print

Программа развития местного сообщества поселка Мойынты

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

  
 II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ 2.1 Мойынты кентін дамыту Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты елді мекенінің 2019-2021 жылдарға арналған кешенді даму бағдарламасы, кентте және осы аумақта тұратын тұрғындарды жағымды және жайлы өмір сүру жағдайларымен қамтамасыз ету мақсатында құрылған.Мойынты кенті 1936 жылы құрылған және аудан орталығынан 250 шақырым жерде және облыс орталығы Қарағанды қаласынан 375 шақырым жерде орналасқан.Кешенді даму бағдарламасы экономикалық бағыттың дамуын, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуын, коммерциялық қызметтерді жүзеге асыру үшін нарыққа дейінгі көліктік қолжетімділікті қамтамасыз етуді, тұрғындарға жаңа жұмыс орындарын ашуды, жұмыспен қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсететін орталықтар ашу сияқты мәселелерді жүзеге асыруды қарастырады.Кент бойынша ЖШС - 3, ШҚ - 11, ЖК - 20.Мойынты кентінің жергілікті қоғамдастығын дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған бағдарламасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына сәйкес әзірленді. Ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.  2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер Мойынты кентінің әлеуметтік және экономикалық салалардың дамуы келесі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы:          - кентімізде балабақша салу;         - иесіз тұрған үйлерді әкімдік иелігіне алып, жөндеуден өткізу         - дене шынықтыру -сауықтыру кешенін салу;          - мәдениет үйінің ғимаратына толық жөндеу жұмыстарын жасау;         - кәріс жүйесін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу.         - көше жолдарын асфальттандыру;         - көшелерді жарықтандыру.  
 III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Мойынты кенті әкімінің аппараты» ММ жауапты болып табылады.

Бағдарламаның атауы

2019-2021 жылдарға арналған Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты кенті дамыту бағдарламасы

Мойынты кентінің негізгі сипаттамалары

- аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің құрылу кезеңі: 1936 жыл

-халық саны: 2180

- ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны мен атауы -4, Ақбұлақ, Кокдомбақ, Сарыкум, Буйрек станциялары.

- аумағының көлемі 149176га,

- жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні және оларға өкілестік берілген мерзім: 15.06.2016 жыл

- жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны: 13

 

Іс-шаранын атауы

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі (мың.теңге)

Қаржыландыру көзі

Іске асыру мерзімдері

 

1

2

3

4

5

6

 

I.БІЛІМ БЕРУ

1.1

Кентімізде балабақша салу

2021

10 млн

 

2020-2021

 

1.2

Мойынты кенті жалпы орта білім беру мектебінің едендерін құрылыс жабдығымен(линолеум) жабдықтау

2019

3млн

ЖШС «Bapy mining»

2019

 

 

 

 

 

 

 

 

II. ДЕҢСАУЛЫҚ САҚТАУ

2.1

Ауыл тұрғындары арасында міндетті әлеуметтік медицинлық сақтандыруды туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу

тұрақты

қажет етпейді

 

тұрақты

 

III. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

3.1

Иесіз тұрған үйлерді әкімдік иелігіне алып, жөндеуден өткізу

2020

500

Аудандық

2021

 

 

 

 

 

 

 

 

IV. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ

4.1

Дене шынықтыру сауықтыру кешенін салу

2021

380 млн

-

2020-2021

 

4.2

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық іс-шаралар ұйымдастыру

тұрақты

қажет етпейді

 

тұрақты

 

4.3

Мәдениет үйінің ғимаратына толық жөндеу   жұмыстарын жасау

2020

-

-

2020-2021

 

4.4

Мәдени және рухани даму аясында елімізге танымал қоғам белсенділерімен кездесулер ұйымдастыру

тұрақты

қажет етпейді

 

тұрақты

 

V. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

5.1

Көше жолдарын асфальттандыру

2020

60млн

-

2020

 

 

 

 

 

 

 

 

5.2

Кәріс жүйесін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу.

2020

Коммерциялық ұсыныс

-

1 жыл

 

5.3

Жарықтандыру жүйелерін жүргізу

2019

7 млн

аудандық бюджет

2019

 


Количество посещений: 32


Наверх