print

Доклад отчета акима сельского округа Аксу-Аюлы

Құрметті Марат Жандәулетұлы!

Құрметті ауыл тұрғындары!

         Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулелер өткізу туралы» № 190 Жарлығын орындау мақсатында осы есепті жиынға ауыл тұрғындары, шаруа құрылымдары, тоқ, жылу, су, жол тазалаушы, учаскелік полиция, жергілікті қоғамдастықпен ұйымдар мұғалімдер, жеке кәсіпкерлер мен мекеме қызметкерлері қатысып отыр.              

2017 жылдың 27 қаңтарында өткізілген кездесуде келіп түскен сұрақтар бойынша атқарылған жұмыстарға тоқтала кетсек: 

  1. Сұрақ: Дербісалы батыр көшесіне жарық шамдарын қашан орнатылады?

Орындалысы: Дербісалы батыр көшесіне жарық шамдары жаңартылды.

  1. Сұрақ: Қыс айларында жолдардың қар басып қалуы мәселесі не болады?

Орындалысы: Қысқы уақытта жолдардың күтіп ұстау бойынша жұмыстар жүргізілді және жүргізіледі.

  1. Сұрақ: Бұлақтан су ала алмаймыз кейде жолын қар алып қалады, мұз қатып қалады.

Орындалысы: Бұлақтын басын мұздан  және қардан тазарту жұмыстары  атқарылуда және күнделікті бақылауымызда.

  1. Сұрақ: Шортанбай Жырау көшесінің жолы жонделеме?

Орындалысы: Шортанбай Жырау көшесінің жолы Ақтаев Бекзаттың үйінен Әбітаев Бергеннің үйіне дейінгі аралығында жөндеу жұмыстары жүргізілді.

  1. Сұрақ: Көшеде жүрген қанғыбас иттердің көздері қашан жойылады?

Орындалысы: Қаңғыбас иттерді жою жұмыстары қарқынды жүруде.Қазіргі таңда, шамамен 200 қаңғыбас иттері атылды.

  1. Сұрақ: Ауыл әкімінің ғимаратының ішін жөндеу жұмыстары жүргізілеме?

Орындалысы: «Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің ішкі дәлізін күрделі жөндеуден өткізілді.

 

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басты назарында және Үкімет тарапынан лайықты қолдау көрсетіліп отыр.  

Осыған орай, Ақсу-Аюлы ауылдық округі бойынша халық саны 5194 адам болса, 2017 жылы  ауылдағы кәсіпкерлер саны 408, кәсіпкерлік саласында тұрақты жұмыс істейтіндер саны 660 адамды құрап отыр, бұл көрсеткіш ауыл бойынша  жалпы тұрғын санынан 12 пайызын құрайды.

Ауылымызда ашылған «Даму» кәсіпкерлерді дамыту қорының филиалы да жұмыс істеп жатыр, кәсіпкерлерге тегін консультациялар беріледі. «Бизнес кеңесші» бағдарламасы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген ауыл тұрғындарын тегін оқытады. 

Округте азық-түлік саудасымен айналысатын дүкен иелерімен азық-түлік бағасын өсірмеу мақсатында көтерме орындарынан алатын бағадан 10-15 пайызға үстеме ақы қосу туралы меморандумдарға қол қойылды. Ауыл көлемінде азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, инфляциялық процесстерді тежеу мақсатында арнайы жұмысшы тобы құрылып жұмыстар жүргізілуде.   

Жылдан жылға ауылымызда кәсіпкерлікпен айналысатындар саны өсіп, соған байланысты бәсекелестік тұрғыда ауыл тұрғындарына төмен бағамен тауарлар сатылуда. Ол дегеніміз халыққа жағдай жасалудың бір түрі. Сонымен қатар, аул кәсіпкерлері өз тараптарынан аудандық, ауылдық іс-шараларға демеушілік көрсетіп тұрады және де аз қамтылған отбасыларына өз көмектерін беруде.

Ауылымызда, өткен 2017 жылы Индира Қасымның «Бақыт» аралас сауда кешені, азық-түлік саудасымен айналысатын

А. Каратаеваның «Сәлем», А. Баданованың «Кәусар» дүкендері ашылды. Жаңадан ашылған жұмыс орынына 5 адамды қамтып отыр.

Ауыл шаруашылығын дамыту саласы бойынша, Ақсу-Аюлы ауылдық округінде бүгінгі күні 111 шаруа қожалығы тіркелген. Негізгі бағыты мал шаруашылығы болғандықтан, 18 шаруа қожалығы өз жерлеріне қыстақ салған, біраз шаруа құрылымдар асыл тұқымды бұқалар алып, мал бастарын көбейтуде. 

Ауылдық   округі бойынша: Мал басының саны:оның ішінде ірі қара: 7023 бас, аналығы- 4807 бас, қой және ешкі- 8620 бас, жылқы-4853 бас, құс- 4426 басты құрап отыр.

Сонымен қатар өткен жылдың қазан, қараша, желтоқсан айларында аудан орталығындағы ауыл шаруашылығы өнімдернің арзандатылған бағамен жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Округтегі ауыл шаруашалығы құрылымдары Қарағанды, Астана қалаларындағы ұйымдастырылатын жәрмеңкелерге белсене қатысып өз өнімдерін өткізді.

«Шет көмек» ЖШС арқылы 15 адам 242 бас ірі қара және 55 бас жылқы алуға 92 миллион 200 мың теңге несие алды. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша Қарағанды облысының қаржылай қолдау қоры арқылы 15 адам 232 бас ірі қара алу үшін 83 миллион 400 мың теңге несие алды. Сондай-ақ ауылымызда 2 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, облыстық қаржылай қолдау қоры арқылы 18 адам 316 бас ірі қара алуға 64 миллион 500 мың теңге  несие алды.

  Ақтөбе, Қайрақты ауылдарында сүт қабылдау пунктері тұрақты түрде жұмыс істейді. Сүттің литрі 65 теңгеден қабылдануда.

2018 жылы Ақсу-Аюлы ауылында сүт қабылдайтын пункті ашу жоспарланып отыр. Ол пунктіге ауылдың мал ұстайтын тұрғындары сүт өткізетін болады.

Ақсу-Аюлы ауылдық округі бойынша егін егетін 1 шаруа қожалығы бар, ол «Береке» ш/қ  (жетекшісі  С. Шохабаев) 2017 жылдың көктемінде 100 га арпа дақылын егіп, күзгі жиын-терімінде таза салмағы 14 Ц түсім алды. Шаруа қожалық жетекшісі келесі жылы егістік көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

         Әлеуметтік сала бойынша 2017 жылы аз қамтылған, жағдайы төмен  12 отбасындағы 56 адамға 879883 теңгеге атаулы әлеуметтік көмек жәрдем ақысы төленді. 

18 жасқа дейінгі 64 отбасындағы 192 балаға 3 миллион 696 мың теңге жәрдем ақысы төленді.

Мереке күндері ауылдық окургі әкімі аппаратының демеушілігімен аз қамтылған 12 отбасына азық-түлік себеттері беріліп, 5 отбасыға 1 тоннадан көмір түсіріліп берілді.

 2017 жылы жұмыссыздық есебінде 380  адам тіркеліп, оның ішінде 152  адам тұрақты жұмысқа орналасты және 89 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Мектепке жол акциясы аясында 2 балаға мектепке керек құралдары берілді.

Жыл аяғында жұмыссыздар есебінде 21 адам қалды.

         Қаржы игерілімі бойынша Ақсу-Аюлы ауылдық округіне 2017 жылы бөлінген қаржы бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда,  ауыл  келбетін өзгертіп, ауылды абаттандыру, көгалдандыру және тазалау, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылықты дамыту бағытында жұмыстарды жүргізу үшін аудандық бюджеттен және жергілікті «қолма-қол есеп айырысу шоты»  есебінен 16 миллион 333 мың теңгеге  төмендегідей жұмыстар атқарды:  

1.Шортанбай жырау көшесінің бойына яғни, Жұмыс пен қамту орталығы мекемесіне қарама-қарсы орналасқан саябақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, толықтай аяқталды. Жөндеу жұмыстарын жүргізген «РЕНТАЛ LTD» ЖШС-і, жергілікті бюджет есебінен  4 млн. 300 мың тенге бөлінді. 

2.Ақсу-Аюлы ауылындағы Абай  көшесінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мекемесіне қарай жүретін Арбаттың кіреберіс аркасын жаңадан орнатылды, келісім-шарт бойынша ЖК «Ахтаева Г.К.» мердігері  1 млн. 267 мың тенге бөлініп жұмсалды. 

3.Ақсу-Аюлы ауылындағы С.Сейфуллин көшесінің бойына мал егу үшін қоршау орнатылды, келісім-шарт бойынша «Шет-Құрлыс» ЖШС-і мердігері 698,0 мың теңгеге жұмыс жасады.

4.Шортанбай жырау көшесінің бойына ұзындығы 6 метрлік жалаушалар орнатылған бағаналар қойылды, келісім-шарт бойынша  ЖК «Картавенко А.Н.» мердігер жұмыс атқарды. Жұмсалған қаржы  1 млн. 465 мың тенге.

5.Ақсу-Аюлы ауылының көшелеріндегі жарық шамдарын күтіп-ұстауға, шамдарын ауыстыруға, 6 млн.500 мың тенге бөлініп, бұл жұмыстарды келісім-шарт бойынша «Шет-Энерго» ЖШС-і атқарды.

6.«Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің ғимаратының ішін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарына 1 млн. 500 мың тенге бөлініп, келісім-шарт бойынша мердігер ЖК «Алимбаева П.Е.» жұмыс жасады.

 

7. Ақсу-Аюлы  ауылының  Шортанбай  жырау  көшесінің  бойына-            «ЖАН ЖҮРЕГІМ АҚСУ-АЮЛЫ» атты тақтасы 1млн. 103 мың теңгеге орнатылды, келісім-шарт бойынша мердігер ЖК «Алимбаева П.Е.» жұмыс жасады.

 

2017 жылы нәтижелі жұмыс пен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 16 миллион 380 мың теңге қаржыға төмендегідей жұмыстары атқарылды.

 

1.Ақсу-Аюлы ауылындағы Кулейменов № 6-7 көшесінің қиылысы бойына

 3 млн. 800 мың тенгеге жарықтандыру  жұмыстары жүргізілді, келісім-шарт бойынша «Шет құрылыс» ЖШС-і мердігер жұмыс жүргізді.

2.Шортанбай жырау көшесінен С.Сейфуллин көшесіне өтетін жолына 5 млн. тенгеге абаттандыру жұмыстары жүргізілді, келісім-шарт бойынша «Шет-Құрлыс» ЖШС-і мердігер жұмыс жүргізді.

3.С.Сейфуллин көшесінен Шортанбай жырау көшесіне өтетін жолына 5 млн. 400 мың тенгеге абаттандыру  жұмыстары жүргізілді, келісім-шарт бойынша «Шет-Құрлыс» ЖШС-і мердігер жұмыс жүргізді.

4. Тлеулин көшесі мен Абай көшесінің бойына яғни, аумағын абаттандыру мақсатында 2 млн. 180 мың тенгеге 2 дана балалар ойын  аландарын орнату жұмыстары жүргізілді, келісім-шарт бойынша «ЕXCLUSSIVE» ЖШС-і мердігер жұмыс жүргізді.

Қолжетімді тұрғын үйі бойынша- «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының бағдарламасы аясында биылғы жылы, Ақсу-Аюлы ауылында 2 қабатты 4 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын жүргізуге және оның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жайластыруға конкурс процедуралардың қортындысымен  «Шет-строй» ЖШС-мен жалпы 39 396,6 мың теңгеге жасалған келісім-шарт бойынша толығымен жұмыстар атқарылып, аталмыш тұрғын үй биылғы жылдың қараша айында пайдалануға берілді.

Санитарлық тазалық жұмыстары бойынша қыс айларында ауыл ішінде жолдарды, Ақсу-Аюлы ауылдық округіне қарасты Ақтөбе, Қайрақты, Еңбекшіл, Ақсу ауылдарының жолдарын қардан тазарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырылады. Сондай ақ, көктем, жаз айларында көшелердің тазалығы үнемі басты назарға алынып, сенбіліктер тұрақты ұйымдастырылып отырылды. Санитарлық тазалық жұмыстары бойынша аудан халқының әлеуметтік –тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытында елді мекендерді көріктендіру, санитарлық және экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес 2017 жылдың сәуір айының 22 күні және қыркүйек айының 11 күндері «Елді мекендерді санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жөніндегі көктемгі және күзгі екі айлықтан» өткізілді. Көктемгі екі айлық аясындағы жұмыстарға Ақсу-Аюлы ауылдық округі бойынша жалпы 56 ұжым, 320 адам қатысты, 4 техника оның ішінде 1 тиегіш, 3 жүк тасымалдайтын техникалар тартылып, 60 тұрмыстық қалдық орындарынан 3 400 тонна күл-қоқыс сыртқа тасып шығарылды. 70 метр қоршаулар жөнделіп, сырланды, 100  дана ағаштар санитарлық кесуден өткізіліп, 400 дана ағаштар отырғызылды. Сондай ақ әр апта сайын барлық кәсіпорындар мен мекемелерге санитарлық тазалық бойынша «Таза бейсенбі» күні  жарияланып  және де жеке-жеке аумақтарды тұрақты  түрде  бөлініп тазалап отырды.

 Учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе санитарлық талаптарды өрескел бұзған жеке және заңды тұлғаларға  Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексінің  505 бабы негізінде 15 рейдтер жүргізіліп 300 ресми ескертулер беріліп, 112 әкімшілік қаттама толтырылды. ҚР ӘҚБтК 440 бабы бойынша; атап айтқанда, қоғамдық жерде мас күйінде жүргені үшін 74 адам жауапкершілікке тартылды.Сонымен қатар, ұсақ бұзақылық үшін 27 адам жауапкершілікке тартылды, түнгілік уақытта тыныштықты бұзғаны үшін 13 адам жауакершілікке тартылды.Үй жайларда жан-жал шығарғаны үшін 38 өтініш қарастырылып, оның 24 бойынша кінәлі адамдар соттың шешімімен әкімшілік қамаққа алынды. Сондай ақ, 2017 жылы, Ақсу-Аюлы учаскелік полиция инспекторларымен 5 қылмыс ашылды,оның ішінде 4 ұрлық және 1 заңсыз атыс ойық ұңғылды мылтықты сақтағаны үшін және  қолданғаны туралы құжаттар тәркіленіп, сотқа жолданды.

Сондай ақ, жаз айларында яғни, күнделікті ауыл ішіндегі көшелерді және саябақтарды күтіп үстау мақсатында бөлінген қаржыға баға ұсынымы арқылы жеке кәсіпкер «Қанжанов М.Қ.» ЖК жеңімпаз атанып 40 жастар жасағын еңбекке баулып, Ақсу-Аюлы ауылында жұмыс істеді. Атап айтқанда, жастар жасағы шілде, тамыз айларында 20 баладан жұмыс істеп, еңбектенді. Ауылды  көгалдандыру, санитарлық жұмыстары бойынша ауылымыздың  көшелерін күл-қоқыстардан тазартып, гүл егіп, тал отырғызып, шарбақтарды сырлап, талдарды, бордюлерді  әктеп, саябақ, скверлерді күтіп-ұстау, тазалау, көгалдандыру жұмыстарын атқарып, ауылымызды көркейтуге ат салысты. Олар күніне 6 сағат жұмыс істеп, бір айда әр балаға  59459 теңге жалақы төленді. Оның ішінде 24459 теңге ЖК «Қанжанов М.Қ.» төлесе, 35000 теңге Облыстық бюджеттен бөлінді.

Сонымен қатар, мал бағылымы бойынша, 2017 жылы жеке меншік иелігіндегі ірі-қара малды, қоғамдық жұмысқа тартылған бақташылылар арқылы ұйымдастырылып, ауылымыздың 5 бағытына тұрақты түрде бағылып отырылды. Ауылымыздың орталық көшелерінде бағымсыз жүретін мал иелеріне ескертулер жасалуда, алдағы уақытта иесіз көшеде жүрген ірі-қара малдарды арнайы салынған шарбаққа қамалатын болады.

         Ауыз су мәселесіне келсек «Ақбұлақ-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, Ақсу-Аюлы ауылы, Құмжон көшесінде су құбырын тартуға конкурс процедуралардың қортындысымен  «Шет-строй» ЖШС-мен 14 млн теңгеге келісім-шарт жасалып, қыркүйек айынан бастап құрылыс жұмыстары басталып, желтоқсан айында аталмыш жұмыстар толығымен аяқталды. Алайда, қазіргі қыс мезгілін ескере отыра, салынған су құбырына су жіберу санитарлы-нормативтік талаптарына сай тыйым салынады. Осыған орай аталмыш су құбырын іске қосу мәселесі 2017 жылдың көктем айында атқарылады. 2017 жылы, Ақсу-Аюлы ауылдық округінде барлығы 766 тұрғын үйге су тартылып, пайыздық мөлшерде 76,6%  болды. Сонымен қатар, жеке меншік тұрғын үйлерге 2017 жылы 120 дана су есептегіш қондырғысы орнатылды. Су тарту жұмыстары  «ШетКоммунСервис» КМК арқылы жүргізілуде, 2017 жылы жаз айларында, бір шама қиындақтар туған болатын, себебі жазғы суару кезеңдерінде тұрғындардың өз иелігіндегі баубақшаларын суару кезінде немқұрайлықтың салдарынан, яғни ауыз суды беталды бақылаусыз ағызып қоюының салдарынан, Ақсу-Аюлы ауылында су жинағыш резервуарының толық толмауына әкеп соққан болатын, сол себептен судың тегеуріні (напор) азайып біраз қиындықтарды туғызған болатын. Сондықтан, Ақсу-Аюлы ауылының тұрғындарына айтарым, «судың да сұрауы бар» демекші тұрғын үйлеріңізге су есептегіш қондырғысын қойып және де жаз айларында суды үнемдеуге шақырамын. Су тұтынушылар ай сайын судың төлем ақыларын уақытылы төлеп отырды.

         Рухани жаңғыру – Қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жердің әрбір сайы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деген.

         Ауданымыздағы Шортанбай даңғылындағы бұрынғы саябақтың ескі талдары алынып, қоршаулары жаңартылып, көтеріңкі етіліп жасалған тұғырларға кітаптар қойылып «Шежірелі өңірдің тарихи тұлғалары» атты монумент орнатылды. Оған ел тарихына байланысты есімдері халық жүрегінде жатталған айтулы тұлғалардың есімдері тұғырға орнатылған кітаптарға қашалып жазылды, Өскелен ұрпақ елінің, жерінің тарихын ел қорғаған ерлерін, билерін, ақын жыраулар, күйшілер есімдерін жадында жаттап өседі. Туған жерге деген сүйіспеншілік туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады.

         Желтоқсанның 26-шы жұлдызында аудандық мәдениет үйінде адамзаттың ардақтысы болған Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның құрметіне арналған рухани-тағылымдық Мәуліт кеш өтті. Осынау сатанатты шараға хақ пайғамбарды қадыр тұтқан аудан тұрғындары мол жиналды. Асыл пайғамбарымыздың өнегелі де ғибратты ғұмырынан сыр шертіп, оның үммет болар көркем қасиеттері жайында Жанқұтты мешітінің бас имамы Берік Алпысбайұлы уағыз айтты. Кеште екі дүние сардарына арналған салауат айтылып, мәуліт жыры оқылып, илләhи әндер шырқалып, тағылым, насихаттар айтылды. Жазушы Кәмел Жүністегінің мұсылмандық қасиеттер жайында көркем тілмен айтқан ғибраттық шұрайлы сөздерін көпшілік жылы қабылдады.

         Білім мен спортты жетілдіру бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы:

Ы.Алтынсарин атындағы және Ж. Ақылбаев атындағы мектеп  оқушылары Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындылары бойынша жақсы балл жинап, алдынғы орындардан көрінуде. Бұл оқушыларға жоғары оқу орындарына грантқа түсіп, тегін білім алуға мүмкіндіктер туғызуда. Осы көрсеткіштер білім саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар және мектеп қабырғаларында  беріліп жатқан сапалы білімнің нәтижелері деп білеміз.

      Сонымен қатар, қазақша күрес, дзюдо күресі, басқада көптеген спорт түрлерінен ауылымыздан шыққан талай спортшыларымыз әлемдік жарыстарда Қазақстанның атын шығарып, намысын қорғап, көк туымызды желбіретіп, талай биіктерді бағындырып жүр. Атап айтқанда Қанжанов Бейімбет самбо күресінен 2017 жылы Ашхабадта өткен 5 азия ойындарында 1 орын, Сочи 2017 жылы ерлер арасындағы әлем чемпионатында 3 орын иеленсе, Ж.Смағұлов МТ «ГранПри-Тибилиси»  және Азия чемпионатының  дзюдодан қола жүлдегері, «Европа Кубогының» және «ГранПри-Ташкент» ойындарының чемпионы, «ГранПри-Тунис» әлем чемпионатының алтын жүлдегері болып көк туымызды желбіретті.

    XIII аудандық қысқы «Қарлы қыс-2017» спартакиадасында жалпы командалық есепте 132 ұпаймен Ақсу-Аюлы құрама командасы 1-ші орынға иеленді.

         Ауылымызда ауыл тұрғындарын салауатты өмір салтына тарту мақсатында әр мереке сайын мекеме аралық, жастар арасында, ересектер арасында футбол, волейбол, теннис, жеңіл атлетика, күрес тағы басқа спорт түрлерінен жарыстар жиі өткізіліп тұрады. Қыс айларында кәсіпкерлерді тарту арқылы орталық саябақтағы хоккей кортына мұз айдыны құйылып, шамамен күніне 10-15 жанұя отбасыларымен, балалар достарымен, жас жігіттер мен қыздар сырғанауға көптеп баруда.

Ішкі саяси тұрақтылық пен баспасөзге жазылу және діни бірлестіктермен атқарылып жатқан жұмыстар туралы.

         2017 жылы Ақсу-Аюлы ауылдық округі  бойынша баспасөзге жазылу 106 пайызға орындалды.

Ақсу-Аюлы ауылдық округінде мемлекеттік және ресми мерекелер өз мәнінде ұйымдастырылып, үнемі концерттік бағдарламалар, салтанатты шерулер, спорттық іс-шаралар өткізіліп отырады. Ауылда діни мерекелерде әрдайым үлкен жиналыстар, жастар арасында құран оқудан жарыстар ұйымдастырылып тұрады.

Жас жеткіншектерге  діни тәрбие беру, Ислам діні туралы кеңінен түсіндіру мақсатында «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Берік Алпысбайұлы оқушылармен кездесулер өткізіп тұрады.

2017 жылы жұма күндері Агротехникалық колледжінде студенттермен кездесу өткізіліп, «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы колледж студентеріне қазіргі кездегі әлем бойынша сонымен қатар Қазақстанда кең таралып келе жатқан теріс ағымдар туралы, «Экстремизм және терроризмнің алдын алу жолдары» тақырыбында баяндамалар оқылып тұрады. Теріс тәрбие беретін, мұсылмандарға қарсы шығушы теріс ағымдардың жетегінде кетпеу үшін «Жастарға экстремизмге қарсы» бейне материалдар көрсетіліп келеді. «Жанқұтты би» мешітінде «Экстремизм – тұрақтылыққа  төнген қауып» деген тақырыпта дөңгелек үстелдер өткізілуде. Мектептерде жоғары сынып оқушыларының діни сауаттын мешіттен алғандары дұрыс екендігіне ерекше назарда ұсталуда. Жас ұрпаққа жөн сілтеп, дұрыс пен бұрысты айыратын бағыт-бағдар көрсету, тәлім мен тірбие беру – баршамыздың міндетіміз деп санаймын.

 

Жастарды жұмыспен қамту, жастарды мерекелік шараларға тарту бағытында атқарылған жұмыстар туралы

  Жастар орталығы және Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастырумен Ақсу-Аюлы ауылындағы жас мамандар, ауыл жастары көптеген мерекелік іс-шараларға белсене араласып келеді.

Жасыл Ел жастар жасағы жазғы демалыс айының екі айында 20 баладан 40 студент жұмыс істеп, ақша тауып бір мезетте туған жерінің гүлденуіне де, аз да болса септігін тигізуге мүмкіндік алды.

Елбасы Жолдауының қағидаларын толық қолдай отырып, қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін, Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің аппараты, ағымдағы жылға және жақын перспективаға арналған іс-қимыл жоспарын, Ақсу-Аюлы ауылының 2014-2018 жылдарға арналған элеуметтік-экономикалық кешенді даму жоспарына сәйкес жүзеге асырады. 

2018 жылы, Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің аппараты төмендегі жұмыстарды жүргізу жоспарлап отыр:   

 

  1. Ақсу-Аюлы ауылын жаңа қырынан көрсету бағытында яғни, болашақта ауылымыздың сыртқы жағына жаңадан тұрғын үйлерді салу көзделіп отыр.Сол жұмыстардың бастамасы ретінде Республикалық тас жолының бойында орналасқан «БАҚ» кафесінен  бастап «ҚазМұнайГаз» жанаржағармай құю станциясына дейінгі аралықты талапқа сай етіп абаттандыру жұмыстарын жүргізу.  
  2. Ішкі көшелердің жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын жасау.
  3. Көшелердің бойына балалар ойын алаңдарын орнату жұмыстары.
  4. Ауыл ішінде иесіз жатқан ғимараттармен боқаттарды тазалау жұмыстары.
  5. Ауылды абаттандыру жұмыстарын жүргізу.

Сөзімді аяқтай келе алдағы уақытта, атқарылған жұмыстармен қатар, ауылымызды көркейту үшін, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту бағытында алдымызда көптеген маңызды мәселелер тұр. Бәріміз бір кісідей, бірлікпен ауылымыздың гүлденуіне аянбай еңбек етіп, ат салысуымыз қажет.    


Количество посещений: 1102


Наверх