print

ТҰРМЫСТАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ

...

2018 жылдың тамыз айында Шет ауданының Бұрма ауылында тұрғын үйде өрт оқиғасы орын алып, соның салдарынан 1 адам қаза тапты.

Өрт-сынау зертханасы маманының қорытындысы бойынша, өрттің шығу себебі сөндірілмеген темекі тұқылынан, сіріңкеден орын алған.

Осындай қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін, төмендегідей өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз:

-жататын орында темекі шекпеңіздер, темекі тұқылдарын балконнан лақтырмаңыздар;

-көп қуатты электр құралдарын тоқ көзіне бір уақытта қоспаңыздар;

-сымы зақымданған электр сымдар жүйесін пайдаланбаңыздар;

-қолдан жасалған тоқ тасмалдағыштарды пайдаланбаңыздар;

-киім-кешекті газдың және электр плиталардың үстінде кептірмеңіздер;

-балалардың отпен ойнауына жол бермеңіздер;

-тұрмыстық химиялық заттарды отқа тақалтпаңыздар;

-жылыту маусымы басталар алдында пештерді жөндеуден өткізіңіздер;

- жылыту маусымы кезеңінде мұржаларды күл-қоқыстан кемінде айына 1рет тазартып тұрыңыздар;

-жанар-жағар майды от тұтатуға пайдаланбаңыздар,

- жанып жатқан пеш пен электр жылыту құралдарын қараусыз қалдырмаңыздар;

-газ баллонды ауыстырғанда баллонның редуктормен герметикалық жалғауын отпен емес сабынды көбікпен тексеруіңіз қажет ;

-үйден шығарда газ және электрқұралдарын өшіріңіздер.

Құрметті аудан тұрғындары! Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар, бұл Сіздің үйіңізді және мүлкіңізді өрттен сақтайды, адамдардың өлімдері мен жарақаттануларын алдын алады!

           Шет ауданы ТЖБ-нің аға инженері

           азаматтық қорғау аға лейтенанты

Е.Сапаров


Количество посещений: 1274


Наверх