print

Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды.

...

Қарағанды қаласында 2018 жылдың 18-19-ші мамыр аралығында дзюдо күресінен Қарағанды облысының біріншілігі болып өтті. Біріншілікке облыс бойынша 21 команда, 335-ге тарта спортшылар қатысып жарыс нәтижесінде Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты Ақсу-Аюлы ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары Даткин Махамбет 42 келі салмақта ІІІ-орын, Оспан Шұғыла 48 келі, Еркінұлы Ибрагим 55 келі салмақ дәрежелері бойынша ІІ-орынға ие болып, маусым айының 14-16 жұлдызында Павлодар қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды. Спортшыларды дайындап жүрген бапкерлері А.Асылбеков, Е.Абишевтерге спортшыларымызға сәттілік тілейміз.

 


Количество посещений: 1525


Наверх