print

2018 жылдың 7-9 ақпан аралығында Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласының 20 жылдығына арналған және XXVIII «Қарлы қыс-2018» спартакиадасы

...

Қарағанды қаласындағы облыстық жарыс

    2018 жылдың 7-9 ақпан аралығында Қарағанды қаласында Қазақстан      Республикасының елордасы Астана қаласының 20 жылдығына арналған және  XXVIII «Қарлы қыс-2018» спартакиадасы өтті. Облыстық спартакиадаға Ақтоғай, Жаңаарқа, Қарқаралы, Бұқар жырау, Ұлытау, Нұра, Осакаровка, Абай, Шет ауданы, барлығы  9 аудан қатысты. Облыстық спартакиада 2018 жылы 8 ақпан күні  Қарағанды қаласында «Ақжолтай» Спорт Мұз сарайында  ашылу салтана өтті. Тікелей біріншілікті өткізу Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы өткізді. Облыстық спартакиадада Шет ауданының Ақадыр  кенті командасы «Допты  хоккейден» 3-орынға ие болды, қысқы президенттік  көпсайыста жекелей сайыста Нұраталды ауылында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Оспанова Мейрамкүл  3-орын алса, конькимен сырғанаудан жекелей сайыста Ақадыр кентінің орталықтандырылған ауруханада жұмыс істейтін Айдосқызы Ақнұр 3-орын алды. Жеңімпаздармен жүлдегерлер Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының  арнайы  медальдармен,  кубогымен, грамотасымен және   командалық 1,2,3 орын алған команданы дипломдармен марапатталды. 

  

  


Количество посещений: 2126


Наверх