print

Шет ауданының Өспен ауылы тұрғындарының назарына!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы    24 ақпандағы № 138 қаулысымен бекітілген  Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес  2017  жылдың  13  тамызы  күні  сағат  15.00-де  Өспен  ауылындағы  Мәдениет  үйінде  Өспен  ауылындағы  көшелерді  қайта  атау  бойынша  жергілікті  қоғамдастық  жиналысы  өтеді.

     Барлық  ұсыныстар  мен  ескертпелер  Өспен  ауылдық  округі, Өспен  ауылы, Центральная  көшесі, 1 мекенжайында орналасқан  Өспен ауылдық округі әкімі аппаратында  және Шет ауданының мәдениет  және тілдерді дамыту бөлімінде  қабылданады.

 

Өспен  ауылындағы  көшелерді  қайта  атау  бойынша 

жергілікті  қоғамдастық жиналысының

ХАТТАМАСЫ

 

 

Өспен ауылы                                   № 1                                                       13.08.2017 жыл

                                                                                                                          сағат  15.00.

 

Төрағалық еткен:                                                                                         Е.А.Тажентаев

 

Қатысқандар:                                                                          ауыл тұрғындары, жергілікті                                  

                                                                                           қоғамдастық.  (Барлығы  132 адам)

 

 

 

 

Күн  тәртібі:

 

  1. Өспен ауылындағы  моральдық  тұрғыда ескірген  Центральная, Школьная, Садовая, Новостройка, Станционная, Южная  көшелерін  қайта атау туралы  

 

 

 

      Жиналысты  округ әкімі  Ж.С.Аманжолов  ашып Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы    24 ақпандағы № 138 қаулысымен бекітілген  Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларымен таныстырып өтті.

                                                                                                                                                 

1. Центральная көшесінің тұрғыны   Кипшаков Аскар:

Бұл шара  өте дұрыс. Ауылымыздағы  көше  атаулары  ескіргендіктен, жаңаша заман  талабына сай  атауымыз  керек. Центральная  көшесін  Жауынгер әкелер  көшесі  деп  қайта  атауды  ұсынамын.

  1. Центральная көшесінің тұрғыны Сарбасов Ақсұлтан:

Біз  көше тұрғындары  бұл  ұсынысты  бірауыздан қолдаймыз.

3. Школьная көшесінің тұрғыны   Нуржанов Файзулла:                             

170 жылдық тарихы бар Нілді мыс кенішіне еңбегі сіңген  тұлғалардың ішінде  Қаныш  Сәтбаев есімі ерекше. Осыған орай, Школьная көшесін  Қаныш Сәтбаев  көшесі  деп қайта атауды ұсынамын.

  1. Школьная көшесінің тұрғыны  Мынбаев Даркен:

Өте орынды ұсыныс, біз  көше тұрғындары  бұл  ұсынысты  бірауыздан қолдаймыз.

  1. Садовая көшесінің тұрғыны Тазабеков Туяк: 

Біздің  көше  тарихы  тағылымды  Әулиетастан  бастау  алады.Осыған байланысты Садовая   көшесін Әулиетас  көшесі деп қайта атауды  ұсынамын.

  1. Садовая көшесінің тұрғыны Жумагамбетов Ербол:

Бұл ұсынысты біз  көше тұрғындары құптаймыз, көшемізді Әулиетас деп атайық.

7. Новостройка  көшесінің тұрғыны Джакупбеков Марат: 

Қашанда  бірлігіміз, ынтымағымыз  достықтан  бастау алған  ғой, сондықтан Новостройка  көшесін  Достық  көшесі деп қайта атауды  ұсынамын.

  1. Новостройка  көшесінің тұрғыны  Сембеков Адилет:

Біз  көше тұрғындары  бұл  ұсынысты  бірауыздан қолдап, келісеміз.

 

 

 

 

9.  Станционная көшесінің тұрғыны Альмагамбетов Кабыл:  Біздің  көше  темір жол торабының бойында орналасқан, сондықтан темір жол  ауылымыздың  күре тамырындай. Осыған орай  Станционная көшесін Теміржол  көшесі деп қайта атауды  ұсынамын.

  1. Станционная  көшесінің тұрғыны  Текенов Галым:

Өте орынды ұсыныс, біз  көше тұрғындары  бұл  ұсынысты  бірауыздан қолдаймыз.

  1. Южная көшесінің тұрғыны  Кокин Бакыт:  Ертеде біздің көшеде Нілді мыс кенішінің  кеншілері  тұрған. Сол кеншілердің  құрметіне  Южная көшесін  Кеншілер  көшесі деп қайта атауды ұсынамын.
  2. Южная көшесінің тұрғыны  Аренов Елконды:

Біз  көше тұрғындары  көшеміздің Кеншілер  көшесі   деп  аталуын  толықтай  қолдаймыз.

 

 

 

 

      ҚАУЛЫ  ҚАБЫЛДАНДЫ:

  1. «Центральная» көшесі «Жауынгер әкелер» көшесі болып қайта аталсын.
  2. «Школьная» көшесі «Қаныш Сәтбаев» көшесі болып қайта аталсын.
  3. «Садовая» көшесі «Әулиетас» көшесі болып қайта аталсын.
  4. «Новостройка» көшесі «Достық» көшесі болып қайта аталсын.
  5. «Станционная» көшесі «Теміржол» көшесі болып қайта аталсын.
  6. «Южная» көшесі «Кеншілер» көшесі болып қайта аталсын.

                                    

 

 

Жиналыс төрағасы:                                               Е.А.Тажентаев

 

 

Хатшысы:                                                                А.Е.Сембеков


Количество посещений: 3332


Наверх