print

Единное национальное тестирование

    - ҰБТ ӨП-те  14.03.2016ж. мектеп бойынша техникалық хатшыларымен, Шет аудандық білім бөлімінің ОЖСБ, ҰБТ-ға жауапты қызметкері Мейзбекова С.М. қатысып, бірлесе   ҰБТ ұйымдастыру және өткізу тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Әр мектептерге ақпараттық-түсіндіру жұмысына керекті материалдар, технологиялық инструкциялар, ұлттық аңықтамалар,слайдттар, жадынамалар таратылды.

    - Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясында 18.03.2016ж, Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясында 19.03.2016ж. филиал жетекшісі М.Т.Жумагулова, Д.С.Искаков ата-аналар, оқушылармен кездесу болып, сұрақтарына жауап беріп, ақпараттық түсіндіру жұмыстары бойынша слайдттар көрсетілді.

    - ҰБТ-ға психологиялық дайындық үшін аудан бойынша байқау тестілеу сынағы жыл басында өткізілді. Аудан қаражатынан арнайы ақша бөлініп, оқушылардың тасымалдау, тамағы қарастырылды. Тестілеу ҰБТӨП базасында аудандық білім бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе ұйымдастырылды. Алдын-ала дайындалған тізімі бойынша бітірушілер рамалық металліздегіш арқылы аудиторияларға кіргізілді. Аудиторияда кезекшілер қызметін атқарды. Байқау сынағының алдында ҰБТӨП жетекшісі М.Т.Жұмағұлова, сарапшы Д.С.Искаков жиналған оқушылардың алдында биылғы ҰБТ-ң өту ережелерімен таныстырып, жауап-парақтарын толтыру үлгісін көрсетіп, аудиторияда тиым салынған заттар болмауын, апелляция өткізу процедурасы жайында, оқушылардың берілген сұрақтарына жауап берілді.

    - Ата-аналар, мектеп бітірушілер арасында ақпараттық – түсіндіру жұмыстары кесте бойынша жүргізілді. Аудандық «Шет шұғыласы» газетіне мақала «Ұлттық бірыңғай тестілеу – сынақ тармағы» 24 наурыз 2016 ж. №12 (10 581). мақала ҰБТӨП жетекшісі М.Т.Жұмағұлованың атынан жарыққа шықты. Жергілікті жұрта, ата-аналар, мектеп бітіруші түлектерге арнайы ҰБТ-ың ерекшеліктерімен және өту қағидаларымен таныстырылды.

    -   ҰБТ-ға дайындық үшін мектеп бітірушілер 616 рет онлайн және 1850 тестілеу сынағынан өтіп, 843 дана 11 сыныптарға арналған бойынша оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етілді.

    -   ҰБТӨП-те ҰБТ өткізуге 7 –аудитория жоспарланды, 1 резервті , барлығы 1 қабатта орналасқан. Ең үлкен №9 аудиторияда спортзалда 2- видеокамера бар, тестілеуге қатысқан осы аудиториядағы оқушылар саны- 103. Барлық аудиторияларда бейнекамера бар, дәлізде-2, кіре берісте-1. 1- рамалық металіздегіш, 7-ұялы телефон тұншықтыру құралы бар. 4- аудиторияда кондиционер, 5- вентилятор қойылды. Туалет 1-қабатта, аудиторияларға жақын орналасқан.

    ҰБТ өтетін пункте 11- бейнекамера , 1- рамалық металіздегіш, 7-ұялы телефон тұншықтыру құралы бар.

     - ҰБТ-ға «Өтініш бланкісін» қабылдау бекітілген инструкциямен жүргізілді. Аудандық білім бөлімі техникалық хатшылар тізімі бекітті. Өтініш қабылдау кесте бойынша жүргілді,   техникалық хатшылар анықтама-әдістемелік материалдармен толық қамтамасыз етілді. Тестілеуге түскен мектептерден өтініштер сканерден өткізіліп, базаға енгізілді. Техникалық хатшыларға өтініш тіркеу журналын толтыруға, рұқсаттама қағаздарын дайындау жұмыстарына көмек көрсетілді- Аудандық білім бөлімі қызметкерлерімен бітірушілерді жеткізу, тамақтандыру, жатын орындарын дайындау жұмыстарын бірлесе ұйымдастыру шараларына филиал қызметкерлері қатысты. Бітірушілер білім бөлімінің интернатында орналастырылды. Тестілеушілерге 0,5 газдалмаған сулар арнайы орынға қойылып, стакандармен қамтамасыз етілді. Тестілеу кезінде ішкі істер бөлімінің қызметкерлері кезекшілікті талапқа сай ұйымдастырса, орталық аурухана қызметкерлері әр оқушының денсаулықтарына жауапшылық танытты. Төтенше жағдайлар бөлімі де кезекшілікке автокөліктерін жіберді. Ата-аналарға мәдениет үйінде тегін бейнефильмдер көрсетіліп, дүкендерде салқын сусын, тамақтар сатылуы ұйымдастырылды.

    - ҰБТ-ға қатысуға 236 өтініш берілді. ҰБТ-ға қатысқан оқушылар саны- 232, 4 – оқушы өз еріктерімен қатысқан жоқ.

     ҰБТ 2016 Шет ауданы бойынша өз деңгейінде өтті -76,18 балл  

     көрсетті.   Ең жоғары балл-121, төменгі -32 балл, шектік деңгейден

     өтпеген -46 бітіруші болды.

Орташа балл пәндер бойынша: ағылшын тілі - 15,58 (оқушы саны-12), биология-15,56 (оқушы саны-51), дүние жүзі тарихы-15,76 (оқушы саны-25), география – 13,96 (оқушы саны-51), әдебиет -17,1(оқушы саны-6), физика-13,61 (оқушы саны-81), химия-15,8 (оқушы саны-6).


Количество посещений: 3795


Наверх