print

Ардагерлердің батасын алды

...

Ауданымыздағы  жастар ұйымдарының ерікті жасақтары Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне қолғабыс, көмек көрсету, оларды барынша құрметтеу, жас ұрпаққа ардагерлерді үлгі ете отырып, жастарды ардагерлерден тағылым алуға баулу, жастарды еңбексүйгіштікке, мейірімділікке, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу игі іс-шараның басты мақсаты. 
      Міне, осындай ардагерлер мен жастар арасындағы ұрпақтар сабақтастығын орнату мақсатында аудан әкімі М.Жандәулетовтың тапсырмасына орай, 25 сәуір күні «Ардағым-Ардагерім» акциясы бойынша ауданының жастар ресурстық орталығының қызметкерлері И.Жакупов пен А.Нағыметов Шет Агротехникалық колледжінің оқытушысы Д.Төлеуовтердің    басшылығымен аудан тұрғындары, Ұлы Отан Соғысы ардагері Мұқажан Ақажановтың және Шәукей Жұқановтардың үйлеріне барып, картоп отырғызатын орындары қазылып көмек көрсетілді. Ерікті жасаққа агротехникалық колледжінің бір топ студенттері жұмылдырылды. 

 

Мұқажан ардагердің қызы Г.Мұқажанқызы мен Шәукей ардагердің ұлы Р.Жұқанұлы:
- Үлкендерге, зейнеткерлерге және ардагер қауымына үлкен құрмет көрсетіп жатқан белсенді жастарға орасан зор ризашылығын білдірді. 
        Ал, студент жастарынан құралған топтың жасап жатқан жұмысын алыстан көз шалған көрші-қолаң  осындай белсенді әрі жігерлі, бойларында отансүйгіштік қасиеттері бар, еңбекқор жастардың бар екеніне қуанатынын, сонымен қоса, қарттарға қамқорлық жасап, ардагерлердің көңіл-күйлерін көтеріп, қолдап жатқандары үшін алғысын жеткізді. 
Белсенді жастар мұндай сенбілікті айына екі рет өткізіп отыруды жоспарлаған.

Жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі


Количество посещений: 1776


Наверх