылысы» жобасы және «Вольфрам Ресурс Груп» ЖШС-ің Ақшатау кенорнында «Паровольфрамат амония өндіретін гидрометаллургиялық завод құрылысы». «Resources» ЖШС-і аудан аумағында 2018-2021 жылдары озық байыту технологиялармен жабдықталған, «Индустрия 4,0» элементтерін қолданатын завод салып, пайдалануға бермекші. Кәсіпорынның өңдірістік қуаттылығы жылына 36 мың тонна инновациялық «Воксил» микроұнтақты құрайды. Зауыт құрылысына 1,7 млрд. теңге көлемінде инвестиция қарастырылса, фабриканың құрылысы кезінде 50 адам, ал іске қосылғанда 62 адам жұмыс орындарымен қамтылады. Кәсіпорынның өндірген өнімінің 25,0 пайызы ішкі нарыққа бағытталса, 75,0 пайызы шетел нарығына шығарылады.        Сондай ақ, «Вольфрам Ресурс Груп» ЖШС-і «Паровольфрамат амония өндіретін гидрометаллургиялық завод құрылысы» жобасы бойынша 3,7 млрд. теңге көлемінде инвестиция қарастырса, фабриканың құрылысы кезінде 50 адам жұмыспен қамтылып, ал зауыт іске қосылғанда 150 жаңа жұмыс орындары ашылып, жылына 436,5 мың тонна паравольфрамат аммония өндіреді деп жоспарлануда.        Ауданда кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдайлар жасалуда.        Шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдар саны жыл қорытындысымен 2805 бірлікке жетіп, 2017 жылдан 6,8 пайызға артты. Осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 4511 адамға жетіп, өткен жылдың көрсеткішінен 100,5 пайызға артып отыр. Шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдарымен өндірілген өнім, көрсетілген қызмет көлемі 27 млрд 746 млн. теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 33,2 пайызға артты.        Жергілікті кәсіпкерлер өз істерін ашуға әр түрлі несиелік қорлардан ағымдағы жылы 1 млрд. 600,0 млн. теңге көлемінде несие алды.        Өз ісін ашып, кәсіпкерлік бастамшылығы бар тұрғындарға аудандық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Бастау-Бизнес» бағдарламасы аясында Ақсу-Аюлы және Ақадыр елді-мекендерінде 6 айлық оқулар өткізіліп, 219 қатысушыға сертификат берілді.        Елбасының «Туған жер» бағдарламасы аясында біршама нысандар: Қызылқой ауылында наубайхана, Ақсу-Аюлы ауылында қызмет көрсету кешені және кірпіш, профлист шығаратын шағын цех және ірі елді мекендерде сауда үйлері мен дүкендер іске қосылды. Осы жылы да кәсіпкерлік саласында бірқатар жобалар жүзеге асырылмақшы.        Ауыл шаруашылығы саласы бойынша өндірілген өнім көлемі 30 млрд. 669 млн. теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 101 пайызға орындалды. Нақты көлем индексі 102 пайызды құрады.        Шартты мал басының саны 6,7 пайызға өсіп, 125,9 мың басты құрап отыр. Ірі қара малдың саны 2,0 пайызға, қой-ешкі саны 1,5 пайызға, жылқы 7,3 пайызға өсті. 2017 жылмен салыстырғанда өндірілген еттің көлемі 2,0 пайызға, сүт 2,1 пайызға және жұмыртқа 1,0 пайызға өсіп отыр.        Азық-түлік тауарлары бағаларының өсуін тұрақтандыру мақсатында 2 рет Астана қаласында, 23 мәрте Қарағанды қаласында және Ақсу-Аюлы ауылы мен Ақжал, Ақадыр кенттерінде әр аптаның бейсенбі күндерінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізілді.        Ауыл шаруашылығын дамытуға арналған бағдарламалар аясында ауданның шаруа қожалықтары шаруашылықтарын дамытып, мал бастарын көбейтуде.         «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 22 шаруа қожалықтары 896,2 млн. теңге несие алып, Ресейдің ветеринариялық ахуалы таза өңірлерінен мал бастарын іздестіріп келісім жүргізуде. Орындалысы 104,5 пайыз. Бүгінгі күнге 220 бас асыл тұқымды ірі-қара мал бастары сатып әкелінді. «Еңбек» бағдарламасы аясында 60 адам 335,8 млн. тенге көлемінде несие алды. «Агробизнес 2020» бағдарламасы бойынша 7 шаруа қожалығы 114,5 млн. теңге, «Іскер» бағдарламасы бойынша 54 шаруа қожалықтары 287,8 млн. теңге несие алып, оған 55 бас ірі қара және 84 бас жылқы сатып алды.        2018 жылы 198 тонна ірі қара мал еті экспортқа өткізіліп, жоспар 100 пайызға орындалды.            Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2018 жылы 925.2 млн. теңгенің инвестициясы құйылды. (197 бас асыл тұқымды ірі қара малы - 67,3 млн. теңге, 97 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары құны - 300,7 млн. теңге және 557.2 млн. теңгеге 154 бірлік күн сәулесінен қуат алатын батарейлер алынды.)        Биылғы көктемде аудан бойынша 20261 гектар жерге масақты дәнді дақылдар соның ішінде 5647 гектар бидай, 14494 гектар арпа және 648 гектар сұлы, 500 гектар майлы дақылдар себілді, 1196 гектарға картоп отырғызылды.        Биылғы қысқа аудан бойынша 360,0 мың тонна шөп дайындалды, жоспар 102,8 пайызға орындалды. (Жоспар -354,0 мың.тонна).        Аудан бойынша тіркелген 1 197 шаруа қожалықтарына                2 млн. гектар жер бекітіліп берілген. 2017 жылы жерлерін тиімді пайдаланбай отырған 51 шаруа қожалықтары өз еріктерімен 33,0 мың гектар жерлерді мемлекеттік қорға қайтарса, 2018 жылы 71 шаруа қожалығы пайдаланбай отырған 39677 гектар жерін қайтарды, оның 7508 гектар егістік, шабындық – 616 гектар, жайылымы -26 528гектар.        2018 жылы 91,1 мың гектар ауылшаруашылығы жерлері айналымға енгізілді, оның ішінде 241 гектар егістік. Бұл шартты мал басының 4,5 мың басқа өсуіне және 1600 тонна дәнді-дақыл алуға мүмкіндік туғызды.        Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні аудан аумағында эпизоотиялық жағдай тұрақты.        2018 жылы зерттеулер қорытындысымен 413 бас ірі қара бруцеллезге шалдығып, толықтай ет өңдеу кәсіпорындарына өткізілді.        Ауыл шаруашылығы жануарлары ірі қара, ұсақ малдармен жылқылар базаға толықтай енгізілді.        Аудан бойынша тіркелген 16 сібір жарасы көмінділерінің 11-і аудандық бюджеттен бөлінген 7,0 млн. теңге қаражатқа санитариялық талаптарға сәйкес қоршалып, сақтандыру белгілері қойылды.        Ауданда 20 мал сою нысандары жұмыс істеуде. Аудан елді мекендеріне шаққанда тек 75,0 пайызға қамтылып отыр.       Аудан көлемінде 13 мал қорымы пайдалануға берілген. Оның ішінде 5 тұрпатты, 8 жадағай. Аудандық бюджет арқылы 12,0 млн. тенгеге 1 жылжымалы пеш инсинератор алынды. Мал қорымдарын күтіп ұстауға аудан бюджетінен                2 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.Коммуналдық салаға 2018 жылы аудандық бюджеттен 606 млн. 113,9 мың. теңге бөлінді. Оның ішінде: аббаттандыру мен көркейтуге – 206 млн. 950,9 мың теңге; санитарлық тазалауға – 2,9 млн. теңге, су құбыры жүйелерін ағымдағы жөндеуге және күтіп ұстауға – 20,0 млн. мың теңге; автокөлік жолдарын ағымдағы жөндеуге және қыс айларында күтіп ұстауға 374 млн. 063 мың теңге; елді мекендерде жол жүру қозғалысын реттеу жабдықтары мен құралдарын орнатуға – 2,2 млн. теңге.Елді мекендерді көркейту, абаттандыру және жарықтандыру мақсатында 2018 жылы аудандық бюджеттен 206950,9 мың теңге қаржы бөлінді.Ірі кенттер мен ауылдардағы көшелерді асфальттау, жөндеу, алаңдар мен саябақтар салу жұмыстары, әсіресе ауданның 90 жылдық мерекесі қарсаңында өріс алды. Аудан орталығы Ақсу – Аюлыда кіре беріс арка мен мемориалдық стелла, жаңа алаңда фонтан салынды. Стадион мен Шортанбай жырау саябағы қайта жаңғыртылды.Ақсу-Аюлы ауылында Абай көшесіне темір-бетонды қоршаулар орнатылып, тротуар төселді, жұмыспен қамту бөлімі ғимаратының алаңы абаттандырылды. Ж.Күлейменов көшесінде балалар ойын алыңы орнатылды. Ішкі көше жолдары жарықтандырылды.Ақадыр кентінде екі балалар ойын алаңы, кентке кіре беріс арка, Тәуелсіз Қазақстан көшесіндегі стендт ағымдағы жөндеуден өтті. Абай көшесіндегі жарық бағаналары ауыстырылып, қайта орнатылды.Қарабұлақ ауылының ішкі көшелеріне күн көзінен қуат алатын 34 жарық нүктелері орнатылды.Ақой ауылында 42 электр бағаналарымен жарық нүктелері орнатылды. Ақжал, Нұраталды, Батық елді мекендерінде басқа аудандармен шекараларына Шет ауданының белгілері орнатылды. Мойынты, Кеншоқы, Үнірек елді мекендерінде саябақтарды абаттандыру, декоративтік қоршаулар орнату жұмыстары жүргізілді.Аудан халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытында елді мекендерді көріктендіру, санитарлық және экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңдарына сәйкес аудан аумағында 2018 жылдың 28 сәуірінен «Елді мекендерді санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жөніндегі көктемгі екі айлық» жүргізілді.Санитарлық талаптарды өрескел бұзған жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексінің 505 бабы негізінде 112 ресми ескерту жұмыстарын жүргізу дайындықтары жүргізілді.                       1 адамға әкімшілік хаттама толтырылып 48 мың теңге айыппұл салынды.Санитарлық тазалау іс-шаралары оның ішінде иесіз күл қоқыс орындарын тазартуға аудандық бюджеттен 2,9 млн. теңге бөлінді.Су құбырларын ағымдағы жөндеуден өткізуге, олардың қалыпты жұмыс атқаруына биылғы жылы жергілікті бюджеттен 20,0 млн. теңге бөлініп, Талды, Қарабұлақ елді мекендерінің су мұнаралары ауыстырылды. Қарамұрын, Үңірек елді мекендерінің су құбырларын ағымдағы жөндеуден өткізілді. Су құбырларының қызметіне қосымша су сорғыштар алынды. Қазіргі уақытта су жүйелерінің қызметі тұрақты.2018 жылы облыстық және аудандық бюджеттерден елді мекендердің ішкі көше жолдарын, аудандық маңыздағы жолдарды жөндеу, күтіп ұстау жұмыстарына жалпы 374 млн. 063 мың теңге бөлініп, төмендегідей жұмыстар атқаруға бағытталды.Аудандық маңыздағы автокөлік жолдарын жөндеу, күтіп ұстау жұмыстарына бағытталған қаржы есебінен 202 км жолдарда қыс айларында қардан тазарту, көктем айларында су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізілді. Жаз айларында 56-шы разъезге баратын 36 шақырым жолдың 18 шақырымы тегістелді, қосымша қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Ақшоқы ауылына баратын жолдың 36 шақырымына тегістеу, қосымша қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді.Көктемгі су тасқынының алдың алу шараларын жүргізу мақсатында Ақшоқы ауылына баратын жолдың Жанажұрт, Байбала елді мекендерінің маңындағы жол бөлігіне екі жерден жаңа су құбырлары орнатылды. Шопа ауылына кіреберіс жолдың "Шерубай-Нұра", "Талды" өзендерінің ағысындағы құмға көміліп қалған құбырларды ауыстыру, жолдың үстін биіктету және нығайту жұмыстары атқарылды.Облыстық және аудандық бюджеттері есебінен Ақсу-Аюлы, Ақадыр, Ақжал, С.Сейфуллин, Өспен елді мекендеріндегі ішкі көшелерінің жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.- Ақжал кентінің орталық С.Сейфуллин көшесінің 1,1 км жолына орташа жөндеу жұмыстары, оның ішінде бордюр орнату, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.- Ақадыр кентінің Абай көшесінің жолын 1,5 метрге кеңейту, бордюр орнату және асфальт төсеу жұмыстары, Матросов көшесінің 1,0 км жолына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.        - Ақсу-Аюлы ауылының ішкі көше жолдарын жөндеуден өткізуге М.Жапақов, А.Тлеулин, Ж.Күлейменов көшелерінің №6, 8 қиылыстары, Жаңғұтты би көшесі мен Шортанбай жырау көшелерінің №2, 4 қиылыстары және Шортанбай жырау көшесі мен Ә.Хасенов көшелері аралығындағы қиылыстар орташа жөндеуден өткізіліп, жалпы 3,4 шақырым жолға жаңадан асфальт төселді.- С.Сейфуллин кентінің Аубакиров көшесінің 1,2 км жолына жаңадан асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.- Өспен ауылының Станционная көшесінің 1,0 км жолы орташа жөндеуден өтіп, жаңадан асфальт төселді.Сонымен қатар "Оралэлектросервис" ЖШС мекемесінің демеушілігімен Киікті елді мекенінен Ақшағыл разъездіне баратын 16 шақырым жол салынды.Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында Ақсу-Аюлы, Ақадыр, С.Сейфуллин, Көктіңкөлі, Красная поляна елді мекендерінде және 56-разъездіге баратын жол бойына                    2,2 млн. теңгеге 235 дана жол белгілері орнатылды.2018-2019 жылдары жылу беру маусымына 1 локалдық қазандық арқылы Ақжал кентіндегі барлық әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз етеді оның ішінде 9 тұрғын үй, 2 мектеп, 1 балабақша, 1 мәдениет үйі, 1 пошта және 1 әкім аппаратының ғимараты, 89 дербес АЖҚ арқылы 19 тұрғын үй, 45 білім беру нысандары, 20 мәдениет үйлері, 3 спорт нысаны және 2 денсаулық сақтау ғимараты қамтамасыз етіледі.Аудан бойынша қысқа дайындық шаралары қабылданып, электрмен жабдықтау желісінің 608,0 шақырымы және 86 подстанциялары, 1,3 шақырым жылумен жабдықтау желісі, 10,7 шақырым сумен жабдықтау желісі мен су бұру желісі жөнделді. 28 көп пәтерлі тұрғын үйдің от қазандықтары дайын болды.Ауданда жылу беру маусымы бір қалыпты өтуде. Әлеуметтік нысандарға көмір уақытылы жеткізілді.(18145 тонна) Аудан тұрғындары толықтай көмірмен қамтылды. (68,0 мың тонна)Биылғы жылы Ақсу-Аюлы ауылында көше жарық шамдарын орнатуға 12 млн теңге. Құмжон көшесіне баратын аспалы көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2 млн теңге, «Жан жүргегім Ақсу-Аюлы» белгісінің маңайын абаттандыруға 8 млн. теңге, Тлеулин, С.Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы жолдарды асфалттауға 9 млн. теңге қаралып отыр.Сонымен қатар Ақжал кентінде С.Сейфуллин көшесіне тротуар жасауға 17 млн. теңге қаралды.Батық ауылының орталық көшесінің 1 шақырым жолын орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджет есебінен 50 млн. теңге, аудандық бюджеттен 3 млн. 799 мың теңге қаралып отыр.Ақадыр кентінде Абай даңғылының автокөлік жолдарын асфалттауды жалғастырып, Жарылғап батыр көшесінің жолын асфалттауға 28 млн теңге, балалар ойын алаңдарын салуға 8 млн теңге қаралып, жоспарланып отыр.2018 жылы аудан бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 7 млрд 472,6 млн. теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 137,3 пайызға орындалып отыр.Мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында                  2018 жылы Ақжал кентіндегі 12 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.Ақадыр кентінде 5 қабатты 70 пәтерлі тұрғын үйді қалпына келтіруге облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.С.Сейфуллин кентінде 160 орынды спорт кешенін салуға республикалық бюджеттен бөлінген 315 млн. 400 мың теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2018 жылдың 13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі күніне орай пайдалануға берілді.Өспен, Дәрия, Үңірек, елді-мекендерінде ауыл әкімі аппаратының ғимараттарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.Өткен жылы Ақсу-Аюлы ауылында 100 орынды интернат ғимаратының және Киікті ауылында жаңадан салынатын 150 орынды мектеп жерінің құжаттары рәсімделіп, жобалау-сметалық құжаттары әзірленді. Биылғы жылы жобалау сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, келешекте құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар Еркіндік ауылына жаңадан мәдениет үйі ғимаратын салу үшін жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге аудандық бюджеттен 5 млн. теңге бөлінді.Мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2019 жылы Ақсу-Аюлы ауылында 12 пәтерлі тұрғын үйді салуға республикалық және облыстық бюджеттерінен жалпы                      99 898,71 мың теңге қарастырылып, инженерлі-коммуникациялық ифрақұрылымын салуға 97 874,20   мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда осы тұрғын үйдің құрылысын жүргізуге мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 197 772,91 мың теңге.Сонымен қатар мемлекеттік «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында жергілікті бюджет есебінен 2020 жылы С.Сейфуллин кентінде 12 пәтерлі, Ақсу-Аюлы ауылында 24 пәтерлі және 12 пәтерлі тұрғын үйлердің жобалау сметалық құжаттары әзірленді. Бүгінде бұл құжаттарды мемлекеттік сараптамадан өткізіп, облыстық басқармаға бюджеттік сұраным жолданды.Сондай-ақ аталмыш үйлердің сыртқы инженерлі-коммуникациялық ифрақұрылымы құрлысын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттарын дайындауға 2018 жылы аудандық бюджеттен жалпы 12 640,0 мың теңге қаржы қарастырылды.Ақадыр кентіндегі 11 көп қабатты тұрғын үйлердің ішінде орналасқан жылыту қазандықтарын сыртқа шығарып, 5 ортақ модульдық жылыту қазандығын орнату мақсатында жобалау-сметалық құжаттары сараптамадан өткізілді. 2018 жылы құрылыс жұмыстарын бастау үшін аудандық бюджеттен                  27 094,0 мың теңге қарастырылды. Қазіргі таңда аталған құрылыс жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 230,0 млн. теңгені құрайды.«Ақбұлақ-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақадыр кентіндегі темір жолдың оң жағында орналасқан Оразаева, Боритова, Почтовая, Бекова, Акчатауская, Гарем және т.б. көшелеріне республикалық және облыстық бюджеттерден 256 млн. 492,0 мың теңге бөлініп су құбырлары тартылды. С.Сейфуллин кентіне республикалық және облыстық бюджеттерден 250,0 млн. теңге бөлініп су құбырлары тартылды. Сондай-ақ Мойынты кентіне республикалық бюджеттен 272 млн. 561,0 мың теңге бөлініп, су құбырлары тартылды.Биылғы жылы Ақадыр, С.Сейфуллин, Мойынты кенттерінің су құбырларына республикалық бюджеттен                     1 млрд. 784 млн. теңге, облыстық бюджеттен 526 262 млн. теңге қаралды.Төменгі Қайрақты ауылына су құбырын тартуға конкурстық процедуралар шешімімен 293 427,8 мың теңгеге «НаладочныйЦентрТемиртау» ЖШС-гі мен келісім-шарт жасалып, 2018 жылы Республикалық бюджеттен бөлінген 100,0 млн. теңге қаражатқа жұмыстар жүргізіліп, қаражат толығымен игерілді.«Ақбұлақ-2020» бағдарламасы бойынша Акой, Еркіндік елді мекендеріне жаңадан су құбырын тарту мақсатында биылғы жылы жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге аудандық бюджеттен жалпы 30 418,0 мың теңге қаржы қарастырылды. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының негізгі мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін ауданымызда тиісті шаралар атқарылуда.2018 жылы жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде 1560 адам тіркелсе, 790 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жоспар 100 % орындалды.Қоғамдық жұмыспен қамтылған 531 жұмыссызға 38 млн. 890 мың теңге төленді. Қоғамдық жұмыстарға қатысқан 40 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 66 адам әр түрлі мамандықтар бойынша оқытылды. Ал, екінші бағыты бойынша «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне 219 адам оқытылып, аудан бойынша облыстық қаржылай қолдау қорына 195 адам жолдама алып, 67 адамға 348 млн. 619 мың теңге көлемінде несие берілді.Сонымен қатар «Шет Көмек» ЖШС-не 50 адам жолдама алып, оның ішінде 45 адамға 410 млн. 700 мың теңге көлемінде несие берілді. Оның ішінде жастардың саны- 8 адам 71.8 млн. теңге несие алды. Жалпы аудан бойынша бағдарлама аясында алынған несиенің көлемі 759 млн. 319 мың теңге.Білім беру саласы бойынша2018 жылы мектептердің материалдық – техникалық базасын нығайтуға 65 млн. 784 мың теңге бөлінді.Бұл қаражатқа биылғы жылы интелектулдық кабинеттер, робототехникалар, музыкалық аппаратура, жиһаздар мен мультимедиялық жабдықтар алынды. Жаңа модификациядағы кабинеттермен жабдықталу - 52%. Сонымен қатар, 39 ПИК және 13 принтер алынды. Бүгінгі күні 1 компьютерге 5 оқушыдан келеді. (Облыстық орта көрсеткіш- 5,4)Ю.Гагарин атындағы мектеп лицейінің сыртқы келбетін жаңартып, қаптауға жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті. Аудандық бюджетен 29 млн. теңге бөлініп, ағымдағы жылы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.«BilimLand» платформасы бойынша ауданның 17 мектебі онлайн жүйесіне, 35 мектеп офлайн жүйесіне қосылды.4 мектептің базасында тірек мектебі (ресурстық орталықтар) құрылып, шағын жинақты мектептермен жұмыс істеп отыр.Жаңа оқу жылында аудан мектептеріндегі барлық бірінші, екінші, бесінші және жетінші сыныптарында білім берудің жаңғыртылған мазмұнда дәріс берілуде.2017 жылы 72 млн. теңгеге 2 мектеп күрделі жөндеуден өткізілсе, 2018 жылы 12 білім беру нысанында жөндеу жұмыстары жүргізілді.167 педагог мамандар оқу бағдарламалары мазмұнының жаңаруы бойынша «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы мен «Назарбаев» зияткерлік мектебі шеберлік орталығында арнайы оқудан өтті.3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткіші 100 пайыз. Ауданда 8 балабақша, 30 шағын орталық, оның ішінде 8 шағын орталық толық күнді қызмет етеді.2018 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша 50 орындық бір жеке меншік балабақша және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы 40 орындық балабақша іске қосылды.Аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге, балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыруға аудандық бюджеттен 76,0 млн. теңге бөлінді. Денсаулық сақтау Облыстық бюджет есебінен ауданның денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын күшейту жалғастырылуда.2018 жылы Ақадыр селолық ауруханасына ота жасауға арналған стол, цифрлық флюорографиялық қондырғы және аудандық орталық ауруханаға 27 компьютер, 5 МФУ алынып, жергілікті ауруханалар мен дәрігерлік амбулаторияларға берілді.Аудан бойынша дәрігер кадрлармен қамтылу мың тұрғынға 14,6 промильді құрайды, денсаулық сақтау мекемелерінде 62 дәрігер, 323 мейіргерлер аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді.2018 жылы ауданның емдеу мекемелеріне 3 дәрігер маман келіп қызметке орналасты, оның екеуі жас маман, біреуі тәжірибелі дәрігерлер (1 онколог, 1 акушер-гинеколог, 1- фармацевт). Сондай ақ үш жақты келісім-шартпен Қарағанды және Астана мемлекеттік медициналық Университеттерінде 2 резидент анестезиолог-реаниматолог және акушер-гинеколог мамандығына оқытылуда.Барлық келген дәрігерлер тұрғын үймен қамтамасыз етілуде. "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша 2018 жылы 8 медицина саласының маманына тұрғын үй алуға несие берілді.Жерлесіміз Н.Смагуловтың демеуімен Б.Өтемұратовтың қайырымдылық қоры өз қаражатына Ақадыр кентінде орналасқан селолық ауруханаға "Мерседес" маркалы реанимобиль, автоматты биохимиялық анализатор, үлкен хирургиялық наборларды тегін алып берді.2019-2020 жылдарда ауданымыздың 7 елді мекенінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестікпен модульді ФАП ғимараттары салынатын болады. Сонымен қатар 2019 жылы аудандық орталық аурухананың ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.Аудандық орталық аурухана мен Ақадыр ауруханасында және барлық дәрігерлік амбулаторияларда медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшу іс-шаралары қолға алынып, бүгінде электрондық Денсаулық паспорты мен аудан тұрғындарын қамту 100% құрады. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап «DAMUMed» мобильдік қосымшасын енгізу қолға алынды. Аудан бойынша бүгінгі таңда 9143 «DAMUMed» қолданушы тіркелген.Аудандағы жастардың саны 9239. Бұл аудан халқының 22 пайызы.Жастар саясатын іске асырудың негізгі міндеттерінің бірі - жас адамдардың өнегелік және рухани дамуын қалыптастыру, оларды патриотизмге тәрбиелеу, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту болып табылады. Солардың бірі «Жасыл ел» бағдарламасы. «Жасыл ел» бағдарламасының негiзi Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен қаланған болатын. Бұл игі шара ауданымызда да атқарылып, жақсы бастамаға айналуда.Ең бастысы-жылына қаншама жастарды осы істерге тарта отырып, олардың арасындағы жұмыссыздықты төмендету, бос уақытын тиімді өткізе отырып, еліне қызмет жасау. Биылғы жылы үш ай мерзімді маусымдық жұмысқа 60 сарбаз жұмыспен қамтылды. Ауданымыздың қыз-жігіттері ауданның көркейіп, гүлденуіне білек сыбана кірісіп кетті. Жастар жаз бойы ауданның саябақтары мен гүлзарларды баптап күтіп және демалыс орындарына жөндеу жұмыстарын жүргізді.Жыл басынан бері Елбасы Жолдауын насихаттау, азаматтылық пен қазақстандық патриотизмді дамытуға бағытталған – іс-шаралар, салауатты өмір салтын насихаттауға үндейтін, ұлттық спорт түрлерін дамытуға арналған - іс-шаралар өткізіліп жастардың белсенділігі артуда.Аудан жастары республикалық және облыстық шараларға қатысып жүлделі орындарға ие болуда.Спорт және мәдени салаларды дамыту ерекше назарда. 2018 жылы қаңтар айында аудандық бюджеттен                20 млн. теңге қаражат бөлініп Ақадыр кенті мен Ақсу-Аюлы ауылы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне екі газель автокөліктері сатып алынды.2018 жылы мәдениет саласын дамытуға 460 млн. 598 мың теңге қаржы бөлінді (2016 жылы – 484 мл.443 мың теңге, 2017 жылы – 418 млн 577 мың теңге). Мәдиет ошақтарының материалдық техникалық базасын нығайтуға 8 млн.820 мың теңге бөлініп, 7 мәдениет үйіне көрермендер орындығы, жиһаздар, музыкалық аппаратуралар, компьютерлерлік жинақтар алынды. 2 мәдениет үйінің сахна жабдықтары ауыстырылды.Сонымен қатар, Шабал Бейсекқызы атындағы мәдени-сауық орталығының материалдық техникалық базасын нығайтуға 2 млн. 160 мың теңге бөлініп, музыкалық аппаратура мен сахналық жарықтандырғыш алынды.Аудандық археологиялық-этнографиялық музейге облыстық бюджеттен 4 млн. теңге бөлініп, Шортанбай Қанайұлының 200 жылдығы мен Шет ауданының 90 жылдығына орай Ақсу-Аюлы, Өспен ауылдарындағы музейлердің ішкі залдарына жаңа экспозициялық жұмыстар жүргізілді.«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында Өспен және Киікті ауылдарының мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.Сондай ақ, 2018 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 952 мың теңгеге Ақой ауылдық мәдениет үйінің от қазандығы ауыстырылды.Биылғы жылы Батық ауылының 50 жылдығы, Жарылғап батыр елді-мекенінде ауыл күні және Шет ауданының 90 жылдық мерей тойлары жоғары дәрежеде өтті. Ауданда жалпы қоғамдық саяси ахуал тұрақты. Бүгінгі күні дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтанып, алдын алу бойынша аудан әкімдігі мен діни ақпараттық-насихат тобы «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» діни бірлестігінің Шет ауданы филиалымен тығыз байланыста жұмыс істейді.Аудан бойынша теріс ағымда жүрген тұлғалар тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріледі. Нәтижесіне сәйкес Қазақстан Республикасына қарсы және экстремистік, террористік тұрғыда заңға қайшы әрекеттері анықталған жоқ. Криминогендік жағдай.2017 жылмен салыстырғанда қылмыс тіркелуі 19 пайызға төмендеген, (184-тен 149-ға), оның ішінде көшеде 25% (8-ден 6-ға), қоғамдық орындардағы қылмыс 9,5% (21-ден-19-ға).Бұрын сотталғандармен 8 қылмыс жасалған, (былтырғы жылы-8), мас күйінде 21 қылмыс жасалып 8,7% (23тен 21-ге) төмендеп отыр.2018 жылы аудан аумағында барлығы 1 аса ауыр және 9 ауыр қылмыс тіркелген, оның ашылуы 35,7 % құрады. Есептік мерзімде адам өлтірудің 2 фактісі тіркелген. Автокөлік ұрлау немесе алаяқтық фактілер тіркелмеген. Тергеу мақсатында аймақтық жедел-тергеу және іздеу топтары жұмыстар атқаруда.Қорытындай келгенде тұрғындардың, әсіресе ардагерлердің, ел ағаларының қолдауымен, жергілікті және атқарушы биліктің бірлесе атқарған жұмыстарының арқасында 2018 жылы көптеген бастамаларымыз жүзеге асты. Бұл бәріміздің ортақ табысымыз!Әрине, шешімін табуы тиіс күрделі мәселелер әлі де жеткілікті.Алдағы уақытта Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын, "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын жүзеге асыруда, Отанымызға деген патриоттық сүйіспеншілікті жоғары ұстап, бар күш-жігерлерімізді аянбай жұмсайтынымызға сенімдіміз. Өйткені аудан тұрғындарының, мекемелер мен кәсіпорындардың, кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтардың әлеуеті, мүмкіндігі де, ресурстары да жеткілікті.


Количество посещений: 767


Наверх