print

Состав

Ахимбеков Сагинбай Дауренбекович
Нұраталды ауылдық округінің әкімі Е-R-1


Ахимбеков Сагинбай Дауренбекович 1958 жылы 1 қаңтарда Қарағанды облысы Шет ауданы Қошқарбай ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Қарағанды политехникалық институтының инженер-механик мамандығын тәмәмдаған. Еңбек жолын 1982 жылы Жарық кентіндегі АТП-да мастер болып бастады. 1985 жылы Нұраталды совхозында гараж автомеханигі болып істеді. 1995-1999 жылдар аралығында «Жигер» қожалығының басшысы болып қызмет етеді. 1999-2006 жылдар Нұраталды ауылдық округінде жетекші маманы болып қызмет істеді. 2006 жылдан бастап қазіргі уақытта Нұраталды ауылдық округінің әкімі болып қызмет етеді.

Нұраталды ауылдық округінің әкімі аппаратының                                                                                                        

Бас маманы /Е-G-3/
Касимов Биржан Кусайнович                                                                                                                              

Бас маманның міндеттері:
Округтегі әлеуметтік нысандар мен білім беру мекемелерімен тығыз байланыс орната отырып, олардың атқарып жатқан жұмыстарын қадағалау. Округтің мәдени және рухани жағдайларын дамыту жұмыстарын жүргізу.   Округтегі саяси ахуалды бақылау, діни экстремизм, терроризмге қарсы іс шаралар, мерзімді баспасөзге жазылу жұмыстарын үйлестіру. Елді мекендегі қоғамдық кеңестердің және арнайы құрылған комиссиялардың жұмысын үйлестіру, оларды бақылау. Округте тіл саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқару.

(Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында, кіріс-шығыс құжаттарының мемлекеттік тілдегі пайыздық үлесін жоғарылату.   Сыртқы және ішкі жарнамалардың, хабарландырудың мемлекеттік тілде жариялануын қадағалау.

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Латын әліпбиіне» көшу мақсатында іс –шаралар ұйымдастыру, яғни мектептің тіл мамандарымен келісе отырып халыққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, (ауыл тұрғындарына әдістемелік құралдар тарату, тіл сауаттылыны арттыру, латын гарфикасындағы диктанттар алу) Ауылдық округ бойынша құрылған кеңестер комиссиялары мен жұмыс жүргізу. (ақсақалдар алқасы, отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссияларымен бірлесе   жұмыстар жүргізу, ауыл қарттарын әрдайым назарда ұстау. Ауылдың ішкі жұмыстарына ат салысуын ұйымдастыру.

Нұраталды ауылдық округінің әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/
Омарова Айнур Ермековна
Бас маманның міндеттері:                                                                                                  

Округ бойынша жұмыссыздық деңгейін төмендету жұмыстарын жүргізу. (2019 жылдың жоспарына сәйкес аудандық жұмыссыздар базасына тіркелген азаматтарды ауылдың абаттандыру санитарлық тазалық, көгалдандыру жұмыстарына тарту және оларды мүмкіндігінше тұрақты жұмысқа орналастыру. Осы бағытта ауылдағы жұмыссыздармен жиын өткізіп, өз кәсібін ашуға және ауылдағы сұранысқа ие мамандықтарды анықтап, қысқа мерзімді даярлау курстарына жіберу жұмыстарын ұйымдастыру). Округ көлемінде төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру. (көктемгі су тасқыны және дала өрттерінің алдын алу жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарын құру, Округ тұрғындарына ескерту парақшаларын тарату және шаруа қожалық жетекшілерімен меморандумға отыру, елді мекен тұрғындарымен кездесулерді ұйымдастыру).

Нұраталды ауылдық округінің аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/
Терликов Сагадат Газизович
Бас маманның міндеттері:                                                                                                  

Округтің инфрақұрылымын және коммуналдық шаруашылығын дамыту бойынша жұмыстар атқару . Көшелерге жарық нүктелерін орнатуға. Ауылда, санитарлық тазалық, көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру. Елді мекендерді көктемгі, күзгі екі айлық сенбілік жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағытта халықпен жиындар өткізу. Жергілікті полция инспекторымен біріге отырып, санитарлық экологиялық талаптарды сақтамаған азаматтарды жауапқа тарту.   Округ көлемінде кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларына қатысты жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру (Инфляцияны тежеу комиссиясымен бірлесе отырып, әлеуметтік азық-түлік бағасын 10%-дан жоғары көтермеуін қадағалау, жыл басында меморандумға отыру және баға мониторингін уақытылы тапсыру. Күз айларында барлық кәсіпкерлермен және шаруа қожалықтармен бірлесе отырып жәрмеңке ұйымдастыру)

Нұраталды ауылдық округінің әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/                                                                                                                  

Барменов Абай Манатулы                                                                                                       

Бас маманның міндеттері:

Аудандық мемлекеттік активтер және сатып алу бөліміне байланысты жұмыстарды жүргізу. Ауданның статисика бөліміне байланысты шаруа қожалықтарының және әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарды нұсқаулыққа байланысты жүргізуін қадағалау, ЭПК базасын жұмысын жүргізу. Елді мекеннің ішкі саясат жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру (ҚР Президентінің Жолдауын, ҚР Мемлекеттік рәміздерінің насихатталуы. Ауыл имамымен келісе отырып жастармен, мектеп оқушыларымен әр тоқсанда «Діни ахуал» бойынша кездесу отырыстарын ұйымдастыру. Округ бойынша барлық мерекелерді мектеп басшыларымен, мәдениет үйімен, кітапханашылармен бірлесе отырып өз мәнінде өтуін ұйымдастырып, БАҚ-та жариялануын қадағалау. Ауылдың сыртқы және ішкі жарнамаларының заңға сәйкестігін үнемі қадағалауда ұстау. Шет ауданының жастармен орталығымен жұмыс жасау, округтегі әлеуметтік нысандар мен білім беру мекемелерімен тығыз байланыс орната отырып, олардың атқарып жатқан жұмыстарын қадағалау. Округтің мәдени және рухани жағдайларын дамыту жұмыстарын жүргізу.   Округтегі саяси ахуалды бақылау, діни экстремизм, терроризмге қарсы іс шаралар, мерзімді баспасөзге жазылу жұмыстарын үйлестіру. Елді мекендегі қоғамдық кеңестердің және арнайы құрылған комиссиялардың жұмысын үйлестіру, оларды бақылау.

Нұраталды ауылдық округінің аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/
Тлеубергенов Жандос Кайратович
Бас маманның міндеттері:                                                                                                     Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауы және   аудан әкімінің хаттамалық тапсырмалары бойынша жұмыстарды атқару, округ әкімінің негізгі қызмет жөніндегі және жеке құрам бойынша өкімдерін әзірлеу. Округ әкімінің атына түсетін жеке және заңды тұрғалардың өтініштерін тіркеп заңда белгіленген тәртіппен жауап беру, округ әкімінің ауыл тұрғындарын жеке қабылдауын ұйымдастыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тоқсан сайын 1-ТӨ бойынша есеп беру. Аудандық ветеринарлық және ауыл шаруашылық бөліміне байланысты ауылдық округі әкімінің жұмыстарын жүргізу. Округте көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру. ( e-gov.kz. сайты арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін алу тәртібі туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жиындар өткізу, брошюралар тарату. Осы бағытта азаматтарға ұялы телефонға арнайы мобильді қосымша арқылы алынатын қызметтер туралы ақпараттар беру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.


Количество посещений: 50


Наверх