print

Состав

Турабеков Саяхат Жаманкулович
Мойынты кентінің әкімі Е-R-1

Турабеков Саяхат Жаманкулович 1976 жылы 01 мамырда Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген. 1983 жылы . Білімі – жоғары. 2004                                                              жылы Ресей – Қазақстан.Қазіргі Заман Гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1995 жылдары ТУСМ мекемесінде УАЗ-3301 автокөлігінің жүргізушісі, 2005 жылы Мойынты стансасының «ТЭК-Астана» ЖШС-нің жанар –жағар май қоймасының бригадирі, 2009жылдары Мойынты стансасының «ТЭК-Астана» ЖШС-нің жанар –жағар май қоймасының басшысы болып қызмет етті. 2015 жылы Мойынты кенті әкімінің міндетін атқарушысы болып қызмет етті. Қазіргі уақытта Мойынты кенті әкімі болып қызмет етеді.

Мойынты кенті әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/
Асылбеков Бағдат Оралбекұлы
Бас маманның міндеттері:
Кентіміздің әкімі өткізетін коммуналдық салаға байланысты шараларды өткізуді ұйымдастыру. Электр энергиясы, су, жылу беруге байланысты жұмыстарды үйлестіру, коммуналдық қызметке төлемақының жиналуына жәрдемдесу, оларға экономикалық талдау жасау. Өтініштерді қабылдау, есепке алу және қаралуын бақылау жасауды (электронды құжат айналымы жүйесіндегі «Қабылдау бөлмесі» арқылы жұмыс жүргізуді), ай сайынғы салыстырма актімен №1 –ТӨ есебін қалыптастырып, тапсыру; Кент әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру. Сайлауға және референдумға дайындық және өткізу бойынша жұмыстарды үйлестіру.

Мойынты кенті әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/
Сыздыкова Нейля Райымкуловна
Бас маманның міндеттері:
Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген топтарына атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысын, тұрғын-үй жәрдемақысын, біржолғы материалдық көмек алу үшін, құжаттарын қабылдап, уәкілетті органға ұсынып отыру. Сайлауға және референдумға дайындық және өткізу бойынша жұмыстарды үйлестіру. Кенттегі өнеркәсіп, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бағдарламасы бойынша құжаттарын дайындау, жұмысын жүргізу, су,жылу,тоқ беруді қадағалау; Салық есептеуге тұрғындардың үй, жер, транспорт жайындағы тізімдерін әзірлеу, заңда белгіленген тәртіппен салықтың уақытылы жинауын ұйымдастыру; Аз қамтылған отбасыларының жәрдемақысын алуға құжаттарын дайындау.

Мойынты кенті әкімі аппаратының
Жетекші маманы /Е-G-4/
Саргаскаева Айжан Айдосовна
Жетекші маманның міндеттері:

Өзіне –өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысын үйлестіру, келушілермен жұмыс жүргізіп ақпараттық сүйемелдеу және практикалық көмек көрсету; Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ай сайынғы есептерді сапалы қалыптастыру және Шет ауданы әкімінің аппаратына мерзімінде жолдау; Халықты қабылдау мен азаматтардың шағымдарын, арыздары мен ұсыныстарын қарауды ұйымдастыру; Тұрғындардың, шаруа қожалықтарының шаруашылық кітаптарын нұсқаулыққа сәйкес толтырып, ретке келтіріп, азаматтарға берілетін әртүрлі анықтамаларды әзірлеу Ауылшаруашылығы саласына байланысты есеп, мәліметтерді дайындап беру. Кент бойынша ауылшаруашылығын дамытуға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру. Шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізу, оларға практикалық көмек көрсетуді, бағыт-бағдар беруді үйлестіру; Сайлаушылар тізімін нақтылау бойынша жұмыстар жүргізу.   


Количество посещений: 31


Наверх