print

Состав

Рахметов Казбек Курманбаевич
Киікті ауылдық округі әкімі Е-R-1

Рахметов Казбек Курманбаевич 1978 жылы 12 сәуір Қарағанды облысы Шет ауданы Ортау ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетін тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1999 -2000 жылы Ортау орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастады, 2000 – 2001 оқу жылында Ақадыр кентіндегі Ю.А.Гагарин атындағы мектеп – лицейінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, 2002 жылы Қарағанды облысы Саран қаласында Арнайы мамандандырылған күзет бөлімінің күзетшісі, 2004 жылы Қарағанды қаласында Келісім шарт бойынша бөлімше командирі болып қызмет еттіп, 2005 жылы Приозерск қаласындағы № 31775 әскери бөлімінде қару жарақ қоймасының басшысы қызметін атқарды.

2006 - 2007 жылдары Приозерск қаласының дене щынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, 2007 жылдың 13 тамызынан – 2017 жылдың тамыз айына дейін Ақадыр кенті әкімі аппаратының бас маманы. 2017 жылдың 08 – ші тамызынан Киікті ауылдық округі әкімі аппаратының әкімі міндетін атқарушы,арнайы тексерістің қорытындысының негізінде 2017 жылдың қараша айының 03 – нен, қазіргі уақытқа дейін Киікті ауылдық округінің әкімі.

Киікті ауылдық округі әкімі аппаратының                                                                                                      Бас маманы /Е-G-3/
Айкынбаев Мади Айдарович                                                                                                                             Бас маманның міндеттері:

         Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу. Ауданның кеңсе бөлімі және ҚР Бас прокура-ның аудандық құрылымдық бөлімшесіне салыстырма тапсыру. 1-ОЛ есебін жүргізу. Әкімшілік аумағында төтенше жағдайлар мен терроризмге қарсы жұмыстарды ұйымдастыру, форс-мажорлық жағдайдағы шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру. Жер қатынастарына байланысты жұмыстардың қолданымдағы заңдылықтар бойынша жүргізілуін үйлестіру. Заңның талаптарына сәйкес мемлекеттік рәміздерді пайдалануды бақылау. Елді мекеннің құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй инспекциясы, төтенше жағдайлар, ауылда антисанитариялық (сенбілік, таза бейсенбі) жұмыстарын ұйымдастыру, жылыту маусымында дайындық шараларына бақылау жасау. Ауылдағы сайлау учаскелерінің сайлаушылар есебін жүргізу.

Киікті ауылдық округі әкімі аппаратының                                                                                                       Бас маманы /Е-G-3/    

Жумагулова Алия Балтабаевна                                                                                                                     Бас маманның міндеттері:

Елді мекенің ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар,денсаулық сақтау,мәдениет,білім дене шынықтыру және спорт салаларына қатысты жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Ауылдық округ бойынша құрылған кеңестер,комиссиялармен жұмыс жүргізу

         Кадрлық жұмысқа байланысты ауылдық округ әкімінің өкімдерін дайындау, конкурстық, ттестациялық, тәртіптік, еңбек өтілін анықтау комиссияларының жұмыстарын мемлекттік қызметкерлердің жеке бас құжаттарын жүргізу.

Киікті ауылдық округі әкімі аппаратының

Бас маманы /Е-G-3/
Сапарбекова Айгерым Жаксылыковна
Бас маманның міндеттері:                                                                                                  

   Ауылшаруашылық кітаптарын (ауыл тұрғындарын және олардың малдарын шаруашылық кітабына есепке алу, шығару, ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру. «Е-халық» ақпараттық жүйесі мен жұмыс жүргізу, анықтамалар беру. Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген топтарына біржолғы материалдық көмек алу үшін, құжаттарын қабылдап, уәкілетті органға ұсынып отыру. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласына қатысты жұмыстарды ұйымдастыру.

 

 

 


Количество посещений: 27


Наверх