print

Аудан орталығында жаңа сапаржай ашылды!

...

Жуырда аудан орталығында мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында халық игілігіне сапаржай күрделі жөндеуден өткізіліп, салтанатты түрде ашылуы өтті. Ашылу салтанатында аудан әкімі М.Жандәулетов құттықтау сөз сөйлеп, аталмыш сапаржайға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген жерлесіміз елжанды азамат Хантурин Қуанышқа және сапаржайдың материалдық-техникалық базасын қалыптастыруға үлес қосқан барлық мекеме басшыларын ризашылығын білдірді. Жаңа сапаржайда жолаушыларға қолайлы болуы үшін барлық жағдай жасалған, іші жылы, билет кассасы, асхана, ана мен бала бөлмесі, күту залы, әйелдер мен ерлер дәретханасы салынған. Алдағы уақытта аудан орталығынан өтетін барлық автобустар жүру кестесіне сай сапаржайға соғатын болады. Сонымен бірге, Ақсу-Аюлы ауылы мен облыс орталығының арасында жеке автобус жүргізу жоспарлануда.


Количество посещений: 38


Наверх