print

Аудан орталығында Әдеп кеңесі өткізілді

...
    2017 жылдың 13 желтоқсанында сағат 10.30-да аудан әкімдігінің ғимаратында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Б.Ахметовтің төралығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардың орындалысы және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексінің сақталуы жөнінде кеңес өткізіліп, мемлекеттік мекеме басшылары және мекемедегі барлық мемлекеттік қызметшілер қатысты. 
    Кеңес барысында аудан әкімі аппаратының жетекшісі Орал Зәмірбекұлы Стыбаев Шет ауданында мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңдары және Әдеп кодексі талаптарының орындалысы туралы баяндама жасады.
    Кеңес қорытындысымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департамент басшысылығы тарапынан бірқатар тапсырмалар беріліп, қатаң бақылауға алынды.
    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Б.Ахметов Шет аудандық «НұрОтан» партиясының филиалы ғимаратында жеке қабылдау өткізіп, Шет аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының және Шет аудандық №1 халыққа қызмет көрсету орталығының мемлекеттік қызметтерді жақсарту бағытында жасалып жатқан жұмыстарымен танысты.
 

Количество посещений: 1713


Наверх