print

Ауданның ветеринария бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі

...

«Ауданның ветеринария бөлімі» ММ (Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау 185) (бұдар әрі - Бөлім) тарапынан жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды) сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс обьектілеріне, яғни шаруа қожалықтарымен мал сою нысандарына (мал сою бекеттері, алаңдар) тіркеу нөмірлері беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

Обьект басшылары (шаруа қожалықтарының жетекшілері) бөлімге төмендегі құжаттардың тізбесін тапсырулары қажет:

1. Көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес өтініш;

2. Жеке басын куаландыратын құжат (бірдейлендіру үшін);

3. Қора-жайлардың бар екенін растайтын құқық белгілейтін құжат көшірмесі (қора, үйдің техникалық төлқұжаты);

4. Ветеринариялық санитариялық қорытынды бланкасінің құнын төлегенін растайтын құжат (КБК 202101 есепшотына 35 тенге). Жоғарыдағы құжаттарды тапсырмас бұрын Бөлімінің қызметкері обьектіге және тапсырылған құжаттарға тексеру жүргізіп, олардың сәйкестігінің анықтайды. Тексеріс соңында обьектілердің ветеринариялық (ветеринариялық - санитариялық) ережелер мен талаптарына сәйкестігі анықталған жағдайда ветеринариялық - санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды.

Қызмет алушы (обьект басшысы) құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 5(бес) жұмыс күні ішінде обьектілердің тіркеу нөмірін алады.

         Есептік тіркеу нөмірлері мал сою бекеттері мен шаруа қожалықтарына тұрақты, яғни қожалық құқықтық күшін жойғанға дейін (тарау немесе жойылу) беріледі.

         Мал сою алаңдары жыл сайын қайта тіркеуден өтеді, бірақ есептік тіркеу нөмірі қолданыстағы мерзімі ғана өзгереді.

2017 жылы Бөлім тарапынын 14 қызмет көрсетілген, ал ағымдағы жылдың басынан бүгінгі күнге дейін қызметтер көрсетілмеген. Көрсетілген мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мерзім бұзушылық және шағым тіркелмеген.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы департаментімен және Шет ауданы әкімі аппараты бастамасымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында әр-түрлі іс-шаралар өткізілуде.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер және өткізілген шаралар аудан әкімінің (http://shet-audany.gov.kz)  интернет-ресурсында орналастырылған.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын арттыру және атқарушылық тәртіптің деңгейін көтеру күнделікті бақылауда.

 

«АУДАННЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІ» ММ-НІҢ

БАСШЫСЫ РАҚЫМЖАНОВ А.Н.


Количество посещений: 1642


Наверх