print

Доклад отчета акима сельского округа Ортау

 

Құрметті Марат Жандаулетұлы!

Құрметті ауыл тұрғындары!

 

         Өзіме жүктелген міндеттерді атқаруда жүргізіп жатқан жұмыстар туралы  есептік баяндамамды ұсынамын.

         Ортау ауылдық округі бойынша мағұлмат:

Ортау а/о жалпы жер көлемі – 204 996 гектар, Елді мекеннің жалпы жер көлемі – 14 824 гектар,  Шаруа қожалықтары – 50, Мал сою бекеті – 1 (Рахымбек қыстағы «Әлішер» шаруа қожалығы), Шаруа қожалықтарының жер көлемі – 145 560 гектар, Аудандық жер қатынастары бөліміне тексеріске берілген шаруа қожалықтары – 4. Жер көлемі – 7 351 гектар, Бос жер – 44 612 гектар, Бөлімшелер – 2, Көше саны – 6, Халық саны 380 адамды құрайды, осының ішінен 181-ы экономикалық белсенді топқа жатады. Зейнеткерлер саны – 48,  мүгедектер –6 (ІІ – ІІІ топ). Округ бойынша бюджеттік салаларда жұмыс істейтін адамдар  – 62. Сыртта жаз айларында жалдамалы жұмыста – 20  адам жұмыс істейді.

          Жұмыссыздар есебінде жыл басынан 2 адам тіркелген. Бүгінгі күнге дейін қоғамдық жұмысқа  адам алынған жоқ.  

          Әкім аппаратының жұмысы Қазақстан Республикасының заңнамалары мен Конституциялық заңдылықтарға,  жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңымен, нормативтік-құқықтық актілерге байланысты құрылған жұмыс жоспарымен жүргізіліп отырылады.

          Ауыл тұрғындарынан жыл бойы жазбаша түрде түскен 2 өтініш, 2-де  шешілді. (Негізінен өтініштер жер телімін беру, шаруа қожалығынын жетекшісін ауыстыру). Берілген анықтамалар – 222.

         Округ бойынша жыл басынан  5 рет халықпен жалпы жиналыс өткізілді. Ақсақалдар алқасы, мектеп ұжымы, шаруа қожалықтары және аудандық бөлім мамандары қатыстырылып: Санитарлық тазалық, мал бағымы, ауыл шаруашылық,  ветеринария саласы бойынша жиындар өткізілді.

Алдыңғы кездесулер барысында келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру барысында келіп түскен ескертулер мен ұсыныстар.

С.Мусин – ауыл тұрғыны;

1.«Ағадыр» несиелік серіктестігіне «Сыбаға» бағдарламасына  9 ай болды құжат тапсырғаныма, несие ала алмай отырмын.

Жауабы: Орындалды.

2. Мектепке спорттық және шеберхана құралдары берілсе.

Жауабы: Аудандық білім бөліміне сұраныс берілді, қаражат қарастырылған жоқ.

Ғ.Абдикадыров – зейнеткер;

1. Ауылға мал қорымы керек.

Жауабы: Сұраныс берілді, қаражат қарастырылған жоқ.

Б.Тайжанова – ауыл тұрғыны

Жауабы: Ақадыр кент емханасынан 1 дәрігер айына бір рет келіп балаларға қабылдау жұмысын жүргізеді.

         Округтің әлеуметтік – экономикалық дамуы және алда тұрған міндеттер мен дамытудың негізгі бағыттары:

     Округіміздің экономикасының негізгі бағыты ауылшаруашылық саласы.

Округте барлығы 50 шаруа қожалығы тіркелген. 31 қыстақ  өз деңгейінде тиісті жұмысын атқарып отыр. Ал, қалғаны шөп шабу яғни, мал азығын дайындаумен айналысып отыр. Шаруа қожалықтары асыл тұқымды мал бастарын сатып алуда. Мәселен, биылғы жылы 14 бұқа сатып алынды. Жалпы құны 4 млн.200мың тг құрайды. Ауыл шаруашылықтағы малдарды  асылдандыру жұмыстары әрі қарай жалғасын таппақ.  Мұндай шара ірі қара малдың сапасын арттыруға септігін тигізеді.

     Инвеститциялық жобаларды жүзеге асырудағы ауылдық округ бойынша 3 инвестициялық жоба іске асырылды:

1. «Салтанат» шаруа қожалығының жетекшісі С.Мусин «Ақадыр» несиелік серіктестігі бойынша «Сыбаға» бағдарламасымен 3 млн тг несие алды.

2. Ортау ауылдық округінің шаруа қожалық жетекшілері ірі қара малдарын асылдандыру бойынша 15 асыл тұқымды бұқа алынды. Құны  5  млн. 250 мың теңге орындалды.

3. «Аманбай», «Алтай», «Әлішер», «Шойын», «Бірназар», «Мұқыш», «Өркен», «Досал», «Мешіт», «Альжанов Ж», «Үшсай», «Нияз», «Алабас», «Салтанат», «Ерназар», «Жомарт», «Қарғабай» шаруа қожалықтары «Жайылым жерлерді суару» бағдарламасы бойынша күн сәулесінен қуат алатын панельдер орнатты жалпы құны 65 млн 700 мың.

4. «Сымбат» шаруа қожалығының жетекшісі С.Исин «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 6 млн тг несие  алып, 17 бас жылқы малын алды.

5. Ортау ауылдық округінің шаруа қожалық жетекшілері ұсақ малды асылдандыру мақсатында 135 асыл тұқымды қошқар алынды. Құны шамамен 9 млн 450 мың тг.

      Жалпы құны:  89 млн. 400  мың   теңгені құрайды.

       Инвестициялық жоба бойынша атқарылатын  жұмыс жоспары;

       1. Астана қаласының тұрғыны, кәсіпкер С.Оспанов қымыз ұнтағын шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Жалпы құны: 11 млн евро

        2. «Алтай» шаруа қожалығы жетекшісі Ж.Абишев «ШетКөмек» несиелік серіктестігі бойынша «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына құжаттар әзірленуде. Жалпы құны: 6 млн теңге

      Жалпы құны: шамамен 17 млн евроны  құрайды.  

 Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту:

   Ортау ауылдық округі бойынша конкурс негізінде жаңадан «Ерназар»  шаруа қожалығы ашылды. Шаруа қожалығының жетекшісі  З. Шокиров.  

                Қаржының игерілуі және оған атқарылған жұмыстар туралы:

         Ортау ауылдық округінің қолма қол бақылау шотына Ортау ауылдық округінің осы күнге дейін
323 000 теңге қаржы жиналды. «Ақадыр қайырымдылық қоры» қоғамдық бірлестігімен келісім – шарт жасалып, мерекелік іс-шара және баннер дайындап беру жұмыстарын жүргізеді.

                Көше ішін қардан тазартуға  «Арман» ш/қ жетекшісі Арман Тлеухановқа 2017 жылға 350 000 тг қаржы теңге аударылып, қаражат толығымен игерілді.  

                Салық базасының жағдайы мен алдағы  уақыттарда оны улғайту үшін құрылған жоспарлар туралы:

  Ортау ауылдық округі тұрғындарының жер, мүлік салығы толығымен жиналады.

         Шаруа қожалықтарынан жер салығы бойынша жылына шамамен – 290 000 теңге.   

         Тұрғындардың мүлік пен жер салығы бойынша жылына шамамен – 18862 теңге.   

         Тұрғындардың көлік салығы бойынша жылына шамамен – 51540 теңге.

               Жаңадан ашылған шаруа қожалықтарын тіркету.

         Барлығы – 360 402 теңгені құрайды.

         Округте ауылшаруашылығын дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар. Округ бойынша шаруа қожалық жетекшілерімен 2016-2020 ж.ж шебер жоспар орындалуы;

         Ортау ауылдық округі бойынша 32 шаруа қожалық жетекшілері 2016-2020 жылдар аралығына арналған шебер жоспарды орындап, тапсырды. Шебер жоспар бойынша 1. шаруа қожалық иелігіндегі жерлерді игеру, 2. шаруа қожалық иелігіндегі мал бастарын өсіру, 3. шаруа қожалық иелігіндегі мал бастарын асылдандыру, 4. Ауыл шаруашылық тауарларын өндіру, 5. Ауыл шаруашылық техникаларын алу, 6. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы несиелер алу туралы әр шаруа қожалықтары бойынша мәліметтер алынды. Ауыл шаруашылық бөліміне бір данасы тапсырылды.

          Ортау ауылдық округі бойынша елді мекен жұртшылығы  және шаруа қожалықтарының мал басы жөнінде мәлімет:

         2018 жылға ауыл шаруашылық мал бастарының өсімі: Ірі қара мал басының 3361, аналығы 2198, қой мал басы 18714, аналығы 14332, ешкі малы 4005, аналығы 2958, жылқы малы 2476, аналығы 1475, үй құстары 2157, түйе 10, өсім деңгейін көрсетуде.

         Абаттандыру, санитарлық тазалық іс-шараларын ұйымдастыру бойынша Ортау ауылдық округінің санитарлық тазалық және абаттандыру  іс-шараларын ұйымдастыру бойынша бірқатар жұмыстар  жүргізілді. Әр көшеге санитарлық тазалық бойынша жауаптылар бекітілген. Ортау ауылдық округі бойынша 2017 жылы тұрғындардың үй маңындағы қыстан шыққан күл-қоқыстары  тазартылды. Қатысқан техникалар – 1 тиегіш,  1- камаз, 1-Уаз, 1- трактор тіркемесімен. Облыс, аудан әкімдерінің санитарлық тазалық абаттандыру бойынша  шығарылған өкімдерін басшылыққа ала отырып, таза бейсенбі, сенбіліктерге  мекеме  қызметкерлері, мектеп оқушылары, жалпы 142 адам  қатыстырылды.

      Ортау ауылдық округіне қарасты 3 елді мекенде 2 айлық тазалық жұмыстар атқарылды. Көшелерде, жол бойында шашылып жатқан қоқыстар жиналып, талдардың,  ауыл ішіндегі бағаналар түптері әктелді. Ортау ауылы тұрғындарының қыстан шыққан күл-қоқысты тазарту үшін  Ақадыр кентінен «АғадырЖылу»  ЖШС басшылығымен келісіп, көктемгі санитарлық тазалық маусымында  1-тиегіш, 1- камаз көлігтері тартылып қыстан шыққан 300 тонна кұл-қоқыс шығарылды.  Кейбір тұрғындар  өз күшімен шығарды. Мүлдем күл қоқыс алмаған тұрғындар да бар. Бүгінгі күні қоршауы жөнделіп сырланған үйлер – 45, аулалары тазартылған үйлер – 50, көше ішіндегі 3 – баннер жанартылды, отырғызылған көшеттер – 36, Кесілген ағаштар 13, Гүлзарлар -10, Өткізілген тұрғындар жиыны саны – 2.

   Учаскелік полиция инспекторы және әкім аппараты тарапынан ауыл тұрғындарына аулаларын анықтап, 30 метрге дейінгі қашықтықта тазалықты сақтау қажеттігі жөнінде нақты тапсырмалар және де қимылсыз отырған үй иелеріне ескертулер таратылды.

          Елді мекенде жаңа жұмыс орнын ашу мен жұмыссыздықты жоюға бағытталған жұмыстардың барысы: 2016 жылы Ортау ауылдық округінде 1 шаруа қожалығы ашылып, 2 адамға жұмыс беріліп отыр.  Ал, жұмыссыздарға шаруа қожалықтарының тарапынан жұмысқа сұраныс бар. Мәселен, сахмандарға, мал бағуға, мерзімдік шөп шабу мен жұмыскерлерге сұраныстар бар.

             Білім мен спортты жетілдіру бағыты бойынша:

          Білім беру саласында басым бағыттарының бірі балаларға сапалы білім беру болып табылады. Бүгінгі күнде Ортау ауылдық округінде 1 негізгі мектеп және 1 бастауыш мектеп бар. 23 мұғалім өз жұмыстарын атқарып отыр. Мектепте 11 компьютер бар, оның 3 істен шыққан. Орташа есеппен 1 компьютерге 6 баладан келеді. Ортау негізгі орта мектебіне интернет желісі қойылып берілді.

     Ортау негізгі мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Туребеков   күндері футбол, волейбол, баскетболдан спорттық ойындарынан жарыстар өткізіліп отырады. Президенттік қысқы және жазғы көп сайысқа, «Қарлы қыс» спорттық ойындарына, Аудандық жазғы спартакиадаға т.б. спорттық іс шараларға мүмкіншілігінше ат салысып отырады.

   Ортау негізгі мектебінің спорт залында үстел теннисі, волейбол, баскетболдан үйірмелер, қыс айларында шаңғы тебу ойындары өткізіледі. 

           Денсаулықты сақтау мен салауатты өмір салтын қалыптастыру:    

           Ортау ауылдық округінің МП қызметкерлері елді мекен және қыстақ тұрғындарының медициналық тексерістен өткізіп отырады. Ортау ауылдық округінің МП медбикесі Г.Ахметова өз жұмысын атқаруда. Ағадыр кенті емханасында Ортау ауылының балаларын қабылдайтын дәрігер бар.

                Ішкі саяси тұрақтылық пен баспасөзге жазылу және діни бірлестіктермен атқарылып жатқан жұмыстар:

               Қазіргі кезде жаһандық жағдайға үңілетін болсақ, өте қиын. Еуропа елдеріндегі жиі көтерілістер, әлемдік дағдарыс, мұның бәрі бір біріне әсерін тигізуде.  Ортау тұрғындары бұл жағдайды газет беттерінен және теледидар арнасынан көріп отыр. Соған қарамастан, округ тұрғындары бір ауыздан Ел басымыздың көрегендік саясатын және жыл сайынғы жолдауын қолдап отыр.

           Мерекелік іс шаралар өткізіліп, халықтың бірлігі жиі көрініс тауып отырады. Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай ауыл жастарының тарапынан Ортау ауылында ат жарысы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткзілді.

           Мерзімдік баспасөзге жазылу жұмыстары жоспарға сәйкес толығымен орындалады.  Оған тұрғындармен қатар, шаруа қожалықтары да ат салысты.  

            Діни бірлестіктермен атқарылып жатқан жұмыстар бойынша жоспар құрылып, жоспар бойынша ай сайын әкімшілік ғимараты мен мектеп ғимаратында іс-шаралар жүргізілуде. Оған жауапты адамдар бекітілген.

                          Мемлекеттік және ресми мерекелерге байланысты атқарылып жатқан жұмыстар: Ортау ауылдық округі бойынша мемлекеттік және кәсіби мерекелерді өз мәнінде ұйымдастыру үшін Ортау әкімі аппараты жанынан бес адамнан тұратын арнайы ұйымдастыру алқасы  құрылып, Ортау ауылдық округі бойынша мемлекеттік және кәсіби мерекелер демеушілер тарапынан қолдау жасалып өз мәнінде ұйымдастырылуда.

         Мерекелік іс - шараларда ауылдың бір қатар жас азаматтары белсенділік танытады.

Жастарды жұмыспен қамту, жастарды мерекелік шараларға тарту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы:

     Округтегі жастардың бір шамасы вахталық жұмыс істейді. Кейбір жастар өз үйлерінің шаруасымен айналысып, уақытша жалдамалы жұмыстармен айналысады. Бүгінгі күні жұмыс істеймін деген адамдарға шаруа қожалықтары тарапынан жұмыстар ұсынылады. Ал, мемлекеттік мекемелерде бос орын болған жағдайда, ауыл азаматтарын орналастыруға жұмыс жасалады.   

          Ауылдық округ әкімінің ағымдағы жылға және жақын перспективаға арналған іс-қимыл жоспары:   

        Округ ауылшаруашылық бағыты болғандықтан, малдарды асылдандыруға жұмыс жасау көзделген. Сонымен қатар, шаруа қожалықтары тарапынан мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру көзделген. Жұмыссыздықты жоюға бір шама жоспарлар бар. Әлбетте ниет білдіретін азаматтар болса, оны да іске асыруға болады. Мәселен, ұсақ мал қырқуға 5 адамнан тұратын жұмыс тобын құру. Жаңадан шаруа қожалық құрылымдарын ашу, мал басын көбейту, дәнді дақылдар көлемін көбейту және мал азығына арналған егістіктерді жаңарту.   Ауыл әкімдігінің ғимаратына ағымдағы жөңдеу жұмыстарын жүргізу, қазіргі таңда сметалық – жобалау құжаттары дайындалуда. Мәдениет үйінің ғимаратына иесіз деп тану үшін Әділет басқармасына тіркеуге ұсыныс берілді. Тіркеуде 1 жыл уақыт тұрады, сосын сот шешімімен ғимараттың жерге арналған құжаттары реттеледі.

            Құрметті Марат Жандаулетұлы! Құрметті ауыл тұрғындары!

        Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар салық базасын нығайту мақсатында шағын кәсіпкерлікті дамыту, көшелерді жарықтандыру, ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жоғарылату, мал басын өсіру, асылдандыру, ірі шаруа қожалықтарымен тығыз қарым-қатынаста болу, тұрғындар тарапынан болған ұсыныс, пікірлердің шешілуіне үнемі ықпал ету.

        


Количество посещений: 1922


Наверх