print

Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына және Үкіметтің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі Қаулысымен бекітілген Тізілімге сәйкес Шет ауданының 10 мекемесімен және ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің аппараттарымен мемлекеттік қызметтердің 81 түрі көрсетіледі.

Ауданның мемлекеттік мекемелерімен 2017 жылдың 10 айында жалпы 69269 мемлекеттік қызмет көрсетілген. (2013 жылы – 29129 қызмет, 2014 жылы – 21228 қызмет, 2015 жылы – 36799 қызмет, 2016 жылы – 57357 қызмет).

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы көрсетілген қызметтер саны жыл сайын артып келеді: 2013 жылы – 3513 қызмет, 2014 жылы – 3577 қызмет, 2015 жылы - 4777 қызмет, 2016 жылы – 3663, ал 2017 жылдың 10 айында – 5162 қызмет көрсетілген.

2013 жылдан 2017 жылдың 10 айына дейінгі аралықтағы салыстырмалы ақпарат ауылшаруашылығы, ветеринария мен әлеуметтік саласындағы қызметтерге және де білім беру саласындағы қызметтерге сұраныстың басым болғандығын көрсетеді.

Жыл өткен сайын «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы және «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде қызмет алушылардың саны артуда. (2016 жылы ЭҮП – 422, 2017 жылдың 10 айында – ЭҮП – 1014). Сондай ақ қызметерді электронды түрде көрсету мүмкіндігі де артып келеді.

«Электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметтер санының өсуіне, электронды цифрлық қолтаңбаның көпшілікке таралуына аса қатты көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мәліметіне сәйкес Шет ауданының тұрғындары электрондық цифрлік қолтаңбамен қамтамасыз етілуі бойынша облыстық көрсеткіштер бойынша 38% құрап, ІІІ орында тұр.

2015 жылы мемлекеттік қызметтердің мерзімдерінің бұзылуы 102 рет орын алған және 1 қызмет бойынша шағым түскен. Бұл мерзім бұзушылықтарға жол берген тиісті сала басшыларымен мамандары тәртіптік жауапкершілікке тартылған болатын.

2016 жылы мемлекеттік қызметтердің мерзімдерінің бұзылуы 99 рет орын алған. Бұл мерзім бұзушылықтарға жол берген тиісті сала басшыларымен мамандары тәртіптік жауапкершілікке тартылған болатын.

2017 жылы мемлекеттік қызметтердің мерзімдерінің бұзылуы 6 рет орын алған. Бұл мерзім бұзушылықтарға жол берген тиісті сала басшыларымен мамандары тәртіптік жауапкершілікке тартылған болатын.

-      3 қызмет түрі бойынша 11.04.2017 жылы №13к өкімімен ауданның білім бөлімінің басшысы Е.Смағұлға ескерту және 22.05.2017 жылы №161 бұйрығымен ауданның білім бөлімінің іс-жүргізушісі Г.М.Аширбековаға қатаң сөгіс берілді;

-      2 қызмет түрі бойынша 07.04.2017 жылы №12к өкімімен аудан әкімі аппаратының кеңсе бөлімінің бас маманы А.Нұрмухановаға ескерту берілді;

-      1 қызмет түрі бойынша 16.08.2017 жылы №34к өкімімен ауданның сәулет және қала құрылыс бөлімінің басшысы Р.Төлеуоваға қатаң сөгіс берілді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзімдерінің сақталуы аудан көлемінде үнемі бақылауға алынған. Қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу жүйесі бойынша жоспарға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мекемелер тексерілді. Қорытынды бойынша тиісті тәртіптік шаралар жүргізілді.

Аудан әкімі аппаратының ресми сайтында тиісті нормативтік құқықтық актілер (қызметтердің стандарттары мен регламенттері) қызметтердің паспорттары, қызметтердің көрсетілу тәртібі, шағымдану туралы ақпарат, мемлекеттік мекемелердің қызмет көрсетулері туралы есептері орналастырылған.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау бойынша аудан әкімінің ресми сайтына, аудандық «Шет Шұғыласы» газетіне мақалалар үнемі жариялануда. Осы бағытта 2017 жылдың 10 айында ауылдық округтер мен кенттерде 9 баннер ілінді. Жыл соңына дейін 10 баннер ілу жоспарда.

Мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердегі қызмет алушылардың арыз – шағымдарына арналған журналдарға бүгінге дейін ешқандай арыз – шағым түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет алу үшін мүгедектерге қолайлы жағдай жасау мақсатында аудан бойынша 11 мемлекеттік мекемеде пандустар орнатылған.

Сонымен қатар, ауданымызда мемлекеттік қызметтерді өз мәнінде көрсету үшін кейбір мемлекеттік органдарда проблемалық мәселелер туындап, олар аудандық Қоғамдық кеңес отырысында қаралып тиісті шешімдері қабылданды.

Қазіргі таңда ауданның мекемелері тарапынан көрсетілетін жасырын қызмет түрлері көрсетілуде. Бұл қызмет түрлеріне Үкімет тарапынан стандарттар мен регламенттер әзірленбеген. Осыған байланысты, стандарттар мен регламенттер әзірлеу туралы тиісті органдарға ұсыныстар жолданған (Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан көрсетіліп отырған 3 қызмет). Осы бағытта жалғастырылуда.

 

 

 


Количество посещений: 2231


Наверх