print

Шет ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі туралы мәліметті ұсынады

Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер болып табылатын шаруа немесе фермер қожалықтары және заңды тұлғалар (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер), сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері мынадай салық салу режимдерінің бірін дербес таңдауға құқылы:
      1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі (бұдан әрі — арнаулы салық режимі);
      2) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі;
      3) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп.
      Осы Кодекстің 450-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы бапта белгіленген арнаулы салық режимін таңдау кезінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері осы режимді қолдану шарттарына сәйкес болған кезде осы режим кемінде күнтiзбелiк бір жыл мерзіммен қолданылады.
      Арнаулы салық режимі, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік табыс салығын немесе жеке табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, мүлік салығын, көлік құралы салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.
      Арнаулы салық режимі:
      1) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің:
      жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу;
      мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы (оның ішінде, асыл тұқымды), ара шаруашылығы, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне;
      2) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің:
      ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру және өткізу;
      өзі өндірген және (немесе) осындай кооператив мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу, сондай-ақ осындай қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізу;
      өзі өндірген және (немесе) осындай кооперативтің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін және осы тармақшаның үшінші абзацында көзделген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді сақтау;
      осындай кооперативтің мүшелері үшін ауыл шаруашылығы, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) саласындағы қызметтің қосымша түрлерін орындау;
      агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындаған тізбе бойынша жұмыстарды (қызметтерді) осындай кооперативтің мүшелеріне осы тармақшаның екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген қызмет түрлерін олардың жүзеге асыруы мақсатында орындау (көрсету);
      агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындаған тізбе бойынша тауарларды осындай кооперативтің мүшелеріне осы тармақшаның екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген қызмет түрлерін олардың жүзеге асыруы мақсатында өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.
      Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің осы тармақшада көзделген тауарларды өткізуі, сондай-ақ осындай тауарларды пайдалануға, сенімгерлік басқаруға, жалға беруі мемлекеттік кірістер органдарына корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімдерде ұсынылатын тізбеде көрсетіледі.
Жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде, салық төлеушіге арнаулы салық режимін қолдану құқығы беріледі.
      Осы тармақтың талабы ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және омарта шаруашылығы өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген корпоративтік табыс салығының немесе жеке табыс салығының, қосылған құн салығының, әлеуметтік салықтың, мүлік салығының, көлік құралы салығының бюджетке төленуге жататын сомалары 70 пайызға азайтылуға жатады.


Количество посещений: 2983


Наверх