print

Доклад отчета акима поселка Акшатау

Құрметті  Марат Жандәулетұлы!

Құрметті ауылдастар!

Сіздермен кездесуді, биылғы жылғы Президентіміздің өсу мен өрлеу жолына түскен қазақ еліне тағы бір «Төртінші  өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауымен бастағым келіп отыр. Елбасымыздың Жолдауында әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді деп көрсетті. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет. Сонымен қатар алдағы уақыттағы барлық жоспарымызға керекті түйінді ойларды көрсетіп берді.

Алдыңғы 2017 жылғы кездесулер барысында округ бойынша келіп түскен 14 ескертулер мен ұсыныстар келіп түскен болатын, соның 9-і орындалды.

Кент  округіне  қарасты  3 елді  мекенде  барлығы -  1427 адам тұрады. Ақшатау кентінде – 1035 адам, Жарылғап батыр ауылында –320 адам, Қарғалы ауылында – 72 адам. Экономикалық белсенді халық –708  адам. Жалпы  округ  бойынша  жер  көлемі - 184,079 га. кенттің жалпы жер көлемі - 14,963 га. Оның ішінде жалпы ауыл шаруашылық мақсатында – 109,449 га. Округте мәдениет үйі, 1 клуб үйі, 1 орта және негізгі мектеп, дәрігерлік амбулатория,  кегок подстанциясы, семсер күзет, казмұнай газ және ГАЗОЙЛ  фирмалары өз  қызметтерін  нәтижелі  де  сапалы  атқаруда.

Өткен 2017 жылы кенттік округіміздің әлеуметтік – экономикалық дамуында атқарылған жұмыстар мен алдағы уақыттардағы әрбір сала бойынша жоспарланған жұмыстарға тоқталсақ:

Округтегі  шағын  және  орта  кәсіпкерлікті   дамыту  саласында  жол  бойындағы  кафелер  саны -15, дүкендер  мен  дүңгіршектер -8. Шаруа  қожалықтар  саны -46. (нақты істеп тұрғаны – 36)

Биылғы жылы жүзеге асырылатын  инвестициялық жобаға Ақшатау кентінде орналасқан бұрынғы кен байыту фабрикасынан шыққан қалдықтарды Теміртау қаласынан LAM 2030 ЖШСі көктем айларында қайта өңдеуді жоспарлауда. 2017 жылы КАЗГОЕЛОГИЯ мен іздестіру-бағалау жұмыстарына келісім-шарт жасасып күз айларында  кенттегі орналасқан фабрика қалдықтарына барлау жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қоса кенттегі вольфрам мен молибден өндіруге ниет білдіруші кәсіпорындармен жұмыс жүргізілуде.

Инфляциялық процестерді тежеу мақсатында кенттегі орналасқан дүкен иелерімен меморандум жасалып, азық-түлік бағасы апта сайын мониторинг етіп отырылды. Дүкен иелері негізсіз бағаны тым көтеру жолында жұмыстар атқарылды. Алматы Астана күре жолы бойында  орналасқан кафелер мен асханалар тұрақты жұмыстарын атқарып, салық уақытылы төленіп отыр. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ЖК «Қайсарова А» аудан әкімінің  500 мың теңгелік грантын және жеке кәсіпкер Оразбекова А «Жастар Бизнес» жобасына қатысып, облыс әкімінің 300 мың грантының жеңімпазы атанып, жұмыстарын жүргізуде.

Қаржының игерілуі.

Округ бойынша бөлінген қаржы толығымен игерілді. Қаржы көше жарығын жөндеуге  300 мың теңге ,сонымен қоса кенттегі су жинайтын кіші башняның құбырын ауыстыруға 3.873.339 теңге, Жарылғап батыр ауылындағы су жинау башнясына ауыстыруға 3.581.651 бөлініп, толық ауыстыру жұмыстары жүргізілді.  Ақшатау кентінің су скважинасына 250 мыңға насос  алынды. Ақшатауға кіреберіс жолға 2 576 мың теңге игерілді.Сонымен қоса кенттегі учаскелік инспекторларға 446 мыңға жиһаз бен компьютер, принтер, сейф алуға қаржы беріліп, толық қамтамасыз етілді.

  Салық төлемдеріне келсек 2016 жылға берілген барлық салық төлемдерінің көрсеткіштері бойынша көлік салығынан 431,0 мың теңге, жер салығы 49 мың, мүлік салығы 38 мың теңге, патент 1 млн 593мың көлемінде болды. 2017  жылға қолма-қол кассалық шот 3663,0 мың теңгені құрады

 

Ауыл шаруашылық саласында

   Бүгінгі күнге округ тұрғындары мен шаруа қожалықтарының барлық мүйізді ірі қара мал басы - 3709, ұсақ мал басы- 7995 бас, жылқы-2618 бас,  түйе -17 бас, құс 2734 бас  болды. Өткен жылғы көрсеткіштерге қарағанда ірі қара мал -5,8 %,  ұсақ мал басы-8,4% , жылқы- 6,5%,  түйе- қалыпты,  құс-3,1%  өсті. Округ бойынша малдарға көктем-күз айларында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Шаруа қожалықтары мал басын асылдандыру мақсатында өткен жылы 13 бас асыл тұқымды бұқалар алды. Қыс айларына малға жем шөп дайындау уақытылы орындалды.  «Жартас» шаруа қожалығы 2.900 мыңға шөп жинайтын пресс, «Қанат» шаруа қожалығы КТП-4 пен ТПГ12 грабляны 1.980мыңға  өз қаржыларына алды. Сонымен қоса «Мейрлан»  шаруа қожалығы жетекшісі Таласбаев Ж ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы 3 млн теңге несие алып, мал бордақылау алаңын салып жүргізуде. «Агробизнес 2020» бағдарламасы бойынша 50млн теңге несие алып, «Береке» шаруа қожалығы жетекшісі Акимов Е тоқ беретін екі қондырғы, МТЗ-82 тракторын және асыл тұқымды сементал 3 бұқа, 87 бас аналығын алды. «Қаратал» шаруа қожалығы тоқ беретін модуль  орнатты. «Шеткөмек» несие серіктестігі арқылы «Қырбас» шаруа қожалығы 6 млн теңге несие алып, 20 ірі қара мен 7 жылқы сатып алды. Мемлекеттік ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламасы бойынша жалпы 63млн 800 мың теңгені құрады. Биылғы жылғы екі шаруақожалығы ауыл шаруашылығы техникасын алу техникаларын жаңалауды жоспарлауда.

Ақшатау кенті бойынша «Балқаш Сүт» ЖШС 25.05. – 15.07 аралығында сүт қабылдау пункті жұмыс атқарды. Жарылғап батыр ауылы бойынша сүт қабылдау пунктіне 1 адам жұмысқа қабылданды. Аталған уақыт аралығында жалпы Ақшатау округі бойынша -25 тн. сүт өткізіліп, 1млн 700 мың теңге ақша халық алды. Келесі жылға да жаз айларында осы іс жалғасын табады деп отырмын.

Ветеринария саласы бойынша бруцеллезге, қарасанға, сібір жарасына, құтыруға қарсы егу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қоса ветеринарлық дәрігерлерге егу, таңбалау жұмыстарын жүргізу үшін раскол мен загон салынды.

Мал бағынын ұйымдастыру бойынша тұрғындармен 2 рет кездесу өткізілді. Кент бойынша бағын, 2 кезек ұйымдастырылды. Бойдақ малдар 3бағытта жайлауда бағылады. Жылқы арнайы табында. Ақшатау округіне қарасты шаруа қожалықтарының малдары арнайы бақташылармен бағылады.

Көркейту, көгалдандыру саласы

Қарағанды облысы әкімінің жыл сайынғы «Облыстық елді мекендерде көктемгі-күзгі санитарлық тазарту, көркейту, көгалдандыру айлығын өткізу туралы» қаулысын орындау мақсатында ауылдық округтің елді мекендерінде көктем-күз айларында санитарлық тазалық сенбіліктері өткізіліп отырылады. 2017 жылы санитарлық тазалық сенбілігіне 550 адам қатысып, көшелерді,  автокөлік трасса бойларын, бұрынғы қоқыс төгу алаңдарын, арық жағаларын, тазарту жұмыстары жүргізілді, яғни арам шөптерді орып, өртеу, қалың ағаштар бұтақтарын кесу, ағаштарды әктеу жұмыстары, көшелер, аулалар, автомобиль жолдары қоқыстардан тазартылды. Кент бойынша күл қоқысты тазалауға Ақжал кентінен «Байбатыр» ЖШС-і  1 камаз автокөлігі мен 1 погрузчик  тазалады. Ақшатау кенті бойынша күл қоқыс шығарылды.

 Ақшатау кентінде 260, Жарылғап батыр ауылында 78  үй иелеріне тазалықты сақтау жөнінде ескертулер таратылды.  Ақшатау кенті мен Жарылғап батыр ауылының көше жарықтарының ағымды жөндеу жұмыстары  мен лампалары ауыстырылды. Ал кент бойынша сыртқы көрнекі үгіт құралдары (билбордтар) жасалды.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласы

     Халықты әлеуметтік қолдау саласындағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру мен коммуналдық қызмет төлемдеріне көмек көрсету бағытында халықтың «әлжуаз» топтарына кешенді көмек көрсетілуде. Соның бірі кенттегі азқамтылған отбасылар мен көп балалы отбасыларына балалар жәрдемақылары тағайындалып, толық төленген.

Округте биылғы жылы халық саны -1427 , оның ішінде экономикалық белсенді тұрғындар саны -708 адам, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар 575, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 51 адам. Округ бойынша 2017 жылы 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын жәрдемақы бойынша аз қамтылған 15 отбасына, атаулы әлеуметтік көмек 7 отбасына тағайындалып төленді. «Өрлеу» бағдарламасына   2 отбасы тартылып, нәтижесінде   мал сатып  алып  өз-өздерін жұмыспен  қамтып отыр. Жастар практикасы бойынша 2 оқу орнын бітіріп келген азаматшалар біреуі кент әкімдігіне, екіншісі дәрігерлік амбулаторияда жұмыс істеді. Жыл басынан жұмыспен қамту орталығы арқылы тіркеуде тұрған азаматтардан кент әкімдігіне 1 адам жұмысқа тұрғызылды. Сондай-ақ Ш.Уәлиханов орта мектебі мен Ж.Алтайбаев негізгі мектептеріне жыл басынан 12 адам жұмысқа тұрғызылды. Олар: әлеуметтік педагог, көмекші тәрбиеші, кітапханашы, гардеробшы, от жағушы-6адам. Шаруа қожалықтары, жол бойы кафелері мен кенттегі дүкендерге барлығы 10 жұмыссыз адам жұмысқа тұрғызылды.

Мектепке жол акциясы аясында кәсіпкерлер мен шаруа қожалық жетекшілерінің демеушілігімен Ақшатау кенті мен Жарылғап батыр ауылындағы аз қамтылған 14 отбасына оқу құралдары мен мектеп киімі алып берілді.

 

Білім саласы

   Округімізде 1- орта мектеп, 1-негізгі мектеп бар. Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде бүгінгі таңда 135 оқушы оқып, 48 бала шағын орталықта,  23 мұғалім, 34 техникалық жұмыскерлер қызметін атқаруда. Ж.Алтайбаев атындағы негізгі мектебінде 57 оқушы, 20 мұғалім,18 техникалық жұмыскерлер қызмет атқаруда. Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепке «Дипломмен- ауылға» бағдарламасы бойынша әлеуметтік педагог жұмыс атқаруда. Жыл сайын мектептердің барлығына ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырылады, қысқы маусымға барлық білім мекемелері қатты отынмен және жанар-жағар маймен қамтамасыз етілген. Кент тұрғындары мен барлық мекемелер жаз айларында президенттік тест тапсырды. Бұқаралық спортты насихаттау мақсатында волейбол  және стол теннисінен Жарылғап батыр ауылы жастары мен кент мекемелері, оқушылар арасында жарыстар өткізілді.

Денсаулық саласы

    Денсаулық саласында округте 1-дәрігерлік амбулатория, 1-фельдшерлік пункт халыққа қызмет көрсетеді. Бүгінде осы салада 5 медбике,1 лаборант, 1акушер қызмет атқарып келеді. Ауыл тұрғындары жас ерекшеліктері бойынша скринингтік тексерулерден 150 адам өтті. Сонымен қатар, есепте тұрған гипертония, демікпе ауруымен ауыратын адамдар профилактикалық тексеруден өткізіліп, тиісті дәрі-дәрмектер берілді. Жыл сайын ауыл тұрғындарына арнайы жылжымалы рентген – флюрография келеді, биылғы жылы барлығы 625 адам өтті. Медициналық қызметкерлер үнемі ауыл тұрғындарына белсенділікпен көмек көрсетіп отырады.  

  2017 жылы округ бойынша 13 бала дүниеге келіп, 11 адам қайтыс болды.  

Ақшатау кенті округі бойынша 5 бала әскер қатарына қызмет атқаруға кетіп, 7 азамат әскер қатарынан келді.     

Округ бойынша қоғамдық жерде құқық бұзушылық бойынша 25 хаттама, ұсақ бұзақылық – 7 хаттама, қоғамдық орынға қоқыс төгу-10 хаттама толтырылды. Мал ұрлығы бойынша 1 іс анықталып және жекенің мүлкін тонау бойынша 1 іс анықталып, соттың шешімі шықты.                            
    

Мәдениет саласы

Округте мәдениет үйі, 1 клуб үйі бар.    Ауылымызда  16201 кітап қоры бар кітапхана жұмыс істейді. Екеуі де  мәдениет үйінде орналасқан. Барлық атаулы мерекелер мен мәдени шаралар жүргізіліп отыр. Кітапхана мен әкімшілік бірлесіп «Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы » атты дөңгелек стол ұйымдастырылды. Жаңа жылдық мерекелеуге КСП СТИЛЛ және «Жандос» шаруа қожалығы мектеп оқушыларына сыйлықтар берді. Округтегі аз қамтылған көп балалы отбасыларға КСН есебінен кент әкімінің шыршасы ұйымдастырылып, сыйлықтар берілді. Кенттегі мүгедек балаларға бағалы сыйлықтар берілді. Атаулы мерекелерде әр саланың үздік қызметкерлері кент әкімінің алғыс хатымен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.Почта мен телефон байланысы қалыпты жұмыс жүргізуде. Почтада терминал қызмет барлық төлемдер және теміржол билеттеріне алу мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар почтада  «Skypo» жүйесі арқылы тұрғындар тегін қалаған жерімен хабарласу қызметі бар.

Кент тұрғындары мен мекемелер қызметкерлерінің  2017  жылға мерзімді баспасөзге жазылу мақсатында жұмыстар жүргізілді. Баспасөзге жазылу толығымен орындалды. Аудандық газетке 6 мақала жарияланды.

 

          Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламасының  «нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы  бойынша ауылды мекендерді дамыту үшін 8691,0теңге қаралды. Одан  5987,0 теңгесі  игерілген жоқ. Қалған 2704,0 теңгесіне күн энергиясынан қуат алатын көше жарықтары орнатылды.  

Әкімшілік аппаратына жыл ішінде тұрғындар тарапынан 6 өтініш түсті, оның 1-і ауызша, 5 жазбаша, 2-і заңды,7-і жеке тұлғаларда түсіп, уақытылы шешімін тапты.

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алға қойған міндет­терін іске асыру мақсатында, кенттің әлеу­меттік-экономикалық дамыту жө­нін­дегі атқарушы билік органдары жүргізген ауқымды жұмыс­тарды саралап алдағы істелер жұмыстарды талдадық.

Бүгін біз әлеуметтік жаңарудың жаңа сатысына қадам бастық. Бұл бағытта кенттің  жергілікті атқарушы органдарының алдағы қызметі  қарапайым халықтың өмір сүру сапасын жоғарылатуға бағытталған стратегиялық даму мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жүргізіліп келеді.

Кенттің  әлеуметтік - экономикалық дамуы жолында бірқатар шешуін күтіп тұрған мәселелер әлі де бар, алдағы уақытта бұл мәселелердің өзіндік шешімін табуға бірігіп жұмыс істейтін боламыз.

Сондықтан келешекте ұйымдасқан еңбек үлгісін көрсетіп, қол жеткізген табыстарымызды сақтай отырып, туған жеріміздің байлығын еселей түсеміз және биік белестерді бағындыруға қол жеткіземіз деген сенім білдіремін.

Осы мақсатқа жету жолында баршаңызға еңбекте үлкен табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін.

Назарларыңызға рахмет!


Количество посещений: 2236


Наверх