print

Состав

Копенов Абсамат Егинбаевич

Кәрім Мыңбаев атындағы ауылдық округі әкімі Е-R-1

Копенов Абсамат Егинбаевич 1963 жылы 01қаңтарында Қарағанды облысы Шет ауданы Қызылтау ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Саран қаласы Абай атындағы педагогикалық училишесін тәмәмдады. Еңбек жолын 16.08.1983 Қызылтау орта мектебінің еңбек пәнінің мұғалімі болып бастады.1983 жылы СА Әскери қатарында болды. 1986 жылы Қызылтау орта мектебінде трактор жүргізу шебері, әскери жетекші, еңбек пәнінің мұғалімі болды. 1996 жылы Қызылтау ауылдық округінің хатшысы болды. 1998 жылы Қызылтау ауылдық округінің маманы болып қызмет етті. 1999 жылы Байқозы батыр атындағы орта мектепте еңбек пәнінің мұғалімі болып қызмет етті. 2003 жылы Қызылтау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып бекітілді. 2005 жылы Қызылтау ауылдық округі әкімі болып тағайындалды. 2006 жылы Байқозы батыр атындағы орта мектеп директоры болып қызмет етті.2008 жылы Кәрім Мыңбаев атындағы ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.2013 жылы Кәрім Мыңбаев атындағы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып бекітілді. Қазіргі уақытта Кәрім Мыңбаев атындағы ауылдық округі әкімі болып қызмет етеді.

Спатаев Сакен Жалбырович

Кәрім Мыңбаев атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты ММ                              

Бас маманы /Е-G-3/
Бас маманның міндеттері:


           3.1. Елді мекеннің құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй инспекциясы, автожолдар, көлік, байланыс және коммуникация, төтенше жағдайлар жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру.

          3.2. Осы салалар бойынша жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу.  

          3.3. Ауылдың көркеюіне байланысты жоспар әзірлеу.

         3.4. Мемлекеттің меншігіндегі мүлікті түгендеу, коммуналдық қызметтер бойынша тиісті ұйымдар мен жұмыстар жүргізу.

         3.5. Халықты қабылдау, азаматтардың өтініштерін, арыздарын, ұсыныстарын қарауды ұйымдастыру.       

         3.6. Заңда белгіленген тәртіппен нотариалдық істерді жүргізу, 1-ОЛ есебін жүргізу.

         3.7. Кадрлық жұмысқа байланысты ауылдық округі әкімінің өкімдерін дайындау, конкурстық, аттестациялық, тәртіптік, еңбек өтілін анықтау комиссияларының жұмыстарын мемлекеттік қызметкерлердің жеке бас құжаттарын жүргізу.

         3.8. «Е-Қызмет» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау.   

         3.9. Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіндегі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларындағы) басқа да міндеттер.

Тогтаубай Перизат

Кәрім Мыңбаев атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты ММ                               Бас маманы /Е-G-3/
Бас маманның міндеттері:

           3.1. Елді мекеннің ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, мәдениет, білім дене шынықтыру және спорт салаларына қатысты жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру.   

           3.2. Осы салалар бойынша жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу.

           3.3. Сонымен қатар ауылдық округ бойынша құрылған кеңестер, комиссиялармен жұмыс жүргізу.

         3.4. Мәдениет саласы, оның ішінде спорттық салаларды ұйымдастыру. Мектеп, шағын орталық, мәдениет үйі, кітапхана, учаскелік полиция инспекторы мен ФАП жұмысымен тікелей байланыста болу.

         3.5. ЭҚЖ жүйесімен және сайлаушылар тізімімен үнемі жұмыс жасау. «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында елді мекенді дамыту мақсатында жоспар әзірлеу оның орындалуын қамтамасыз ету.

         3.6. Ауылдық округінде өткізілетін тұрғындар жиналысын ұйымдастыру, қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізу.

         3.7. Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын атқару.

         3.8. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне балалар жәрдемақысына, атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдардың құжаттарын әзірлеу.

         3.9. Әскерге шақырылатындармен жұмыстар жүргізу.

         3.10. «Е-Қызмет» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау. 

         3.11. Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіндегі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларындағы) басқа да міндеттер.


Количество посещений: 20


Наверх