print

Состав

Ерік Ақатайұлы Аяпбеков

Бұрма ауылдық округі әкімі E-R-1

Ерік Ақатайұлы Аяпбеков-1956 жылы 2-ші қаңтарда Қарағанды облысы Шет ауданы, Шет совхозында дүниеге келген. 1979 жылы Қарағанды педагогикалық институтын тәмамдаған. Мамандығы- дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Еңбек жолын 1973 жылы Шет совхозының тоқ жөндеуші қызметінен бастады . 1974 жылы Шет совхозының жылқы малының бақташысы. 1979 жылы Приозерск ауданы, Торанғалық орта мектебінің мұғалімі. 1984 жылы Балқаш қаласы ішкі істер басқармасының қызметкері. 1988 жылы Торанғалық орта мектебінің баскетболдан тренері.1988 жылы «Балқашмыс» комбинаты директорының орынбасары. 1990 жылы Балқаш құс фабрикасының газ шаруашылығын басқарушы. 1996 жылы «Балқашнан» ЖШС-нің күзетшісі. 1997 жылы Тоқырауын жол учаскесінің жұмыскері. 1998 жылы «Алаутрансгаз» АҚ-ның мастері. 2005 жылы «Қарағандыгазснаб» ЖШС-нің сатушысы. 2009 жылы Бұрма орта мектебінің мұғалімі. 2011 жылдан бастап Бұрма ауылдық округі әкімі қызметін атқарады.

Бұрма ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маманы E-G-3

Айдос Амангелдыулы Амирханов

Бас маманның міндеттері:

  1. Елді мекеннің ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, мәдениет, білім дене шынықтыру және спорт салаларына қатысты жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру.

2. Осы салалар бойынша жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу.

3. Ауылдық округ бойынша құрылған кеңестер, комиссиялармен жұмыс жүргізу.

4. Мәдениет саласы, оның ішінде спорттық салаларды ұйымдастыру.

5. Мектеп, шағын орталық, мәдениет үйі, кітапхана, учаскелік полиция инспекторы мен ФАП жұмысымен тікелей байланыста болу..

6. ЭҚЖ жүйесімен және сайлаушылар тізімімен үнемі жұмыс жасау.

7. «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында елді мекенді дамыту мақсатында жоспар әзірлеу оның орындалуын қамтамасыз ету.

8. Ауылдық округінде өткізілетін тұрғындар жиналысын ұйымдастыру, қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізу.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын атқару.

10. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне балалар жәрдемақысына, атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдардың құжаттарын әзірлеу.

11. Әскерге шақырылатындармен жұмыстар жүргізу.

12. «Е-Қызмет» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау.

13. Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіндегі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларындағы) басқа да міндеттер.

Бұрма ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маманы E-G-3

Даулет Рымқұлұлы Абильдин

Бас маманның міндеттері:

1. Елді мекеннің экономика және қаржы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауылшаруашылық салаларына қатысты жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру.

2. Осы салалар бойынша жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу .

3. Әкімнің өкімдері мен шешімдерін әзірлеу.

4. Ауылдық округі әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізудің номенклатурасын аудандық мұрағатпен бекітіп, хат-хабарлармен жұмыстар жүргізу.

5. Азаматтардың ауызша, жазбаша өтініштері бойынша тиісті шаралар белгілеп жүзеге асыру, жергілікті салықтың жиналуын қадағалау.

6. Заңда белгіленген тәртіппен нотариалдық істерді жүргізу, 1-ОЛ есебін жүргізу.

7. Кадрлық жұмысқа байланысты ауылдық округі әкімінің өкімдерін дайындау, конкурстық, аттестациялық, тәртіптік, еңбек өтілін анықтау комиссияларының жұмыстарын мемлекеттік қызметкерлердің жеке бас құжаттарын жүргізу.

8. Ауылдық округте тоқсан сайынғы шығарылатын рейтингі қорытындысын әзірлеу.

9. Жиналған салықтардың тоқсандық, жылдық және статистикалық есептерін әзірлеу.

10. Ауылшаруашылық кітаптарды толтыру, шаруа құрылымдарымен тығыз байланыста болу, аудандық экономика және қаржы, өнеркәсіп және кәсіпкерлік, ауылшаруашылық салаларындағы бөлімдерге уақытында ақпараттар ұсыну.

11. «Е-Қызмет» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау.

12. Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіндегі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларындағы) басқа да міндеттер.


Количество посещений: 34


Наверх