print

Государственная программа "Дорожная карта занятости 2020"

Комиссия отырысы өтті

 

            2016 жылдың 4 қазанында аудан әкімінің орынбасары А.Әбілдиннің төрағалығымен ауданның әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті.

         Комиссия отырысына жұмыс берушілер атынан кәсіпкерлер палатасының директоры О.Сейлбеков, кәсіподақ ұйымдарының төрағалары А.Ибраев, Ж.Асылбек қатысты.

         Комиссияда «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы «Ақадыр доңғалақ цехы» жұмыскерлерінің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету шаралары туралы ЖШС директоры Арман Жұмағұловтың есебі және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Есполова Маринаның хабарламасы тыңдалды.

         Сонымен қатар, «Ырыс-2004» ЖШС-нан жұмыстан қысқартылған адамдарды әлеуметтік қорғау шаралары туралы Ақадыр кентінің әкімі А.Сембаевтың, ауданның халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Ж. Сағадиевтың есебі тыңдалды.

         Еңбек даулары мен әлеуметтік шиеленісті болдырмау мақсатында «Ақадыр доңғалақ цехы» ЖШС басшылығына ауданның жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, 2017 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жастар практикасын ұйымдастыру, кәсіптік оқу мәселелерін ұйымдастыру ұсынылды. Жұмыстан қысқартылған адамдарды әлеуметтік қорғау шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру және мониторинг жүргізу ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылды.

         Ақадыр кентінің әкімі мен халықты жұмыспен қамту орталығына «Ырыс-2004» ЖШС-нан жұмыстан қысқартылған адамдарды бюджеттік мекемелердегі маусымдық жұмыстарға (от жағушы) және «Жұмыспен қамту жол картасының» І бағыты бойынша үшінші және төртінші транш арқылы ашылатын жұмыс орындарына орналастыруға жұмыстар жүргізу жүктелді.

    

 


Количество посещений: 3398


Наверх