print

Доклад отчета акима сельского округа Киикти

Құрметті  Марат Жандәулетұлы!

Құрметті қонақтар, Киікті ауылының тұрғындары!

         Өткен 2017 жылдың маңызды оқиғасы – «ЭКСПО - 2017» көрменің өткізілуі ел экономикасына және туризм саласына жаңа серпіліс берді. Сондай – ақ өткен жылдың басынан Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды. Осы атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі Еліміздің халықаралық аренада жоғары беделге ие болғанын және саясатымыздың дұрыстығын көрсетеді. 

         Сонымен қатар республика жұртшылығы ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыруда аянбай еңбек етті.

         Ұлт көшбасшысының халыққа үндеуі игілікті дәстүр болғанын атап өту қажет, әрбір азаматқа қатысты және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қазіргі дүниежүзілік экономикада орын алып отырған дағдарыстан шығу себептері нақтыланған.

         2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңі бастау алып қазіргі уақытта ауқымды жүзеге асуда. Бұл дегеніміз қазақстандық арманымыздың орындалуына және Қазақстанның өркендеуіне бастайтын жарқын жол екені анық.

        

Құрметті қауым!

         Киікті ауылдық округі әкімінің аппараты өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңын және басқа да нормативті - құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып жұмыс атқарады. Ауылдық округ құрамына Киікті, Ақшағыл  және Арқарлы ауылдары қарасты.

         Жалпы халық саны 890 адам,  зейнеткерлер 98 адам, мүгедектер саны 16 адам,   көп балалы аналар 26 адам, асыраушысынан айырылғандар 5 адам,  Чернобыль апатына қатысқан 1 адам, тыл ардагерлері 1 адам, атаулы әлеуметтік көмек  алатындар 1 отбасы, балалар жәрдемақысын  1 отбасы, жалпы үй саны 170, көп қабатты үйлер саны 1, шағын кәсіпкерлер 3,  отан алдында борышын өтеушілер  5 бала.

Ауылдық басқару жүйесі әкімдігі бойынша әкім аппараты жаңа заманға сай материалдық техникалық базамен қамтамасыз етілген. Ғаламтор жүйесіне қосылған.   Қазынашылық – клиент жүйесіне қосылған. Әкім аппаратында 3 бірлік бас маман, 1 бірлік жетекші маман қызмет етуде. Шаруашылық жұмыскерлерімен қосқанда барлығы 11 адам.

Әкімдік ғимаратының апатты жағдайда болуына байланысты 2017 жылдың сәуір айында аудандық бюджет есебінен ғимарат сатып алып Киікті ауылдық округ әкімі аппараты басқа ғимаратқа көшірілді.  

        Елді мекеніміздің экономикасының жетекші саласы болып табылатын теміржол торабының кәсіпорындары мен мекемелері ауылымыздің инфраструктурасын дамытуға, тұрғындардың өмірлік жағдайын жақсартуға елеулі үлес қосуда.

        Осы саладағы 4 кәсіпорындарында сексеннен астам теміржолшылары Ақшағыл, Арқарлы және Мойынты станциялары аралығында қызметтерін абыроймен атқарып келеді.

       Ауылда «Транстелеком» АҚ – мы байланыс жүйесі бойынша және Электрмен қамтамасыз ететін кәсіпорын «Электржабдықтау» ЖШС – гі    қызмет көрсетуде. Ауыз сумен қамтамасыз ететін кәсіпорын «Теміржолсу – Сервис» ЖШС – гі. Соңғы уақыттарда колонкалар ескі болғандықтан жиі істен шығады.

      Ауылдағы   Сыдық Мұхамеджанұлы атындағы орта мектепте 33 мұғалім, 18 шаруашылық  қызметкерлері   жұмыс жасауда. Аталған мектепте қазіргі уақытта 1 - 11 сыныбында 180 оқушы, мектеп алды даярлық сыныбында 14 бала және шағын орталықта 17 бала білім алуда. Спортпен айналысатын балалар саны 30 адам. Мектепте 1 интеративтік тақта жұмыс істеп, ғаламтор жүйесіне қосылған. Ыстық тамақ берілуде. Оқушылар арасында ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған балалар жоқ. Қысқы жылыту маусымына  көмірмен толық қамтылған.  

        Сонымен қатар  ауылда мәдениет  үйі өз қызметін атқаруда. Онда 9 адам жұмыс жұмыс істейді.

Елді мекенімізде мемлекеттік және кәсіби мерекелерді өз мәнінде ұйымдастыруға қатты көңіл бөлінеді. Мереке қарсаңында би кештері ұйымдастырылып түрлі іс -  шаралар атқарылуда.  

Сондай – ақ ауыл тұрғындарына ауылдық кітапхана өз қызметін ұсынуда. Онда  11 085 кітап қоры бар. Оқырман саны 605 адам, түрғындар келім саны 6657 адам болса, кітап берілімі 12101.  

       Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы  іске асуда. Осы бағытта ауылда фельдшерлік амбулатория пунктісі жұмыс істейді. Онда 1 медбике, 1 санитар қызмет жасайды. Жыл басынан жылжымалы флюрадан 370 адам.   2017 жылы дүниеге келген бала саны  - 16. Жүкті әйелдер саны  - 19. Жұқпалы аурумен ауыратын адамдар жоқ. Жылдық жоспар бойынша әр айда Мойынты кентінен дәрігер келіп ауыл тұрғындарға қабылдау жүргізіп отырады.

         Аталған дәріханада дәрі-дәрмектер сырқаты бар халыққа қолжетімді арзан бағамен сатылады. Диспансерлік есепте тұрған науқастардың препараттары осы медпункт арқылы беріліп отыр.

Өздеріңіз білетіндей ауылда  –

        Ауылшаруашылық өндірісі бойынша статистикалық есепте және ИСЖ базасына сәйкес  2017 жылы мал бастары 2016 жылға қарағанда ірі қара малы 943 басқа дейін өсті. Ұсақ малдар қой –ешкі 2292 басқа дейін,  жылқы саны 290 басқа дейін өсті. 2017 жылға жоспарланған ветеринарлық  алдын-алу  және  диагностикалық шаралар орындалуда.   Бірдейленген ірі қара 492 бас, қой –ешкі 1100 бас, 103 бас жылқы малы таңбаланды.   Киікті ауылдық округі бойынша  жыл басынан бастап – 15 қаңғыбас иттерді ату жұмыстары жүргізілді.  Мал бағымы бойынша өз мәнінде жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда ақылы бағымдар және кезек ретімен ұйымдастырылады.

Ауыл әкімдігі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауларынан туындайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған республикалық бағдарламаларды орындауда біршама жұмыстар жүргізді.

Атап айтқанда, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының орындалысы бойынша 2017 жылдың басынан жұмыссыздар есебіне тіркелуге 8 адам өтініш білдіріп, олардың ішінен 4 адам жұмысқа орналасты. Қазіргі таңда жұмыссыздардың есебінде тұрғандар саны   4 адамды құрайды. Солардын арасынан ақылы қоғамдық жұмысқа 10 адамға сұраныс беріліп, барлығы толықтай қоғамдық жұмысқа тартылды.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 1 адам ауыл әкімінің аппаратында жұмысқа тартылды.

          «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының ІІ – бағытының, «Игілік» – бөлігі бойынша ауыл тұрғыны Динишева Айжан Каратаевна 3 млн тенгеге 11 бас ірі қара алып өз ісін кеңейтуде. Сондай – ақ Акшағыл станциясының тұрғыны Акжунусова Зәуре Турсынбековна жоғарыда аталған бағдарламаның «Кәсіпкер» бағыты аясында 8 млн 900 мың теңге қаражат алып,  «КАМАЗ» автокөлігін сатып алды, жүк тасмалдау жұмыстарын жүргізуде.

        Сонымен қатар ауыл тұрғыны  Даинова Жанат «Өрлеу» бағдарламасы мен өз ісін ашуға 600 мың теңге қаражат алып, 3 бас мал алып, шаруашылығын ұлғайтуда.

        Сондай – ақ «Жұмыспен қамту - Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында көше жарықтарын орнатуға 4 млн 713 мың теңге қаражат бөлініп, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес конкурс жарияланды. Конкурстың қорытындысы бойынша  «Royal Elite» ЖШС - гі 3 млн 136 мың теңгеге жеңіп алып, 18 бағана, 40 жарық нүктесін орнатып, қалған 1 млн 577 мын теңгеге қосымша келісім шарт жасалып 4 бағана мен 19 жарық нүктесі орнатылды. Нәтижесінде  жалпы ауылдық  округ  бойынша  59 жарық нүктесі орнатылды. Осы бағдарлама бойынша 3 адам уақытша жұмыспен қамтылды.

          Нақтыланбаған адамдар дәрежесі бойынша 950 адамның статусы анықталды.

        Мерзімдік басылым бойынша жұмыстар да өз денгейінде атқарылуда. Атап айтса 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында 80 пайыз, екінші жарты жылдығында 70 пайызға орындалған болатын. Ал 2018 жылдың бірінші жарты жылдығына  жазылу 98,2 пайызды құрады.

        Ауылды абаттандыру көгалдандыруға бөлінген 100 мын теңгеге тиісті іс – шаралар ұйымдастырылды.   

        Көше жолдарын қардан тазалауға 678 мың теңге бөлініп, ол бойынша ауылдағы «Аян - Аят» шаруа қожалығымен келісім шарт жасалып, жолдарды қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде.

       Сонымен қатар санитарлық тазалық шаралары бойынша ауыл ішінде көктемгі «екіайлық», күзгі «бірайлық», «сенбіліктер», «таза бейсенбі» шаралары өз мәнінде өткізіліп отырды.

       Ауыл тұрғындары сенбілікке жаппай қатысты. Бұның бәрі ауыл тұрғындарының тазалыққа деген құштарлығын көрсетуде.   «Оралэлектросервис» ЖШС-нен арнайы техника алынып, ауыл ішіндегі бос қалған үйлердің орнын ауыл ішіндегі рұқсат етілмеген жерге төгілген қоқыстар тегістеліп, тазартылды. Сонымен қоса «bapy maining» ЖШС-нен Эксковатор алынып, 2017 жылы көктемде су алған  Шукеев Аблайдың үйінің маңына қар суына қарсы бөгет тұрғызылды. Көктемгі мезгілде су ақпай қалған  школьная көшесімен вокзальная көшесінің киылысындағы  суағар қайта тұрғызылды.    

            Ауыл ішіндегі бос қалған үйлердің күл-қоқыстарын шығаруға және жолдарды тегістеуге ауыл тұрғындарының 10 трактор техникасы жұмылдырылып, школьная көшесіндегі бос үйлердің қоқысы шығрылды. Сонымен қоса школьная, вокзальная көшелеріндегі жолдарға қиыршық тас төселіп, тегістеу жұмыстары жұргізілді.   Бұл жүргізілген жұмыстарда өз техникаларымен және жанар – жағар майларымен көмек көрсеткен ауыл тұрғындары Маламанов Нұрғалидың, Түсіп Мейіржанның, Бейсембеков Мұраттың,  Абильдинов Базарбайдың, Торебеков Сарсембайдың, Есжанов Айткалидың, Төлеухан Медеттің, Болатбеков Мадиярдың, Абильдин Базарханның, Дюсембеков Аскербектің, Жексембаев Киикбайдың, Абилдин Саматтың, Аширбеков Амангелдінің еңбектерін айтпай кетуге болмайды.  Осындай жұмыстардан  ауыл азаматтарының ауылға деген ыстық ықыластарын  көруге болады.

 

          Ауылда кәсіпкерлікті дамыту жөнінде  арзан бағамен азық - түлік тауарларын сататын  дүкен ашылды. Кәсіпкерлер арасында бәсекелестік пайда болды.        

         Ауылда жаз айында 1 маусым балалар мерекесінде  кәсіпкерлердің демеушілігімен аз қамтылған отбасыларына мерекелік кеш ұйымдастырылып тегін балмыздақ таратылып, сыилықтар берілді.

        Сонымен қатар ауыл кәсіпкері Конкышева Гулназдің демеушілігімен жыл соңында 1 аз қамтылған отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етті.

          Дүкендердің  азық-түлік тауарларының бағаларының негізсіз көтерілуіне тиісті заңдылықтарды басшылыққа ала отырып, жол бермеу жұмыстары да тұрақты түрде жүргізіліп, негізгі талдаулар жасалынып отырылды.

         Жылдар бойы қиындық туғызатын  ауыл ортасынан өтетін өзенге  «Туған жер» бағдарламасы аясында Мұса Жасұланның демеушілігімен 10 млн теңге қаражат көлеміне көптен күткен өткел тұрғызылды.  Ауыл тұрғындары да қарап қалмай кол ұшын берді. Бұл дегеніміз ауыл бірлігінің тұғырлы екендігін білдіреді. Сонымен қатар ауыл тұрғыны Сагиндыков Нариман Базрқұлұлы өз есебінен 500 мын теңге қаражатқа көрнекті үгіт құралын салып берді.  

        Ағымдағы 2018 жылға алға қойылған мақсаттар мен міндет ретінде ауыл әкімі аппараты 2018 жылға арналған жұмыс жоспары әзірленді.  «Бизнестің жол картасы -2020», «Жұмыспен қамту  Жол картасы  – 2020», «Сыбаға» және түрлі ауыл шаруашылықты, кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары бойынша жұмыстар ауқымды жұмыстар жүргізу көзделіп отыр.  

2017 жылдың қаңтар айында кент әкімінің кент тұрғындары алдындағы есеп беру-кездесудің барысында 7 сұрақ пен ұсыныс түскен болатын. Олардың басым көпшілігі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар мен коммуналдық жұмыстарына байланысты көтерілген. Айтылған сын-ескертпелердің барлығы орындалды деп айтуға болады.

Дегенмен жылдағы есеп беру жиналысында көтеріліп, күн тәртібінен түспейтін  бір мәселе бар. Ол ауылға жаңадан мектеп ғимаратын салу мәселесі. Осы мәселе бойынша қазіргі таңда аудандық бюджет есебінен жобалау сметалық құжатын дайындауға 7 млн 143 мын теңге қаражат бөлініп, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу заңдылықтарына байланысты, тиісті жұмыстар жүргізілуде, осыны одан әрі жандандырса, сондай - ақ ауыз су мәселесі жөнінде арыздануы жыл бойы толастар емес.

Сонымен қатар ауылдағы мәдениет үйі материалдық құрал жабдықтармен (интернет желісі, компьютер, телефон, биші, әншілердің сахналық және ұлттық киімдері) қамтамасыз етсе, ауылға балалар ойнайтын алаң салу, көшелерге қоршау және сыртқы жарнамалар ілетін құрылғылар орнатуға қаражат бөлініп, аталған мәселелер шешімін тауып жатса жақсы болар еді.

Құрметті қауым!

Есепті баяндамамның соңында айтарым, өздеріңіз байқағандай үстіміздегі жылда ауылымызда кең көлемді және жауапты жұмыстар атқаруға тура келеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті Жолдауында айтылғандай әлеуметтік – экономикалық жаңғырту мәселелері барлығымыздың басты міндетіміз деп баса айтты.

  Сондықтан да биылғы 2018 жылы ауыл әкімі аппаратының барлық қызметі Сіздердің көмектеріңізге сүйене отырып Елбасымыз бен облыс, аудан басшылықтары алға қойған барлық міндеттерді шешуге, жоспарларды іске асыруға бар күшімізді жұмылдырып, халықтын ұйымдасушылығымен, ауыз біршілігімен  үлкен белестерге жететіндігімізге сенемін!

 


Количество посещений: 1964


Наверх