print

Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған мемлекеттік мекемелер арасында шағын футболдан аудандық ашық біріншілік өтті.

...

Біріншілік 2018 жылдың 06 мамыр күні Шет ауданы орталығы, Ақсу-Аюлы ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт алаңында сағат 9-00 де басталды. Жеңімпаздармен жүлдегерлер Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы грамотасымен, медальдарымен және кубоктармен марапатталды. Жарысқа Сәкен Сейфуллин кентінің өрт сөндіру бекеті, Шет ауданының әкімінің аппараты, Шет ауданының әкімдігі, Шет ауданының ішкі істері бөлімі, Ж.Ақылбаев атындағы эсперименталдық мектеп-гимназия, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия, Шет ауданының жастар ресурстық орталығы, жалпы жарысқа 7 команда, 56 спортшы қатысты. Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған мемлекеттік мекемелер арасында шағын футболдан аудандық ашық біріншілгінің ашылу салтанаты сағат 10-00 де басталды. Жарыста құттықтау сөз, Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жомарт Қаиыргелдіұлына сөз берілді. Жалпы командалық есепте Шет ауданының ішкі істері бөлімінің командасы 1-орын, Сәкен Сейфуллин кентінің өрт сөндіру бекетінің командасы 2-орын, Шет ауданының әкімінің аппараты командасы 3-орынды иеленді 

      

         


Количество посещений: 1831


Наверх