print

«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулеренгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі  әзірлеген.
          Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары көрсетеді .
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны  арқылы жүзеге асырылады

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері
      1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған күннен бастап:
      қайтыс болуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
     2) қайтыс болу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініштер Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қорының Орталық серверінде Қазақстан Республикасы бойынша акт жазбаларының электрондық нұсқалары болған кезде күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қаралады, қосымша зерделеу мен тексеруді жүргізу қажет болған кезде қарау мерзімі өтініш берушіні бұл туралы 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады

ХҚКО:
      қайтыс болуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
     Мемлекеттік қызмет ақылы/ақысыз көрсетіледі.
     Қайтыс болуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.
      Қайтыс болу туралы актіге өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілуіне байланысты куәлікті бергені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
      Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалар құжаттар берілген орны бойынша есепке алынады.
      Мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.
Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі сенімхат бойынша) көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) мемлекеттік қызмет стандартына  сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) қайтыс болу фактісін растайтын құжат;
      3) қайтыс болған адамның куәлігі;
      4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш жасаған жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
      5) қажет болған кезде қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болған деп хабарлау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі.
      Қайтыс болуы туралы акт жазбасына, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына  сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) қайтыс болғанын тіркеу туралы куәлік, куәліктің түпнұсқасы жоғалып қалған жағдайда – қайтыс болғанын тіркеу туралы анықтама;
      3) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар;
      4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжат;
      5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш жасаған кезде нотариатта куәландырылған сенімхат.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері немесе орталық қызметкері құжаттар түпнұсқаларының түпнұсқалылығын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға орталық берген нысан бойынша жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын берген жағдайда орталық қызметкері өтінішті қабылдап алудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына  сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.


Количество посещений: 3357


Наверх