print

Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған асық ату, кір тасын көтеру, арқан тарту жарыстары өтті.

...

Біріншілік 2018 жылдың 09 мамыр күні Ақсу-Аюлы ауылында үлкен саябақта сағат 19-00 де басталды. Жеңімпаздармен жүлдегерлер Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы грамотасымен, медальдарымен марапатталды. Мектеп оқушылар арасында асық ату жарысына 19 спортшы қатысып Балғажан Нұртас 1-орын, Төлеуов Досан 2-орын, Қыбышов Әлімжан 3-орын алды. Арқан тарту жарысына Саябақ, Барыс, Қыран, Ұлан, жастар, Достық, Ішкі істері бөлімі, Басжақ, жалпы жарысқа 8 команда, 40 спортшы қатысты. Жалпы командалық есепте Жастар командасы 1-орын, Достық командасы 2-орын, Саябақ командасы 3-орынды иеленді. Кір тасын көтеру жарысына 7 спортшы қатысып Бөлкенбаев. А 1-орын Калинов. Р 2-орын, Жұмашов. А 3-орын алды. 

  


Количество посещений: 1625


Наверх