print

Положение

Жалпы ережелер

  1. «Қарағанды облысы Шет ауданы Ортау ауылдық округі әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесі (Бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) заңды тұлғаның мәртебесіне ие, мемлекеттік басқару функцияларын орындауға өкілетті мекеменің ұйымдастырушылық құқықтық нысаныдағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.

  1. Мемлекеттік мекеме 1994 жылы 27 желтоқсандағы Қазақстан

Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы негізінде шектелмеген мерзімге құрылған.

  1. Қарағанды облысы Шет ауданының әкімдігі мемлекеттік мекемені құру

туралы қаулы қабылдайтын, мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады. Мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысыты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Шет ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) болып табылады.

  1. Мемлекеттік мекеменің толық аутауы: мемлекеттік тілде – «Қарағанды облысы Шет ауданы Ортау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

Орыс тілінде – Государственное учреждение «Аппарат акима Ортауского сельского округа Шетского района Карагандинской области».

  1. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері 101724, Қарағанды обылысы Шет ауданы, Ортауа ауылы, Аубакиров көшесі, 13.

 

Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі

  1. Мемлекеттік мекеме өзі мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлғаның құқығына ие болады.
  2. Мемлекеттік мекеменің дербес балансы, заңдарға сәйкес банктерде шоттары, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған бланкілері, мөрлері және мөртаңбалары болады.
  3. Мемлекеттік мекеме белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікке иелік ету, пайдалану, билік етуқұқығы берілген мекемелерді қоспағанда басқа заңды тұлғаны құра, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
  4. Мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Мекемеде ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша Уәкілетті орган жауаптылықта болады.
  5. Мемлекеттік мекеме жасататын азаматтық құқықтық келісімдер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілекйтін тәртіппен тіркеуге жатады. Шарттық міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекеменің жауапкершілігі заңдарға сәйкес мекемені ұстауға бекітілген сметаныі ішінде болады.

 

Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты мен түрлері

  1. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын жергілікті жерде жүзеге аасыру болып табылады.
  2. Мемлекеттік мекеме көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қызметтің төмендегі түрлерін атқарады:

1)  Ауылдық округтің экономикалық, әлеуметтік бағдарламалырн және жоспарларын дайындайды;

2)  Азаматтыр мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына жәрдемседі;

3)  Ауылдық округ аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды;

4)     Аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

5)  Ауылдық округиің су құбырларын тазарту, құрылыстарына электр беру, байаныс желілерін және басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады;

6)  Әскери тіркелу мен әскери қызметке шақыру жөніндегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;

7)     Қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;

8)  Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейшілікпен күрес бағдарламалрын іске асыруға қатысады

9)  Халықты әлеуметтік қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерін шешеді, халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

10)                   Қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру міселелерін шешеді, өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

11)                   Халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ ауррулардан қорғау шараларын жүзеге асырады;

12)                   Жануарларды арулардан қорғау және оларды емдеу шараларын жүзеге асырады;

13)                   Ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

14)                   Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағныа басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғауды жүзеге асырады;

15)                   Жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласынағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және жоюды ұйымдастырады;

16)                   Ауыл шаруашылық министрлігі агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясымен келісім бойынша тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарларын бекітеді;

17)                   Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды өткізуді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқорды жүргізуді ұйымдастырады.

18)                   Халықтың арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;

19)                   Тиісті әкімішлік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделейді;

20)                   Қазақстан Республикасының Үкімет бекіткен ьізбе бойынша аса қауіпті аурулардың, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық жағдайды зерделейді;

21)                   Елді-мекен жерлерінде жануарларды жоюға арналған орындарды анықтайды;

22)                   Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулаулы және жоюды ұйымдастырады;

23)                   Мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастырады және оларды ветринариялыөқ нормативтерге сәйкес ұсатауды қамтамасыз етеді;

24)                   Жануарға ветеринариялық паспорт береді;

25)                   Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында колданылатын ветринариялық анықтаманы береді;

26)                   Аудандық Мәслихатқа елді-мекендерде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелерін, жануарларды ұстаудың санитариялық аймақтарының шекараларны белгілеу жөніндегі ұсыныстрады бекітуге енгізеді;

  1. Мемлекеттік мекеме өзіне жүктелген міндеттерді іске асыруда аудандық мәслихат алдында жауап береді;
  2. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік мекеме құрудың мақсатында жауап бермейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

 

Мемлекеттік мекемені басқару

  1. Мемлекеттік мекемені жалпы басқару заңдарға сәйкес белгіленген уәкілетті орган жүзеге асырады.
  2. Уәкілетті орган заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1)     Мүлікті мемлкетттік мекемеге бекітеді;

2)     Мемлекеттік мекемеі ұстауға арналған сметаны (шығыстардың жоспарын) бекітеді;

3)    Мемлекеттік мекемеге берілген мүлікті тиімді пайдалануы мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

4)    Мемлекеттік мекеменің ережесін бекітеді, ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

5)    Мемлекеттік мекемені басқару басқару органдарының құрылымын қалыптастырылу тәртібін және өкілеттігінің мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдануының тәртібін белгілейді;

6)    Мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны атқаратын қызметінен босатудың негіздемесін белгілейді;

7)     Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

8)    Мемлекеттік мекеме басшысының ұсынуы бойынша оның орынбасары (орынбасарларын) қызметке тағайындайда және қызметтен босатады;

9)     Жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;

10) Заңдарда белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Мемлекеттік мекеменің басшысын заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда уәкілетті орган қызметке тағайындайда және қызметтен босатады
  2. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеииік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, уәкілеті органға (заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда) тікелей бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындаулы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру және және мекемедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылықта болады.
  3. Мемлекеттік мекеменің басшысы бірыңғай басшылық, принциптерінде қызмет атқарады және Қазақстан Рспубликасының заңдары мен осы Ережеде белгіленген өзінің құзыретіне сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметі мәселелерін дербес шешеді;
  4. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеменің қызметін жүзеге асыруы кезінде заңдарда белгіленген тәртіппен:

1)     Мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2)     Барлық ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;

3)     Заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік етді;

4)     Шарттар жасасады;

5)     Сенімхаттар береді;

6)    Мемлекеттік мекеменің іс-сапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге де түрлері жөніндегі тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

7)     Банктік шоттар ашады;

8)     Барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер шығарады және нұсқаулар бероеді;

9)    Мемлекеттік мекеменің уәкілетті ороган тағайындайтыннан басқа қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

10) Мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қоолданады және тәртіпітк жаза қолданады;

11) Өзіннің орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігінің шеңберін белгілейді;

12) Өзіне заңдарда, осы Ережеде жүктелген және уәкілетті орган жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады;

 

Мемлекеттік мекеменің мүлкін құру мен қызметін қаржыландыру тартібі.

1)    Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар айналымдылыққаражаттан, соондай-ақ құны мемлекеттік мекемеің балансында көрсетілегн өзге де мүліктен тұрады.

2)    Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған жедел басқару құқығына тиесілі болады және мемлекеттік меншіккке жатады.

3)    Егер мемлекеттік мекемеге кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне бағытталады;

4)    Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру, егер заң актілеріндеөзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана жүзеге асырылады;

5)    Мемлекеттік мекеме, бухгалтерлік есеп жүргізеді және заңдароға есеп береді.

6)    Мемлекеттік мекеменің қаржы - шаруашылық қызметін тексеруді және тексеріс жүргізуді заңдарда белгіленгентәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.


Количество посещений: 39


Наверх