print

Шет ауданының әкімі М.Жандәулетовтің өзіне жүктелген міндеттері бойынша аудандық мәслихат сессиясындағы есебі

Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері ағымдағы жылдың алты айында толық орындалды.

     Ауданның өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындармен ағымдағы жылдың 6 айында 21 млрд 685 млн. теңгенің өнімі өндірілді,  өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 119,5 пайызды құрады. Өндірілген өнім көлемі жыл сонына дейін 40,5 млрд. теңгеге жетеді деп межеленуде.

     6 айда негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі –3 млрд 594 млн теңгені құрады. Айғақтық көлем индексі – 106,4%.

     7 айдың қортындысымен 4 млрд.теңге инвестиция құйылады деп күтілуде, былтырғы жылмен салыстырғанда 1 млрд. 318 млн.теңгеге артпақшы. Айғақтық көлем индексі – 109,3% құрамақшы.

     Жыл қорытындысымен 10 млрд.теңге инвестиция құйылады деп күтілуде, жоспар 100 пайызға орындалады. Айғақтық көлем индексі – 110 % болады.

     Жалпы өнеркәсіп өнімнің 85,2%  тау-кен кәсіпорындарында. Ол ірі кәсіпорын «Нова-Цинк», орта кәсіпорындар «Бапы Майнинг», «Металлтерминалсервис», «Крамдс - Кварцит». 4,6% өңдеу кәсіпорындарында өндірілсе, 10,2% коммуналдық қызметтер көрсететін кәсіпорындар үлесіне тиесілі.

       «Сары – Арқа Коппер Процессинг» кәсіпорынының Алмалы кен орнында «Катодтық мыс өңдіру заводының құрылысын салу» жобасы бүгінгі күнге қолға алынып, аймақтық кәсіпкерлікті қолдау Картасына енгізілген. Жоба бойынша аудан аумағында 2017-2018 жылдары озық байыту технологиялармен жабдықталған жобалық қуаттылығы алты мың тонна катодтық мыс шығаратын завод салынып, пайдалануға берілмекші.

       Завод құрылысына 14,0 млрд. теңге көлемінде инвестиция қарастырылса, заводтың құрылысы кезінде 400-450 адам, ал фабрика іске қосылғанда 350 жұмыс орыны ашылып, жақын орналасқан Ақсу-Аюлы, Кеншоқы, Ақшатау және Ақадыр елді мекендерінің тұрғындары жұмыспен қамтылып, аудан бойынша салық түсімдерінің көлемі арта түспек.

       Бүгінгі күнде кәсіпорында 299 адам жұмыспен қамтылса, облыстан 104 адам, олардың ішінде 57 адам ауданның тұрғындары.

       Алдын ала жасалған зерттеулер бойынша өндірілген катодтық мыс Европа мен Қытайға экспорттауға бағытталуда. Завод құрылысына 166 га жер учаскесі бөлініп берілді, қалған жер телімдері бойынша рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

       Ауданда кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдайлар жасалуда.

       Шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдар саны 2 495 бірлікке жетіп, өткен жылдың сәйкес мерзімінен 6,0 пайызға артты. Осы салада жұмыспен қамтылғандар саны есепті мерзімге 4 475 адамға жетіп, өткен жылдың көрсеткішінен 101,0 пайызға артып отыр. Жыл сонына дейін жоспар бойынша бұл көрсеткішті 4 485 адамға жеткізу жоспарлануда

Шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдарымен өндірілген өнім, көрсетілген қызмет көлемі 9 млрд 410 млн. теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 100,7 пайызға артты.

       Жергілікті кәсіпкерлер өз істерін ашуға әр түрлі несиелік қорлардан ағымдағы жылы  412 млн. теңге көлемінде несие алынды.

      Өз ісін ашып, кәсіпкерлік бастамшылығы бар аудан тұрғындарына аудандық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Бастау-Бизнес» бағдарламасы аясында Ақсу-Аюлы және Ақадыр елді-мекендерінде 1 айлық оқулар өткізіліп, 81 қатысушыға сертификат берілді.

       Елбасы ұсынып отырған «Туған жер» бағдарламасын біздің кәсіпкерлер қуана қарсы алды.

Кейінгі екі жылда ауданның кәсіпкерлері де өз күшімен 7 елді мекенде мешіт, 2 елді мекенде тойхана, 3 елді мекенде монша салып, халық игілігіне берді.

Бір кәсіпкер мектепке "Газель" микроавтобусын сыйға тартты.

       Ал биылғы жылы кәсіпкерлер өз қаражаттарына тағы бір елді мекенге мешіт және аудан орталығына банк ғимаратын салып, іске қоспақшы. Және де бір кәсіпкеріміз мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы 30 орындық балабақша салмақшы.

       Ауыл шаруашылық саласы бойынша өндірілген өнім көлемі 6 айда 9 млрд 754 млн. теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 107,0 пайызға орындалды. Нақты көлем индексі 120 пайызды құрады.

       Жыл қорытындысымен ауылшаруашылық саласында 26 млрд. 778 млн.теңгенің өнімі өндірілмекші, жоспар 100 пайызға орындалады. Айғақтық көлем индексі – 103,5% болады.    

       Аудан бойынша былтырғы жылы 597 шаруа қожалықтарына 689,0 млн. теңге көлемінде субсидия төленді. Оның ішінде өсімдік саласына берілген субсидия көлемі 52 шаруа қожалықтарына 70,0 млн. теңге. Биылғы жылы да бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.

       Барлық мал басы түрлерінен өсім байқалады.

       Былтырғы жылы аудан бойынша 1 сүт қабылдау пункті ашылса (7,0 млн.теңге - несие, Ақадыр кенті) биылғы жылдың 3 тоқсанында Ақжал кентінде қуаттылығы күніне 4 тонна сүт өңдеу цехы іске қосылмақшы.

       Мал бастарын  асылдандыру мен мал өсіру тұрғысында ауданның шаруа қожалықтары «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы «Сыбаға», «Алтын-Асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша кейінгі жылдары мал бастарын көбейтуде.

       Бүгінгі күнге аудан бойынша 11 ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері (СПК) ашылды.

       4-сүт бағытында

       7-ет бағытында

       Облыстық ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 3 ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері барлығы 136,0 млн. теңге көлемінде қаражат алды.

       Қалған 8 ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері несие алу үстінде.

       Биылғы көктемде аудан бойынша 19 000 га жерге масақты дәнді дақылдар, соның ішінде 6 600 га бидай, 12 000 га арпа және 350 га сұлы, 500 га майлы дақылдар, 1 130  га картоп дақылы,   5 200 га жерге көпжылдық шөп (житняк) және 1 500 га бір жылдық шөптер себілді.

       Бүгінгі күнге аудан бойынша 350,0 мың тонна шөп дайындалды, ол жоспардың 94,0 пайызын құрайды.  (Жоспар -370,0 мың.тонна).

       Аудан бойынша тіркелген 1 188 шаруа қожалықтарына 2 млн. гектар жер бекітіліп берілген. Өткен жылы жерлерін тиімді пайдаланбай отырған 29 шаруа қожалықтары өз еріктерімен 27650 га жерлерді мемлекеттік қорға қайтарса, биылғы жылы 25 шаруа қожалығы пайдаланбай отырған 13 435 га жерін қайтарып отыр. Тағы да 52  шаруа қожалықтың құжаттары облыстық жер инспекциясына жіберілді. Мемлекеттік жер қорына қайтарылып алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайта айналымға енгізу үшін конкурстық жұмыстар жүргізілуде.

       Ветеринария саласы бойынша тиісті эпизоотияға қарсы жұмыстар ұйымдастырылуда.

        Жыл басынан зерттеулер қорытындысында 249 бас ірі қараның бруцеллезге шалдыққаны анықталды. Бұл малдар бүгінде толықтай ет өңдеу кәсіпорындарына өткізілді.

       Сондай-ақ барлық ауруларға 6 айлық жоспар бойынша вакцинация 100,0 пайызға орындалды.

       Ірі қара малдар 100,0 пайызға бірдейленіп, электронды базаға толықтай енгізілді, ұсақ малдармен жылқылар 100,0 пайызға бірдейленіп,100 пайыз енгізілді. 

       Елді мекендерінде 16 сібір жарасы ауруының ошақтары тіркелген. Қазіргі күнде 11 ошақтың орны анықталып, олар уақытша қоршалып, сақтандыру белгілері қойылған болатын. Барлық ошақтар топографикалық картаға енгізілді.

       11 сібір  жарасы  көмінділеріне  қоршауға конкурс  жарияланып, мердігерлер анықталып, жұмыстар басталу үстінде.

       Ауданда 16 мал сою нысандары жұмыс істеуде. Аудан елді мекендеріне шаққанда тек 40,0 пайызға қамтылып отыр. Жақын арада тағы 4 мал сою нысаны іске қосылатын болады, құжаттары рәсімделуде.

       Аудан көлемінде 13 мал қорымы пайдалануға берілген. Оның ішінде 5  тұрпатты, 8 жадағай. Мал қорымдарын күтіп  ұстауға 2017 жылы аудан бюджетінен 1 млн 200 мың тенге қаражат бөлініп отыр. Жөндеу  жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айында басталады.

Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында су басу қауіпті аймақта орналасқан Красная Поляна ауылдық округіне қарасты Қарамұрын станциясындағы 5 үйге аудандық бюджеттен және Қызыл Ай Қоғамы Қоғамдық бірлестігінен қаржы қарастырылып, тұрғылықты үй сатып берілді.

Қазіргі уақытта көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Ақадыр кентіне су тасқынынан қорғау үшін қорғаныс бөгеттер салуға аудандық бюджеттен 4 млн. теңге қарастырылды. Көктіңкөлі, Нұраталды және Красная Поляна елді мекендеріне су тасқынынан қорғау үшін қорғаныс бөгеттер құру жоспарланып отыр.

Талды өзенінің дамбысына нығайту жұмыстары жүргізіледі.

Ауданда барлық 35 су тоғандардың 8-і қауіпті жағдайда. Олардың ішінен 5-аса қауіпті су тоғандары облыстық "Қарағанды су қоймалары" мекемесіне тапсырылды.

 

Коммуналдық сала бойынша;

-Қысқы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде. Қысқы маусымға қажетті 17 954 тонна көмірдің бүгінгі күнге 55 пайызы түсірілді (9 908 тонна).

- Аудан бойынша барлық 61 елді мекендердегі жылу жүйелері, электр энергиясы және телефон байланысы тұрақты қызмет көрсетуде.

- 11 көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлесінде  орналасқан автономды жылу қазандықтарын сыртқа шығару жұмыстары кесте бойынша жүргізілетін болады.

Ауыз су мәселесіне тоқталатын болсақ, 61 елді мекеннің (43936 адам) 29 елді мекені (36 871 адам) орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген, немесе барлық тұрғындардың 83,9%.

Елді мекендердің 16 пайызы ауыз суды скважиналар мен құдықтардан алады.

Ауыз су жүйелерінің негізі 50-70 жылдары салынған. Ауыз су жүйелерінің 80 пайызы ескірген.

Бүгінгі күнде 6 елді мекеннің ауыз су жүйелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 7 жоба жасалынды. Жобалардың жалпы құны - 3 млрд. 986 млн. теңге.

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына бюджеттік сұраныс жасалды.

«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында биылғы жылы Ақадыр кентінің негізгі су құбырының құрылысы және ықшам ауданындағы ішкі кварталдық су құбырын жүргізуге республикалық және облыстық бюджеттен 186,0 млн. теңге бөлініп жұмыстар басталды. Ақсу-Аюлы ауылының Құмжон көшесіне су құбырын тартуға аудандық бюджеттен бөлінген 23,0 млн теңгеге жарияланған конкурстық процедуралар аяқталып, жақын арада тиісті жұмыстар басталады.

Ауданда құрылыс жұмыстарының көлемі 2017 жылдың 6 ай қорытындысымен 1 млрд. 247 млн.теңгені құрап, жоспар 212,0 пайызға орындалып отыр.

Жыл аяғына дейін жоспар 103,0 пайызға орындалады деп күтілуде.

Ауданда кейінгі жылдары тұрғын үй салынбаған. Биыл Мемлекеттік «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының Бағдарламасы аясында Ұлттық қорынан және облыстық бюджеттен Ақжал кентінде 12 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысын жүргізуге 74,0 млн. теңге, оның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жайластыруға – 38,0 млн. теңге, ал Ақсу-Аюлы ауылындағы 4 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысына 34,0 млн теңге және оның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жайластыруға 7,0 млн. теңге қаралып отыр. Тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары басталды.

Биыл аудан орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектептің жанынан интернат салу жоспарланып, жобалау-сметалық құжаттары дайындалуда. Ал қазіргі интернат ғимаратын жас мамандарға, көп балалы отбасыларға (26 отбасы) үй негізінде беру жоспарымызда бар.

2018 жылға 12 пәтерлік 4 тұрғын үйдің құрылысы бойынша құжаттары сараптамадан өткізілді.

Аудан әкімдігі жұмыстарының басты бағыттардың бірі - жұмыссыздықпен күрес. Жыл басынан халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде 520 адам тіркелді. 267 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. 13 адам әлеуметтік жұмыс орындарына тартылды, жастар тәжірибесіне 4 адам болса, қоғамдық жұмысқа 335 адам жіберілді. 37 адам қайта даярлау курстарынан оқытылып, шағын несие алуға 11 адамға жолдама берілді.

Аз қамтылған   азаматтардың   электрондық  базасындағы 254  адамға мемлекеттік емес көздерден  624,0  мың  теңге  әлеуметтік  көмек  көрсетілді.     2017 жылы «Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша аз қамтамасыз етілген 10 отбасы немесе 62 адам қатысып,  2 млн. 785 мың теңге тағайындалды.  Жылдық жоспар толық орындалды.

       Білім беру саласы бойынша.

2017 жылы мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 118 млн. теңге бөлінді, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 76 млн. теңгеге артық.

Биылғы жылы 120 компьютер және проектор, 6 робототехника лабораториясы, 85 мультимедиялық жабдықтар және 2 химия, 3 физика, 10 профориентациялық, 4 технология кабинеттері алынды. Бүгінгі күні 1 компьютерге 5,4 оқушыдан келеді. (Облыстық орта көрсеткіш- 5,4)

Былтыр «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша  115 млн. теңгеге 16 білім беру нысандарында жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биыл 72 млн. теңгеге 2 мектеп күрделі жөндеуден өткізіледі. 3 млн. теңгеге бір балабақшаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

4 мектептің базасында тірек мектебі (ресурстық орталықтар) құрылып, шағын жинақты мектептермен жұмыс істеп отыр. Тірек мектебіне бекітілген магниттік мектептер саны бүгінгі күні – 29.

.Биылғы оқу жылынан бастап  ауданның 53 мектебі "Білім Ленд" білім беру платформасы бағдарламасына қосылып, оқу бағдарламасын компьютер арқылы оқуға мүмкіндік жасалды.

 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткіші 100 пайыз. Ауданда 6 балабақша, 32 шағын орталық, оның ішінде 6 шағын орталық толық күнді қызмет етеді. Биылғы жылы тағы 5 шағын орталық толық күнге ауыстырылмақшы.

Балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыруға аудандық бюджеттен 16 млн. теңге бөлінді.

Қала сыртындағы лагерлерде  конкурс арқылы  3 лекпен 180 оқушы шілде айының 24 дейін баратын болды. Ал, демеушілік көздері арқылы қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагеріне 150 оқушыны сауықтырылады деп көзделіп отыр. Маусым айында Ақжал кентіндегі «Нова-Цинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагеріне 90 оқушыны Қостанай қаласында демалуын қамтамасыз етіп отыр.

Мектеп бітірушілер саны 420, оның ішінде ұлттық біріңғай тестілеуге қатысқандар 258, яғни 61,4% құрайды. Қазақ тілінде тапсырғандар 236, орыс тілінде тапсыратындар 22. Аудан бойынша орташа көрсеткіш 2016-2017 оқу жылында 69 құрап отыр. Ең жоғарғы 130 балл болып тіркелді.

Денсаулық саласы бойынша;

Міндетті медициналық сақтандыру реформасын енгізу бойынша тұрғындар арасында құрылған аудандық штаб ақпараттандыру - түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Былтырғы жылы 6 отбасылық дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді.

Еркіндік, Ақшоқы ауылы және Қарамұрын станциясы тұрғындарының сұранысы бойынша фельдшерлік-акушерлік пункт пен медициналық пункт ашуға ауылдан баспана сатып алынып, аудандық медицина бірлестігінің балансына тапсырылды.

2017 жылдың 6 айының қорытындысымен демографиялық көрсеткіштері төмендегідей:

- бала туу көрсеткіші 12,58 құрады. (2016 жылы 16,64)

- жалпы өлім көрсеткіші 9,04 құрады. (2016 жылы 7,49)

- табиғи өсім көрсеткіші 3,55 құрады. (2016 жылы 8,28)

Аудан тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы 69,5 жылды құрайды.

Аудан орталығы мен Ақадыр кентінде 2 әлеуметтік дәріхана ашылып, төменгі бағамен тұрғындарды дәрі - дәрмекпен қамтамасыз етуде.

Ана өлімі және бір жасқа дейінгі балалардың өлімі тіркелген жоқ.

Аудандық ауруханаға 2016 жылы 4 жас дәрігер оқу бітіріп келіп, қызметке орналасса, биылғы жылы 1 дәрігер-хирург келді және 3 түлек интернатураны аяқтап ауылға келеді.

Барлық келген дәрігерлер тұрғын үймен қамтамасыз етілуде.

 Ауданда жастардың саны 12200 адамды құрайды. Бұл аудан  халқының 28% .

Жастар саясатын іске асырудың негізгі міндеттерінің бірі - жас адамдардың өнегелік және рухани дамуын қалыптастыру, оларды патриотизмге тәрбиелеу, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту болып табылады. Солардың бірі «Жасыл ел» бағдарламасы.  «Жасыл ел» бағдарламасының негiзi  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен  қаланған болатын. Бұл игі шара ауданымызда да атқарылып, жақсы бастамаға айналуда.

 Ең бастысы-жылына қаншама жастарды осы істерге тарта отырып, олардың арасындағы жұмыссыздықты төмендету, бос уақытын тиімді өткізе отырып, еліне қызмет жасау. Биылғы жылы үш ай мерзімді маусымдық жұмысқа 60 сарбаз жұмыспен қамтылуда.  Ауданымыздың қыз-жігіттері ауданның көркейіп, гүлденуіне  білек сыбана кірісіп кетті. Жастар жаз бойы ауданның саябақтары мен гүлзарларды баптап күтіп және демалыс орындарына жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Мәдени саланы дамыту ерекше назарда. Биылғы жылы 3 мәдениет үйлеріне музыкалық аппаратура, 7 ауылдық мәдениет үйлеріне сахна жабдығы, 7 ауылдық мәдениет үйлеріне 720 дана  көрермен орындығы алынып,  Аудандық мәдени-сауық орталығының өнерпаздарының сахналық киімі жаңадан тіктірілді. Аудандық мәдениет үйінің алаңына аббаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

 

Ауданда жалпы қоғамдық саяси ахуал тұрақты. 

Бүгінгі күні дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтанып, алдын алу бойынша аудан әкімдігі мен діни ақпараттық-насихат тобы «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» діни бірлестігінің Шет ауданы филиалымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Аудан бойынша теріс ағымда жүрген тұлғаларды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріліп тұрады. Алайда осы күнге дейін Қазақстан Республикасына қарсы және экстреимстік, террористік тұрғыда заңға қайшы әрекеттері анықталған жоқ.

 

Криминогендік жағдай. Өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда жалпы қылмыс 22,0 пайызға өсіп отыр. Ауыр қылмыс 6-дан 8-ге дейін немесе 33 пайызға, ал 1 аса ауыр қылмыс тіркелді. Қоғамдық орындардағы қылмыстар азайып, көшеде жасалған қылмыстың өскендігі байқалады.

Тергеу мақсатында аймақтық жедел-тергеу  және іздеу топтары жұмыс атқаруда. Ай сайын құрылған топтардың атқарып жатқан жұмыстары туралы тыңдау өткізіліп отырылады және  жергілікті жерлердегі учаскелік полиция қызметкерлері тоқсан сайын халық алдында есеп береді.

Биылғы жылы барлық ауылдағы учаскелік полиция пунктеріне 12,0 млн.теңгеге  жиһаз, компьютерлер алынып берілуде.

Шет ауданының 2017 жылдың 6 айындағы әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен жыл қорытындысының болжамы осындай.

Келешек те де бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасын табатын болады.


Количество посещений: 2427


Наверх