print

Шетский район

Жалпы деректер

Аудан 1928 жылы құрылған, орталығы Ақсу-Аюлы ауылы облыс орталығы Қарағанды қаласынан 127 шықырым. Ауданның жер көлемі 65.7 мың шаршы шақырым. Халқы 43.8 мың адам, негізінен қазақтар 89%, орыстар 6%, украиндар 1%, татарлар 0,9%, немістер 0,9%, басқа ұлттар 2,2%. 

Ауданда 18 ауылдық округ пен 7 кент әкімдіктері бар, елді мекендер саны 61.

Аудан жерінің үстінен Алматы – Петропавл, Қарағанды - Жезқазған – Бейнеу темір жолдары, Алматы – Екатеринбург, Қызылорда – Павлодар республикалық маңыздағы автомобиль жолдары өтеді.

Өнеркәсібі

Аудан экономикасының жетекші саласы тау – кен өнеркәсібі болып табылады. Ағымдағы жылдың он айында 72,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылғы сәйкес мерзімнен 22,9 млрд теңгеге артты (01.11.2018ж-49,8 млрд. теңге). Айғақтық көлеминдексі (ИФО) 238,7 пайызды құрады. Саланың басты кәсіпорындары «Nova - ЦИНК» (мырыш, қорғасын), «Бапы - Майниня» (темір қоспасы), «Крамдс - кварцит» (кварцит минералы), «МеталлТерминалСервис» (темір, марганец) жауапкершіліг ішектеулі серіктестері.

Халыққа қызмет көрсету жұмысымен «ШетКоммунСервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны және энергияны тасымалдаумен «Ээлектржабдықтау», «Шет - энерго» ЖШС – тері шұғылданады.

Шағын және орта кәсіпкерлік

Шағын және орта бизнес саласында 3160 субъект жұмыс істеп тұр. Өткен жылдың он айында олардың саны 2840 болды.

Кәсіпкерлік еңбекпен экономикалық белсенді халықтың 17%, немесе 4,5 мың адам қамтылған. 2018 және 2019 жылдардың он айында бұл салада тиісінше 19,6 млрд.теңге және 23,7 млрд. теңгенің өнімдері өндірілген.

 

Ауыл шаруашылығы

Кейінгі жылдарда орын алған ауыл ауыр қыстарға қарамастан ауыл шаруашылығының жалпы өнімі (валовая продукция) 2019 жылдың 10 айда 37 млрд 155 млн. теңгені құрады Бұл 2018 жылдың 10 айымен сәйкес мерзімге қарағанда 28,4% артық (8 млрд 221 млн.теңге). Айғақтық көлем индексі (ИФО) 101,7 пайыз болды.

Алайда мал басы сиыр мен жылқыдан өткен жылғы деңгейде 5,9 пайызға өсті, қой – ешкі саны 193,9 мыңнан 180,9 мың басқа, немесе 6,7 пайызға азайып кетті.

Шошқа малының саны сәл көбейді (286:385), ал түйелер есепті мерзімде өткен жылға сәйкес кезеңнен 16,8 пайызға өсті (101:118).

 

Аудандағы 2019 жылғы 1 шілдеге  мал басының есебі

Мал түрлері

Өлшем бірлігі

Қаңтар - маусым

2018 ж.

2019 ж.

2019-ке қарағанда 2018жыл

(пайыз)

1

Ірі қара мал

о.і. сиыр

Бас

107133

45746

111267

46726

103,9

102,1

2

Қой – ешкі

Бас

262483

258118

98,3

3

Жылқы

Бас

54040

58018

107,4

4

Шошқа

Бас

576

570

99,0

5

Түйе

Бас

149

165

110,7

6

Құс

Бас

60713

60246

99,2

 

Өсімдік шаруашылығы негізінен тұрақты дамуымен сипатталады. 2019 жылы көктемде 21000 гектарға дәнді дақылдар себілді, соның ішінде  6000 га бидай, 14900  га арпа және 0,1 гектарға жуығы сұлы.

Бұдан тыс шаруа қожалықтары 1156 гектарға картоп отырғызды және мал шаруашылығының жем-шөп қорын нығайту мақсатында 7,4 мың гектар жерге көпжылдық шөп (житняк), 1100 гектарға судан шөбі егіліп, жайылым мен шабындықтар жақсартылды.

 

Инвестиция

Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі бірінші жарты жылдықта 3247 млн. теңгені құрап, өткен жылға сайкес мерзімнен (2377 млн.теңге) 37,0 пайызға артық болды. Инвесторларымыздың ішіндегі ең ауқымды қаржыны «Nova – ЦИНК» ЖШС салып отыр. Жыл басынан бері мұнда өндірісті модернизациялау үшін 1400 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржыға Ақжалда шахта құрылысы жүргізілуде.

Қаржылық көрсеткіштер

2016 жылдың І жартысында аудандық бюджеттің шығыс жоспары 2 млрд 677,6 млн. теңге болды, игеруі 99,8% құрады.

Кіріс бөлігі бойынша алым – салықтардың барлық түрлерінен бюджетке 1 млрд. 113,7 млн. теңге түсім түсті (101%). Жоспар орындалғанмен бұл көлем өткен жылғы сәйкес мерзімге 90,6 пайыз.

Тұрғын үй құрылысы

2016 жылдың 6 айында тапсырылған тұрғын үй алаңы 2015 жылдың осы мерзімімен (4040 ш.м.) салыстырғанда 23 пайызға кеміп 3112 шаршы метрді құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі де қысқарады (920:563 млн. теңге), АКИ 58.6 пайыз болды.

Көрсеткіштердің орындалмау себебі ауданда құрылыс – монтаж жұмыстарының азайып кетуінен.

Білім беру

Ауданның білім беру жүйесінде 49 жалпы білім беру мектептері, 6 балабақша,жекеменшік серіктестік арқылы ашылған 5 балабақша, 1 оқу-өндірістік комбинат, 1 мектептен тыс мекеме бар. Саланы ұстауға 2019-2020 жылы 5488,9 млн. теңге қаралған, одан І жарты жылдықта жұмсалғаны 2318,2 млн.теңге.

Жалпы білім беру мектептерінің 26-сы орта мектеп, 10-і негізгі, 13-і бастауыш мектептер. 49 мектептің 38-сі қазақ тілінде, 10-ы аралас, 1 мектеп орыс тілінде білім береді. Оқушылар контингенті 7108 бала. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 2019/20 оқу жылында 349 түлектің 284-сі (81%) қатысады

Мектеп жасына дейінгі (0-6 жас) балалар саны 4644. Мектептер базасында ашылған шағын орталықтар 26. Орталықтар мен балабақшаларда мектепке дейінгі білім берумен (3-6 жас) 1453 бала қамтылған, пайызы 99,9%.

Бір компьютерге 5 оқушыдан келеді. 

 

Мәдениет

Шет ауданының мәдениет саласының инфрақұрылымын 54 объекті құрайды. 28 кітапхана (оның ішінде 9-ы «Жаңа үлгідегі» кітапханалар), 2 мәдени-сауық орталығы, 22 ауылдық мәдениет және клуб үйлері, 2 музей - аудандық археологиялық-этнографиялық музейі және Өспен ауылындағы С.Сейфуллин атындағы өлкетану музейі, 1 автобус, 1 «Зерде» бейнемобилі өз қызметтерін көрсетеді.       

Шет аудандық және Ақадыр кенттік мәдениет үйі жанынан құрылған 2 театр (Ақсу-Аюлы ауылында, Ақадыр кентінде) мен «Ақсу-Аюлы» ән-би және фольклорлық «Ақадыр әуендері» ансамбльдерінің «Халықтық» атағы бар. Бұдан бөлек «Атамекен», «Сударушки», Ақжал кенті мен  Ақшоқы, Тағылы және Үңірек ауылдарында «Ақ әжелер» хор ұжымдары өз өнерлерін көрсетеді. Елді - мекендердегі мәдени ошақтарда 118 үйірме ұйымдастырылған, оның 11 көркемөнерпаздар ұжымы. Үйірмелерге 1560 адам тартылған.

   Аудан кітапханаларындағы кітап қоры 246 345 мың дана, оның ішінде қазақ тілінде 172 238мың дана, оқырмандардың жалпы саны 22198 мың адам. 2019 жылы ауылдық кітапхана филиалдары 100% интернет желісіне қосылды және барлық кітапханалар компьютерленді. Аудан тұрғындарына 28 кітапханамен қатар ауылдық кітапханалар жанынан 22 кітап беру пункттері мен 2 жылжымалы кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. 2018 жылы Красная поляна ауылдық кітапханасы жанынан Қарамұрын ауылында жылжымалы кітапхана ашылды.

 2019 жылдың қорытындысы бойынша 1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны кітапхана саласы бойынша – 266 адам, мәдениет ұйымдары бойынша 22983,8 адамды құрады.

 

Руханият

Бүгінгі күні аудан аймағында 17 мешіт тіркеуден өтіп, заңдылықтар аясында жұмыстарын атқаруда. Бұдан тыс 7 намазхана үйі мұсылман жамағатқа қызмет жасауда. Барлық мешіттерге ҚМДБ бұйрығымен имамдар тағайындалып, қызметтерін атқаруда.

Сонымен қатар, Нұраталды а/о Қызылқой ауылы, Батық а/о Айса ауылы, Ақшатау кентінде, және Шопа елді мекендерінде жаңа мешіт ғимараттарын салу бойынша ұсыныстар беріліп, қазіргі танда құжаттарын рәсімдеу үстінде.

Бұдан бөлек ауданда 6 дәстүрлі емес діни ұйымдардың филиалдары (ғибадат үйлері) тіркелген. Олар: «Грейс» миссионерлік христиандық пресвитериандық шіркеуінің Ақадыр мен Бұрмада филиалдары, «Переображение» інжілдік мәсіхші баптистер шіркеуінің Ақадыр, Красная Поляна, Көктіңкөлі филиалдары, «Вифлеем жұлдызы» інжілдік мәсіхші баптистер қауымының Деріпсалы филиалы қызметтерін заң нормалары аясында жұмыстарын жүргізуде. Жалпы аудан бойынша діни ахуал тұрақты.

Денсаулық сақтау

Ақсу-Аюлыда 35 төсектік аудандық орталық аурухана, 30 төсектік Ақадыр ауруханасы және 2 клиникалық – диагностикалық емханалар бар. Елді мекендерде 6 дәрігерлік амбулатория, 11 ФАП, 36 медпункт жұмыс істейді.

Халықтың денсаулығын 57 дәрігер (врач), 282 орта буын мамандар қадағалайды.

Өткен жылға қарағанда 10 айда бала туу көрсеткіші (2018 ж.- 17,68 промилле, 2019 жылы – 17,60 промилле). Осыған сәйкес табиғи өсім 11,0 промилле ғана болды, 2018-те ол 9,82 промилле болатын.

2019 жылдың есепті кезенінде 4 жасқа бала шетінеді . Былтыр осы мерзімде 5 бала шетінеген болатын. Ана өлімі болған жоқ.

Ауданның 6 елді мекенінде (Ақжал, С.Сейфуллин, Мойынты кенттері, Өспен, Красная Поляна және Нұраталды ауылдарында) типтік селолық дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы биыл аяқталды. 2016 ж нысандар пайдалануға берілді.

Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау

2020 жылдың 1 мамырында аудандағы жұмыссыздар саны 391адамды құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 842 адам болатын. Бұдан тұрақты жұмысқа орналастырылғандар 171 адам (2019-да 415 адам). Былтырғымен салыстырғанда 47 пайызға аз.

Қоғамдық жұмыстарға тартылғандар саны 248 адам, 2019 жылдың сәйкес мерзімінде бұл көрсеткіш 212 адамды құрады.

Кедейшілік шегінен төмен, аз қамтылған азаматтар саны 637 адам, бұл өткен жылға қарағанда 790 адамға, немесе 45 пайызға кем.

 

 

Қылмыс жасаушылық

2016 жылдың 6 айында 82 қылмыс тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылғы сәйкес мерзімде 120 болды. Қылмыс жасаушылық 1/3-ге, немесе 32 пайызға азайған.

 


Количество посещений: 7979


Наверх