print

Шет ауданының Өспен ауылы тұрғындарының назарына!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы  24 ақпандағы № 138 қаулысымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес 2018 жылдың 28 маусымы күні сағат 15.00-де Өспен ауылындағы Мәдениет үйінде Өспен ауылындағы Центральная көшесін қайта атау бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысы өтеді. Барлық ұсыныстар мен ескертпелер

Өспен ауылдық округі, Өспен ауылы, Центральная көшесі, 1 мекенжайында орналасқан Өспен ауылдық округі әкімі аппаратында және Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде қабылданады.

 

Өспен ауылдық округінің

жергілікті қоғамдастық жиналысының

ХАТТАМАСЫ

 

Өспен ауылы                                   № 1                              28 маусым 2018 жыл

                                                                                                                 сағат 15.00.

 

Төраға – Аманжолов Жарас Сарсембаевич - Өспен ауылдық округінің әкімі;

Хатшы – Аханова Майраш – Өспен ауылдық округі әкімі аппаратының   бас маманы;

Шақырылғандар: Өспен ауылындағы Центральная көшесінің тұрғындары – 35 адам (тізімі қоса тіркеледі)

Қатысқандар: Өспен ауылындағы Центральная көшесінің тұрғындары – 19 адам (тізімі қоса тіркеледі) және ауыл тұрғындары С.Р.Абдрахманов,К.Акишев,

Н.Масел, С.Тулеубаев, М.Каден, А.Күлжан, Ж.Аренов, К.Альмаганбетов, А.Шырқаев, К.Абилов, Қ.Ағдарбек, Ж.Абишев, Е.Жумбагамбетов, Б.Кокин, Р.Алиманова. Барлығы: 34 адам.

 

Күн тәртібі:

 

  1. Өспен ауылындағы моральдық тұрғыда ескірген Центральная көшесін қайта атау туралы

 

Тыңдалды:

       Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Өспен ауылдық округінің әкімі Ж.С.Аманжолов:

         Құрметті көше тұрғындары!   Сіздерді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 28 ақпандағы № 17-388-5 тапсырмасына сәйкес, Шет ауданы әкімінің орынбасары А.А.Әбілдиннің хатын негізге ала отырып, Өспен ауылындағы моральдық тұрғыда ескірген Центральная көшесін қайта атау туралы мәселесі бойынша жинап отырмыз. 2018 жылдың 24 мамырдағы «Шет шұғыласы»   газетінің басылымында көшенің атын өзгерту туралы хабарландыру жарияланған болатын.Мен осы жиналысқа дейін округтің жергілікті қоғамдастық мүшелерінің және ақсақалдар алқасының отырыстарын өткізіп, осы отырысқа қатысқандарға көше атауын Сәкен Сейфуллин есімімен атауды ұсындым.Ұсынысым жиналғандар тарапынан бірауыздан қолдау тапқандығын жеткізгім келеді. Сіздердің күн тәртібіндегі мәселе бойынша қандай ұсыныс – пікірлеріңіз бар?

 

         Сөйлегендер:    

           К.Акишев, ауыл тұрғыны, ақсақалдар кеңесінің мүшесі - Алаштың арда ұлы Сәкен бабамыз таныстыруды қажет етпейтіндігін,бәрімізде ол кісіні ардақтап, мақтан тұтатынымызды айта келіп, көше тұрғындарына көше атауын Сәкен Сейфуллин есімімен атауды ұсынды.

           К.Абилов, ауыл тұрғыны,зейнеткер - Осы Центральная көшесі Сәкен Сейфуллин есімімен аталуға сұранып тұрғандығын айтып өтті.  

           К.Альмаганбетов, ауыл тұрғыны ,ақсақалдар кеңесінің мүшесі – Сәкен бабамыз халықтың ұлы , сондықтан ол кісінің есімімен көшелері аталып жатса көше тұрғындары қарсы болмайды ғой деген ойда екендігін жеткізді.                                                                                                            

                                                       -   2   -

         Н.Масел, ауыл тұрғыны,жергілікті қоғамдастық мүшесі – Ауылымызда Сәкен бабамыздың есімімен мектеп, мұражай аталғанмен, бірақ ол кісіге көше атауы берілмегендігін, сондықтан Центральная көшесін Сәкен Сейфуллин көшесі деп атау өте орынды ұсыныс екендігін айтты.

           М.Абдрахманов,Центральная көшесінің тұрғыны,зейнеткер – Айтылған ұсыныстарды толықтай қолдайтындығын, көшелері Сәкен Сейфуллин есімімен аталып жатса құба – құп болатындығын жеткізді.

       А.Кипшаков,Центральная көшесінің тұрғыны, «Мақсат» ш/қ басшысы- Ауылымыздағы көше атаулары ескіргендіктен жаңаша заман талабына сай аталуы керектігін айта келіп, Центральная көшесін Сәкен Сейфуллин көшесі деп қайта атауды қолдайтындығын айтты.

       К.Кулжабеков, Центральная көшесінің тұрғыны – Сәкен бабамыз қандай құрмет көрсетсе де лайық тұлға, көшеге Сәкен Сейфуллин есімі беріліп жатса көше тұрғындары қарсы болмайтындығын жеткізді.

       Ж.Серкебаев, Центральная көшесінің тұрғыны – Көше атауын қайта атау құптарлық іс екендігін айта келе, көше ҰОС ардагерлеріне орнатылған ескерткіштен бастау алатындығын ,осыған орай ардагерлерге де лайықты құрмет көрсету керектігін айтып өтті.

     Ж.С.Аманжолов, округ әкімі – Көше атауы Сәкен Сейфуллиннің есімімен аталып жатса,келер жылы Сәкен бабамыздың 125 жылдық торқалы тойына тамаша тарту болатындығын жеткізе отырып,шешімін таппайтын мәселе болмайтындығын, бірақ сол мәселені бірлесе, ақылдаса отырып шешкен дұрыс екендігін айтып өтті.

 

 

       Жарыс сөз тоқтатылсын деген ұсыныс түсуде. Жарыс сөз тоқтатылды.  

Түскен ұсынысты дауысқа салайық:

1. Центральная көшесін Сәкен Сейфуллин көшесі деп қайта атауды

                               қолдағандар – 15

                              қарсы – 2

                               қалыс қалушы – 2

 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қоғамдастық жиналысы қорытындылай келе, келесідей ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. «Центральная» көшесі «Сәкен Сейфуллин» көшесі болып қайта аталсын.

                                    

      

 

 

Жиналыс төрағасы:                                             Ж.С.Аманжолов

 

Хатшысы:                                                              М.Аханова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                                  Қосымша 1

 

 

Өспен ауылындағы Центральная көшесінің

жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысқан тұрғындарының тізімі

 

 

Р/с

Аты-жөні

1

Серкебаев Жангельды

2

Абдрахманов Кайрат

3

Рыспеков Булат

4

Смагулов Омиртай

5

Аманжолов Жарас

6

Дюзельбеков Серикбай

7

Суйеубаев Жуматай

8

Тажентаев Ермек

9

Тұңғышхан Шынар

10

Сарбасов Ақсұлтан

11

Балгабеков Ерик

12

Кошкарбаев Аскар

13

Кульжабеков Куаныш

14

Абдрахманов Мерген

15

Кашкынбеков Нуржан

16

Кипшаков Аскар

17

Оспанов Болат

18

Тусупов Кубайда

19

Ибраев Аян

 

 

 

 

Өспен ауылындағы Центральная көшесінің

жергілікті қоғамдастық жиналысына шақырылған тұрғындарының тізімі 

Р/с

Аты-жөні

1

Серкебаев Жангельды

2

Абдрахманов Кайрат

3

Рахимжанов Дюсен

4

Кипшаков Ержан

5

Смагулов Омиртай

6

Кашкынбеков Нуржан

7

Аманжолов Жарас

8

Елубаев Асет

9

Амалбеков Алмаз

10

Дюзельбеков Серикбай

11

Суйеубаев Жуматай

12

Оспанов Болат

13

Тажентаев Ермек

14

Тұңғышхан Шынар

15

Сарбасов Ақсұлтан

16

Алтынбеков Турсын

17

Балгабеков Ерик

18

Сейсембеков Талгат

19

Кульжабеков Куаныш

20

Абдрахманов Арман

21

Османов Амантай

22

Кипшаков Аскар

23

Бейсбекова Балхия

24

Макашева Кайыркеш

25

Канатбеков Аубакир

26

Абдрахманов Мергенбай

27

Рыспеков Булат

28

Кенжебаев Жомарт

29

Шаукентаев Рахат

30

Тусупов Турбек

31

Ибраев Аян

32

Тусупов Кубайда

33

Шаукентаев   Бекежан

34

Оспанова Рымбала

35

Кошкарбаев Аскар


Количество посещений: 1486


Наверх