print

Жалпыға бiрдей құқықтық оқу өткізілді

...

Жуырда аудан әкімі аппаратының жетекшісі О.Стыбаевтың бастамасымен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының талаптарын түсіндіру бойынша және

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес Электрондық Үкімет порталы» арқылы қызмет алуды үйрету мен «Үшінші тұлғамен анықтама алу сервисін» қолдану туралы құқықтық оқу ұйымдастырылды. Құқықтық оқуға ауылдық округтер мен кенттер әкімдері, мемлекеттік қызмет көрсетуші мекеме басшылары мен мамандары және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Шет аудандық департаментінің өкілі қатысты.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қабылданған стандарттар мен регламенттерді сақтау үшін атқарылатын шаралар талқыланды және оларды бұзғаны үшін заңда белгіленген тиісті жауапкершіліктер ескертілді.

Қағаз жүзінде, мемлекеттік корпорация арқылы және «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзімінде және сапалы көрсетілуін үнемі бақылауда ұстау жөнінде тапсырмалар берілді.

Семинарда жергілікті атқарушы органдардағы және мекемелерде мемлекеттік қызметтер алуға қолайлы жағдай туғызу мақсатында жасалып жатқан жұмыстар туралы бөлім басшылардың есептері тыңдалып, тиісті талқылаулар жүргізілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау мен бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау тақырыбындағы сұрақ бойынша ауылдық округтер мен кенттердің есебі тыңдалып, қорытынды шешімдері қабылданды.

Сонымен қатар, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» аудандық департаментінің өкілі тарапынан «Электрондық үкімет» порталы арқылы қызмет алуды үйрету және «Үшінші тұлғамен анықтама алу сервисін» қолдану бойынша арнайы видеороликтер көрсету ұйымдастырылды.

 

                                      Шет ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау

жөніндегі бас инспекторы

ТӨЛЕУҚҰЛОВ НҰРМАН МАРАТҰЛЫ


Количество посещений: 1392


Наверх