print

Келіні жақсының керегесі алтын

Осы сөздің төркінінде те­рең мән жатыр. Өйткені, ша­ңы­рақтың беріктігі, отба­сын­дағы ынтымақ, бардың баға­сын білу, ұлағатты ұрпақ тәр­бие­леу, бәрі-бәрі келіндердің бо­йындағы жақсы қасиет­тер­мен астасып жататыны анық. Демек, әдепті келін ауылдың көркі, ағайын-туыстың ұйытқысы.

21 қазан күні Қарағанды қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналып, аймағымызда тұңғыш рет  облыстық мәдениет, құжаттама және архивтер басқармасы,  «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасы мен «Нұрәсем» сән үйі бірлесіп  «Қазақтың келіндері-ай» атты келіндер  байқауын өткізді. Оған аймағымыздың әр өңірінен он сау­сағынан өнері тамған, халқы­мыз­дың бай дәстүрі мен сал­тын сақтай білген келіндер  қатыстырылды. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен әзиз аналардың сынынан байқауға қатысушы келіндер өзін-өзі таныстырудан бас­тап, қазақтың ұмытылып бара жатқан дәстүрлерін, ұлттық киім, мақал-мәтел жарысы, қазақтың бай дас­тарқаны мен қолөнер тә­різді құндылықтарын дәріптеді. Аталмыш сында  аудан келіндерінің  намысын аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Ақтоғай ауданың №1 бөлімінің құжаттарды қабылдау бөлімінің маманы, Жұмабай әулетінің келіні Мухаметбекова Алтынай Нұрланқызы абыроймен қорғап, байқаудың «Келісті келін» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.  Алтынайдың бұл марапатын келінді әулеттің ырысы, құт-берекесі ғана емес,  ұлт болашағының ұйытқысы деп тани білген Ақтоғай жұртына көрсетілген лайықты құрмет деп білеміз.


Количество посещений: 3758


Наверх