print

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты мемлекеттік бағдарламалар аясында іске асырылған жобалар және жанадан іске қосылған кәсіпкерлік нысандар

Анықтама.

 

         Аудан көлемінде кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарлама «Бизнестің жол картасы 2020» аясында біршама жұмыстар жүргізілуде. Аудан бойынша 2011-2015 жылдар аралығында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 210,8 млн. теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылып, 87 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Бүгінгі күнде мемлекеттік бағдарламаларда ауылшаруашылық саласын дамыту үшін әр түрлі шағын несиелік серіктестіктер арқылы өз ісін дамытуға несие алуға көп жағдайлар қарастырылған. Осыған сәйкес бүгінгі күнде ауданымызда ауылшаруашылық саласы бойынша несиелер алып, өз істерін дамыту үшін кәсіпкерлер жұмыстар жүргізуде. Ал, кәсіпкерлік саласында сауда, қызмет түрлері, тойханалар және т.б. кәсіпкерлік бағыттағы істерді ашуға, дамытуға несиелер беруге шектеулер қойылған. Осыған орай, 2015 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына өзгертулер енгізіліп, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерге салалық шектеусіз несиелендіру бағыттары енгізілген. Бұл дегеніміз ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерге көп көмек.   

          2016 жылы бағдарлама аясында шағын несиелік ұйымдар арқылы іске асыруға аудандық үйлестіру кеңесінде 6 жоба қаралып, «Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры» АҚ-на қарауға құжаттары тапсырылды. Есепті мерзімге 4 кәсіпкер өз жобалары бойынша несие алды. Олар:

1.Ақсу-Аюлы ауылдық округінен жеке кәсіпкер  Социал С. «Сауықтыру кешенің ашу» жобасы бойынша 6,0 млн. теңге несие алып, өз жұмысын жүргізуде. Жоба іске қосылған уақытта 2 жаңа жұмыс орны ашылмақшы;

2.Ақадыр кентіндегі жеке кәсіпкер Шөпенов Н. «Сүт сақтау және жинақтау» жобасы бойынша 7,0 млн. теңге несие алып, өз ісін бастауда. Жоба толық іске қосылған уақытта 2 жаңа жұмыс орны ашылмақшы;

3.Ақсу-Аюлы ауылдық округінен жеке кәсіпкер  Ахтаев Б. «Тұрмыстық техникаларды жөңдеу және сату орталығын ашу» жобасы бойынша 4,5 млн. теңге несие алды. Дүкеннің ашылуы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай желтоқсанның 13 күні ашылу салтаны ұйымдастырылды. Ашылуына облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы және БАҚ өкілдері қатысты. Жоба толық іске асырылған  уақытта 3 жаңа жұмыс орны ашылмақшы;

4.Ақсу-Аюлы ауылдық округінен жеке кәсіпкер  Амирова А. «Наубайхана кеңейту» жобасы бойынша 4,5 млн. теңг несие алды. Жоба толығымен жүзеге асырылған уақытта 2 жаңа жұмыс орны ашылмақшы;

         5.Шет ауылдық округіне қарасты жеке кәсіпкер Билалов А. «Жолаушылар тасымалдайтын көлік алу» жобасы бойынша 3,5 млн. теңге несие алды. Жоба жүзеге асырылған уақытта 1 жаңа жұмыс орны ашылмақшы; 

         Сондай-ақ, аталмыш бағдарламаның бірінші бағыты пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша Ақсу-Аюлы ауылындағы жеке кәсіпкер М.Қасым «Қоғамдық тамақтану және сауда үйін ашу»  жобасын жүзеге асыру мақсатында «DeltaBank» АҚ-мен келісім жұмыстарын жүргізуде. Жоба ағымдағы жылы іске асырылады деп күтілуде.

         Бүгінгі күнде екінші денгейлі банктер кепілдікке ауылды жерден кепілдік алмауына байланысты кәсіпкерлерге бағдарлама алу қол жетімсіз болып отыр.

         Сонымен қатар, ағымдағы жылы аталмыш бағдарлама аясында іске асыруға жобалар қарастырылуда. Осыған сәйкес жергілікті жерлерде кәсіпкерлермен және тұрғындармен кездесіп бағдарлама бойынша түсіндіру үшін аудандық кәсіпкерлер палатасының кеңесшілерімен бірлесе 7 кездесу өткізілді (Ақсу-Аюлы, Ақадыр, Ақшатау, Ақжал, Кеншоқы, С.Сейфуллин).

         Сондай-ақ, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай осы жылдың желтоқсан айында аудан орталығы Ақсу-Аюлы ауылында 3 дүкен іске қосылып, өз жұмыстарын жүргізуде. Олар: жеке кәсіпкер Әбдікаримова Баян  жалпы құны 5,0 млн. теңгені құрайтын киім – кешек сататын «Баян» дүкені және Мұхабаев Серік жалпы құны 20,0 млн. теңгені құрайтын сауда дүкенің ашты.

Алдағы уақытта аталмыш бағдарлама аясында жобалар іздестіру бағытында жан-жақты жұмыстар жүргізіліп, тиісті шаралар ұйымдастырылады.

 

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі


Количество посещений: 3360


Наверх