print

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ Қарағанды облысы Шет ауданы Жамбыл кенті

2020 жылғы «04» наурыз

жергілікті қоғамдастық жиналысының

№ 1 хаттамасымен бекітілді

 

 

 

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қарағанды облысы Шет ауданы

Жамбыл кенті

2020-2022 жылдар

 

 

 

 

 

 

Әзірлеуші: «Қарағанды облысы Шет ауданы

Жамбыл кенті әкімінің аппараты» ММ

Қ.Мыңжанов

 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

 

Мазмұны

 

Атауы

стр.

 

I. ЖАЛПЫ СИПАТТАУ

3

1

Бағдарлама төлқұжаты

3

2

Жамбыл кентінің төлқұжаты

4-5

3

Кіріспе

6

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙҒА АНАЛИЗ

7

 

2.1. Ауылдың дамуы

7

4

Ауыл шаруашылығы

7

5

Байланыс

8

6

Автомобиль жолдары

8

8

Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту

9

 

2.2. Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

9

 

III. 2020-2022 ЖЫЛДАРҒА ЖАМБЫЛ КЕНТІНІҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ.

10-11

I. ЖАЛПЫ СИПАТТАУ

 

Бағдарлама төлқұжаты

 

 

2020 ж.01.01. жағдайы бо йынша Жамбыл кентінің төлқұжаты 

Атауы

2020-2022 жылдарға Жамбыл кентінің жергілікті қоғамдастығының дамыту бағдарламасы

 

Бағдарламаны әзірлеу үшін негізі

 

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы

Негізгі әзірлеуші

«Жамбыл кенті әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі

Жүзеге асыру мерзімі

2020-2022 жылдар

Мақсаты

Кенттің дамуын жоспарлау процесіне халықты тарту және жергілікті қоғамдастықтың кент әкімімен өзара іс-қимылын күшейту.

Міндеті

Елді мекеннің әлеуметтік, экономикалық, техникалық және экологиялық проблемаларын шешу

Қаржылану көзі

Мемлекеттік бюджет,

Бюджеттен тыс қаражаттар;

Тараулар

I. Жалпы сипаттама.

II. Ағымдағы жағдайға сипаттама

2.1. Ауылдық округті дамыту

2.2. Проблемалық сұрақтар

III. 2020-2022 жылдарға Жамбыл кентінің даму Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар Жоспары

Күтілетін нәтижелер

Кенттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Сипаттама

Мәліметтер

Әкімшілік бірліктің атауы

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Жамбыл кенті

Ауыл әкімінің Т.А.Ж.

Мыңжанов Қару Сүлейменұлы

2020 ж.01.01. халық саны

13 адам

Экономикалық белсенді халық –8 адам

зейнеткерлер – 3 адам.

 

Территория

15060 га

Кенттің құрылған күні

1946 жыл

Арақашықтық:

 

Қарағанды қ.облыстық орталығына дейін – 450 шақырым

Шет аудандық орталығына дейін – 475 шақырым

Орта және шағын бизнес

 

-

Жер ресурстары

Жер аумағы 15060 га

 

Денсаулық сақтау нысаны

-

Білім нысандары

жоқ

жоқ

Мәдениет және спорт

жоқ

 

жоқ

Сауда нысандары

жоқ

Тұрғын үйлер саны

10 үй

Қосалқы шаруашылық

Жамбыл кентінде ірі қара мал басы-350, қой ешкі-218 бас, жылқы 78 бас

Сумен жабдықтау

жоқ

Автомобиль жолдары

-

Байланыс

спутниковое телефон

Электрификация

жоқ

Жергілікті қоғамдастықтың құрылу күні және олардың берілген мерзімі

2017 жыл

Жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелер саны

3 мүше

Кіріспе

 

Жамбыл кенті 1946 жылы құрылған және аудан орталығынан 475 шақырым жерде және Қарағанды қаласының облыс орталығынан 450 шақырым жерде орналасқан.

Жамбыл кентінің жергілікті қоғамдастығын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған бағдарламасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына сәйкес әзірленді.

Аталған бағдарлама кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халыққа көрсетілетін қызметтердің спектрін кеңейтуге және сапасын жақсартуға, елді мекен бюджеті шеңберінде жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.

Бағдарламада кенттің қазіргі жағдайына талдау жасалып, белгіленген міндеттерді іске асыру бойынша іс-шаралар кешені белгіленіп, Жамбыл кентінің бюджетіне түсетін түсімдер көздері көрсетілген.

Жамбыл кентінің жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне түсетін түсімдердің негізгі көздері:

- Мүлік салығы: ЖК болып табылмайтын жеке тұлғалар;        

- Жер салығы: ЖК болып табылмайтын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, ЖК;

- Көлік құралдарына салық: жеке тұлғалар, заңды тұлғалар.

II. АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛҒА АНАЛИЗ

 

2.1. Ауылдың дамуы

 

Ауылшаруашылығы

 

Жамбыл кентінің тұрғындары ірі қара мал басы-350, қой ешкі -218, жылқы 78 бас өсіреді.

Эпидемиологиялық және эпизоотиялық салауаттылықты тұрақтандыру бойынша барлық жоспарланған ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық зерттеулер орындалды.

 

Байланыс

Жамбыл кентінде бір бірлік спутниковое байланыс желісімен қамтамасыз етілген.

Автомобиль жолдары

Жамбыл кентінің ішкі жолдар желісінің жалпы ұзындығы 1 км құрайды, барлық тас жолдар (грейдер).

 

Электрмен жабдықтау

Жамбыл кентінде электр тоғы тоқтаған. Тұрғындар «Күн нұрымен» қамтамасыз етілген, қосымша генератор бар. Тоқ алатын үйлер саны -15.

 

Сумен жабдықтау және су қайырғы

Кент тұрғындары суды құдықтан пайдаланып отыр.

 

 

Бюджеттік бағдарламалар

2020 жылы " Жамбыл кенті әкімінің аппараты" ММ-не 10 млн. 957 мың теңге сомасына 001 бюджеттік бағдарлама іске асырылды, соның ішінде:

001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» - 47009 мың теңге;

 

Жергілікті қоғамдастықты дамыту.

Қазақстандық қоғамдағы маңызды демократиялық қадамдардың бірі азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы сенім мен басқару институттарын нығайту рөлі болып табылады. Кентте 3 адамнан тұратын жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді жүйесі құрылды, ол әкімдікпен бірлесіп, кенттің проблемалары мен мәселелерін шешеді, сонымен қатар шығыстарды жүзеге асырады және жергілікті өзін-өзі басқару шотына түскен қаражаттарды бақылайды. Жергілікті қоғамдастық жиналыстарының өкілдері өз жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.

                  

2.2. Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

            Тұрғындардың жайлылығын арттыру үшін олар халықтың проблемалық мәселелерін анықтады:

-           Кентке тұрғындарды электрмен қамтамасыз ету мақсатында Күн нұры батериясын алу;

-           Қысқы маусымда кент аралық жолдарын қардан тазалауға;

III. 2020-2022 ЖЫЛДАРҒА ЖАМБЫЛ КЕНТІНІҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

Іс-шараның атауы

Аяқтау формасы

Қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Қаржыландыру көзі

Жүзеге асыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

                       IІ. ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

1

Күн нұры батериясын алу

Қабылдау актісі

5,0

Демеушілер арқылы

2021-2022 ж

2

Қысқы маусымда кент аралық жолдарын қардан тазалауға

Қабылдау актісі

0,5

 

Демеушілер арқылы

2020-2022 ж

 

Қорытынды: Мемлекет басшысының атқарушы биліктің алдына қойған басты мақсаты-халықтың әл-ауқатын жақсарту. Кент әкімінің аппараты осы бағыттағы жұмысын жалғастырады.


Количество посещений: 313


Наверх