print

АҚАДЫР КЕНТІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді-мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезіндегі тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес 2017 жылдың 9 қазан күні сағат 16:00 де Мәдениет үйінің ғимаратында Ақадыр кентіндегі тарихи тұрғыда ескірген көшелерді қайта атау бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысы өтеді.

         Барлық ұсыныстар мен ескертпелер Ақадыр кенті, Тәуелсіз Қазақстан көшесі 4 мекен-жайында орналасқан Ақадыр кенті әкімінің аппаратында және Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде қабылданады.   


Количество посещений: 2824


Наверх