print

Доклад отчета акима сельского округа Шет

  Құрметті  Марат Жандәулетұлы!

Құрметті аудан басшылары, ауылдастар!

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 05 ақпандағы №190  Жарлығын  орындау мақсатында  жылдағы үрдіс әкімдердің халық алдында есеп беруінің басталуы. Елбасымыздың көреген сындарлы саясатының арқасында жылдағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы бола­шаққа, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы мақ­саттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қа­дам» базасында оның бес негізгі басымдығын айқындап берді. Олар экономиканың әлемдік өсімін және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған.әлемде бәсекеге қабылеттілік болып жатқан қаржы дағдарысының алдын алу шараларын бекітіп, нақты тапсырмалар берді.Биылғы 10 қаңтар 2018 жылғы Елбасы Жолдауындағы 10 басымдық  ауыл халқына жағдай жасау, білім беру, әлеуметтік жағдайына бағытталған.Ауыл тұрғынының жүрегінде туған жерге, Отанға деген мақтаныш патриоттық сезімі болып, ауылдың көркейуіне бір кісідей араласса, ауылымыз дамып, алар асуымыз көп болар еді.

Шет ауылдық округінің жалпы жер көлемі 139347 гектар болса, бұның 63970 гектары шаруа қожалықтарының жері, қалған жерлерін жұртшылық шаруашылықтары пайдаланып отыр және пайдаланбағаны мемлекеттік жер қорында тіркеуде тұр. Шет ауылдық округіне  қарасты 4 елді мекенінде тұрғындар негізінен мал, егін шаруашылығымен айналысады. округте округіндегі 183 отбасында 887 адам тұрады, оның ішінде еңбекке қабілеттісі 550 адам, 21  шағын кәсіпкерлік, 93 шаруа қожалығы тіркелген.  Жұмыссыздар тіркеуінде жыл басынан бері жұмыс іздеуші ретінде 32 адам тіркелсе, оның 24 адам тұрақты жұмысқа,6 адам қоғамдық жұмысқа, 2адам қайта даярлау оқуына жіберілді. Зейнеткерлер саны – 77,балалар жәрдемақысын алатындар –  4 отбасы, денсаулықтары жарамсыздар, мүгедектер – 22, асыраушысынан айырылған отбасы – 5, ауған соғысына қатысқандар – 2, тылда еңбек еткендер – 5, алтын алқалы –39,күміс алқалы – 38 ана бар.

Ауылдық  басқару жүйесі әкімшілік бойынша жыл басынан бері әкімшілікте   мамандармен толық қамтылған.  Жыл басынан бері әкімшілікке анықтама алу үшін ауызша 260  өтініш түсіп, барлығы уақытында толығымен қанағаттандырылды.    Ауыл әкімі аппаратында азаматтардың яғни, заңды және жеке тұлғалардан  4  өтініштері уақытылы қаралып жауаптары берілді. Әкімдік тарапынан түсініктемелер беріліп, қолымыздан келген көмек жасалады.  2017 жылы әкімшілікке жергілікті полиция қызметкеріне жихаз. компьютер  алуға 382 мың тенге ,   рәміздерге 150 мың тенге қаржы қаралып,  181 мың тенге қаржыға компютер  алынды.        

Ауылды көркейту мен дамыту үшін жан – жақты инвестиция тарту жұмыстары қолға алынуда. Бұл мақсатта аудандық деңгейде жоспар анықталып берілген.   2016 жылы жоспар 15,4 млн. теңге болса орындалысы 25,9 млн. болса, 2017 жылы берілген жоспар 15,4 млн. теңге болса, орындалысы 13,6млн теңгені құраса, ал кіші кәсіпкерлікті қолдау мақсатында ауылдық округ бойынша   «Жұмыспен қамту -2020» мемлекеттік бағдарламасының кіші кәсіпкерлікті қолдау  арқылы 4 адам 18 млн.несие алды.Бұлар «Игілік» бағдарламасы арқылы 2 адам, «Кәсіпкер» бағдарламасы арқылы 1 адам, «Береке» бағдарламасы арқылы 1 адам несие алып, ірі қара мал бастарын алды. 

Екі үйдің құрлысы 264  шаршы метрді құрап отыр.Салынған құрлыс Жұмашев Асан 5млн 320 тенге,Қалижанов Айдар 8млн 330 мың тенгеге бағаланды. 

         Ауыл-шаруашылығы саласы бойынша

Еліміздің экономикасының бір бөлігі ауылшаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар айтарлықтай. Оның дәлелі округ бойынша мал бастары өсу үстінде.  Жалпы 93 шаруа қожалығы мен 21 кәсіпкер тіркелген. Қосалқы шаруашылықтарда тіркелген мал бастарына тоқталар болсақ: 2016 жылы ірі қара 2344 бас болса, 2017жылы 2409 бас болды . 2016 жылы жылқы 1251 бас болса, 2017 жылы 1328 басқа жетті. 2016 жылы ұсақ мал 3246 бас болса,2017 3304 бас. Мал емдеу, қан алу шаралары бойынша ірі қарадан 7 бас ауруға шықса, қойдан 1 бас оң нәтиже берді.

Қазіргі таңда мал басын асылдандырып, мал бастарын шаруашылықтарын ұлғайтып,мемлекеттік қолдаудан «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары арқылы мал алуға ниет білдірген шаруа қожалықтары бар. Мұнда біраз шаруа қожалықтары бұқа сатып алуда. Қолдан ұрықтандыру мәселесі де қолға алынған. Округте шаруа қожалықтары  ет, сүт өнімдеріне субсидия алып отыр. Жалпы округ бойынша «Ауыл сүт» мекемесіне 722728 тонна сүт өткізіп,7млн.310 мың тенге субсидия алынды.

Қармыс ауылында «Жарас» ш/қожалығымен мал бордақылау алаңы және мал сою пункті жұмыс атқарып тұр. 

 Биылғы жылыда шаруа қожалықтары дала жұмыстарына қатысып, өздеріне қажетті жем-шөп дайындап, ауыл тұрғындарын шөппен толықтай қамтамасыз етуге үлкен еңбек жасады. 2017 жылы 16 мың тонна шөп жиналып, 2017 жылға берілген жоспар толықтай орындалды.   

2016 жылы Қармыс, Құттыбай, Үңірек елді мекендеріндегі 6 шаруа қожалығы 930 гектар жерге егін,210 гектар екпе шөп барлығы 1140га жерге себіліп,  780 тонна астық жинаса, өткен 2017 жылы 962 гектар жерге  дәнді дақылдар,280 гектар екпе шөп барлығы 1242га жерге себіліп, 1278,4 тонна астық орылды, орташа түсім гектарына 13 центнерден айналды. Егін алқабы    ұлғайуда.    

Жалпы кейінгі жылдары округте көкөніс егу дамып келеді, оның ішінде картоп егу 2016 жылы 5 гектар болса, 2017 жылы 6,5 гектар, оның ішінде 5,3 га картоп,0,55 қызанақ,0,25 қырық қабат,0,4 қияр.

           Сонымен қатар жылдағы  барлық елді мекендерде жүргізіліп жатқан көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық- тазалау жұмыстары біздің де округте өз мәнінде атқарылды деп айтуға болады. Мұнда демеушілердің көмегімен  50 түп гүл, 10түп ағаш көшеттері  әкелініп, әкімшіліктің, мектептің алдына отырғызылды. Ағаш көшеттерінің бұтақтарын кесу жұмыстары жасалды. Әр бейсенбі сайын тазалық жұмыстары жасалды.Сонымен қатар ауыл көшелеріне баннер, билборд орнатуға 25 мың тенге қаржы қаралып, көшелерге орнатылды. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында үшінші бағыты арқылы  8млн қаржыға ТОО «АКZ» арқылы көше аралық көтерме жол жасалды.Сонымен қатар ауылдаға қалған жолдар тегістеліп,жөндеу жұмыстары жасалды. Осы бағдарлама арқылы көше жарықтандыруға 8млн 520 тенге қаралып, күннен қуат алатын көше шамдары орнатылды. Сонымен қатар тоқ көзінен алатын көше шамдары орнатылуда. Жылдағы көктемгі, күзгі тазалық айлары өз мәнінде өткізілді.Дегенмен өткен жылы 4 елді мекеннен жалпы 750 тонна күл – қоқыстар сыртқа шығарылды. Олар Сәкен Сейфуллин атындағы кентте орналасқан «Бірлік»ЖШС мекемесінің техникалары, сонымен қатар Ақой ауылының  кәсіпкерінің техникаларын пайдаланып, ауылдан  күл қоқыстар шығарылды. Бұл жұмыстар жылда өз жалғасын таба бермек.

Қыс айларында ішкі  жолдарды ұстауға бөлінген қаржыға, округ бойынша ауылдардағы шаруа қожалықтарының техникасын пайдаланып, ішкі жол мүмкіндігінше тазалануда. Мұнда әр ауылда орналасқан шаруа қожалықтарымен келісім шартқа отырып, жолдар аршып отыру жоспарлануда. 

Коммуналдық сала бойынша

  Елді мекендер толығымен ауыз- сумен, электр жарығымен қамтамасыз ету қазіргі таңда жайлап шешімін табуда. Ауылда 12 колонка жұмыс істейді.  Өткен жылы біраз ақаулар шығып, бірақ өз күшімізбен жасалды.    Әлі де су мәселесі күн тәртібінде тұрады.

Ауылды электр тоғымен қамтамасыз етуде Шет энерго мекемесі жұмыс жасауда. Мұнда  халықты тоқпен қамтамасыз ету жайлап шешімін табуда. Әлі де жел тұрып боран, жауын шашын уақытында тоқ сөніп қалу жағдайлары болып тұрады.  

 Мұның бәрі жабдықтардың ескіруінен.Бүгінгі күні 24 нүктенің шамы  жанып тұр. 2016 жылы көше шамдарын ұстап тұруға 250 мың қаржы қаралса,2017 жылы 330 мың қаржы қаралып, ай сайынғы көше шамдарын ұстап тұруға жұмсалды.Сонымен қатар халықтың сұрауы бойынша 400 мың тенге қаржы қаралып, Қармыс, Тұмсық елді мекендеріне, Үңірек ауылының бір көшесіне  көше аралық көше шамдарын орнату жоспарланып отыр. Мұнда округке қарасты елді мекендердегі көше жарықтандыру мәселесі жайлап өз шешімін табуда.  

         Байланыс саласы бойынша

Округ бойынша  Қазақтелеком байланыс жүйесі бар. Округ бойынша 203 үйге телефон   және 53 нүктеге  интернет  орнатылған, яғни 131 Үңірек бойынша 67 елді мекендерде. Мұнда 3 заңды тұлға 45 жеке тұлғаларда орнатылған. Ауылға интернет жүйесін орнату жайлап шешімін табуда. Осы ағымдағы жылы жаз айында ауылды толық интернетпен қамту жоспарлануда. Ауыл поштасы  әкімшілік ғимаратының бір  бөлмесінде орналасқан. Зейнетақы берер кезде ғана осы жерде отырады. Зейнетақы, балалар жәрдемақысы уақытылы берілуде.Жылу жүйесі тартылған. Былтырғы берілген баспасөзге жазылу жоспары 116,5 пайызға  орындалды. Мұның бәрі ауыл поштасының тұрғындармен  жақсы қарым – қатынаста жұмыс жүргізуінің айғағы.  

 Білім беру саласы бойынша

Шет ауылдық округі бойынша 1 орта, 2 бастауыш мектептерінде барлығы 128 оқушы, 35 мұғалім,  36- шаруашылық қызметкер жұмыс жасауда.Мектепте ұстаздармен толық қамтамасыз етілген. Мектеп дейінгі даярлық тобында 20 бала бар. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы негізінде 1 жас маман келді.Ол  денешынықтыру пәні мұғалімі.Осы мектептердің  техникалық жабдықтары бүгінгі талапқа сай  жабдықталуда. Оған мысал аудандық білім бөлімі арқылы 800 мың тенге қаржыға мектепке керек жабдықтар алынды.Мектептің кіре берісіне  линолум төселді, шамдар орнатылды. Мектеп ғимаратының шатыры,жылу жүйесі жасалғанмен, терезелерін, жылу қазандығын ауыстыруға қаржы қаралса.Үңірек мектебіне 250 тонна   көмірі  түсірілді. Қармыс мектебіне- 20 тонна, Тұмсық мектебіне 10 тонна.Көмір жеткілікті. Оқушыларға ыстық тамақ беру мәселесі жолға қойылған.Абаттандыру бойынша мектеп алдына гүл, ағаш көшеттерін отырғызуда біраз жұмыстар атқарылды.

Жалпы округ көлемінде өткізілетін іс – шаралардың басы – қасында мектеп ұжымдары үлкен белсенділік көрсетіп, ат салысуда. 

Спорт саласы округ бойынша өз мәнінде атқарылуда. Бұған мысал әкімшіліктің ұйымдастыруымен округ бойынша әр түрлі спорттық жарыстар өткізілуде. 2016 жылы аудандық жазғы спартакиада  ауыл командасы жүлделі 3-ші орынды иеленсе, 2017 жылы сол нәтижені көрсеттік. Аудандық «Қарлы қыс-2017» қысқы спартакиадасынан командалық үшінші орын, ал аудандық қазақ күресіненде жүлделі орындардан көріндік. Қазіргі таңда спорттық жабдықтар алынса деген ауыл жастарының ұсыныстары бар. Болашақта шешімін табар деген ойдамын. 

         Мәдениет саласы бойынша

         Шет ауылдық округінің тұрғындарының мәдени және саяси іс- шараларды өткізулері ауыл әкімдігімен тығыз байланыста, бекітілген жоспар бойынша жүргізіліп отырады. Барлық мереке кең көлемде атап өткізілуде. 2017 жылы 83 іс-шаралар өткізіліп, аудандық газетке 15 мақала берілді. Мұның бәрі мәдениет үйі қызметкерлерінің атқарып жатқан жұмыстарынан көруге болады. 2016 жылы сметалық құжаттары жасалып дайындалып, осы 2018 жылы жөндеу жұмыстары жасау жоспарлануда.  Кітапхана бойынша   2016 жылы кітап қоры 7599 дана болса,2017 жылы 7816 дана. Жыл басынан бері 150 дана кітап алынды.   Кітапханашы әкімшілік,мектеппен тығыз байланыста. Қазіргі таңда компютермен қамтамасыз етілген.  

Медицина саласы бойынша Ауыл халқын медициналық қызмет көрсетуде Жарық  кенті СВА –сына қарасты ФАП жұмыс атқарады.  2 медбибі Үңіректің басында, 1 медбибі Құттыбай мен Қармысқа, 1 медбибі Тұмсық ауылының тұрғындарына қызмет атқарады.  10 тонна көмір түсірілді.

 Сонымен қатар есепте 2016 жылы 21 адам болса, 2017жыл 3 адам  тұр. Оның ішінде артериальная гипертензия 3 адам. Ана мен баланың жағдайына келсек,  ана мен баланың денсаулығына ауылда қатты көңіл бөлінеді.Округіміз бойынша 1 жасқа дейін 6 бала тіркеуде. 2017 жылы туған бала 6. Туберкулезбен жыл басынан ауырған адам болған  жоқ. Бірақ айына бір рет Жарықтан дәрігерлер келіп қабылдау жүргізу қолға алынған. Бұл сала бойынша ғимарат мәселесі күрделі жөндеуді қажет етеді.  Бірақ материалдық техникалық база жайлап жаңартылуда. Қазіргі талапқа сай компютермен жабдықталуы қажет.Тұрғындарды тіркеуде қиындықтар туындауда.  Бірақ келешекте шешімін табады деген сенімдемін.

          Діни сала бойынша Ауылда бір мешіт «Үңірек ауылы»  мешіті бар. Ауыл имамы Амангелді  ақсақал халықпен тығыз байланыста болды. Ауылымызда ауыл халқын имандылыққа тәрбиелеуде мешіт үйі жұмыс жасайды. Қадір түні, Мәуліт, Оразада, намазға жиналып, құрбандық шалынып отырады. Мешітті күрделі жөндеуден өткізу мақсатында игі шара қолға алынып,   жөндеу жұмыстары жалғасуда.  Жалпы округте өтетін  іс-шараларға ауыл халқы тегіс ат салысады десем артық емес.

    Мешітте  аз қамтылған отбасыларына бір жолдық көмек ұйымдастырылып тұрады.  Осындай игілікті істерге көпшілік араласып, көптен жасала берсе, нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын. Қазіргі таңда ауыл имамы болған   басқа жаққа көшуіне байланысты мешітте имам болмай тұр.

         Құқық саласы бойынша округте аса ауыр қылмыстар тіркелген жоқ, басқа жерлердегідей белең алып тұрған мал ұрлығы былтырғы қарағанда биыл  тіркелген жоқ.  Учаскелік инспектордің арласуымен  құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша  іс-шара жоспары жасалып, жұмыстар атқарылуда. 40 хаттама толтырылды, оның ішінде 24 тазалық бойынша, 13 ескерту ит бойынша, түнгі уақытта жүру 3, Ауылдың қоғамдық тәртібін сақтау осы учаскелік инспектордың еншісінде. Ай сайын халық арасында түсіндіру жұмыстары  жүргізіліп тұрады.

         Басқада мәселелер бойынша 

 Ауыл болғандықтан мал бағылымы туралы айтпай кетуге болмайды. Жылқы бағылымы – арнайы жылқышылары бар, шешімін тапқан, ірі қара мен қой – ешкіні бағуда арнайы бақташылар жоқ, кезекпен бағылады. Алдында тұрғындардың жиындарында қаншама айтылса да, бірді екілі мал иелері өз кезектерінде малды дұрыстап бақпай келеңсіздіктер туындап жатады. Осындай жауапкершіліксіздің салдарынан мал ұрлығы орын алады. Осының бәрін алдын алу үшін учаскелік инспектордың қатысуымен кездесулер жүргізуде. Сондықтан ауыл халқының жауапкершілігін арттырсақ нұр үстіне нұр болар еді.

Атқарылған істермен қатар, алда тұрған атқарылар міндеттер өте көп. 

«Ауылына қарап, азаматын таны» дейді бұрынғылар, олай болса ауылды көркейтуге бір кісідей атсалысып, еңбек жасайық!

 Ауылымыздағы аталып өтіп жатқан мерекелерге  атсалысып көмек қолын созған ауыл азаматтарына,ауылымыздың сыртта жүрген азаматтарына , ауыл жастарына осы үлкен мінбеден халық алдында алғыс айтсам ба дегенмін. Осындай елін, жерін сүйген азаматтармен біз қандай мәселе болса да шешеміз деп ойлаймын!

  «Бірлік бар жерде тірлік бар» дегендей ауылымыз көркейіп, бірлігіміз  нығая берсін. 

 Өткен 2017 жылғы атқарылған істерді айта келіп, биылғы жылғы шешімін табар деген мәселелерді атап айтпақпын.

  1. Ауыл әкім аппаратының ғимаратын жөндеу;
  2. Ауылдың мәдениет үйінің жөндеу жұмыстары.

 

Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет  

 


Количество посещений: 1677


Наверх