print

Состав

Кеншоқы ауылдық округі әкімі аппаратының құрамы

Жуматов   Боранкул Саулебекович
Кеншоқы ауылдық   округінің әкімі

     Жуматов Боранкул Саулебекович 1972 жылы 25 ақпанда Қарағанды облысы Шет ауданы   Кеншоқы ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақтың   тұтыну кооперациясы   Қарағанды   экономикалық институтын тәмәмдаған. 1989 жылы СА Әскери қатарында болды. Еңбек жолын 1989 жылы Шет ауданы, Нұра ауылында №2 фермасында тракторист,1992 жылы Нұра ауылында құрылысшы,1996 жылы АҚ «Аюлы» -ның есепшісі,2006 жылы Кеншоқы ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманының міндетін атқарушы, 2006 жылы Кеншоқы ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, 2010 жылы   Кеншоқы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2011 жылы Кеншоқы ауылдық округінің әкімі,2013 жылы Кеншоқы   ауылдық округінің міндетін атқарушы. Қазіргі уақытта Кеншоқы ауылдық округінің әкімі болып қызмет етеді.

Кеншоқы   ауылдық округінің әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/
Ашкербек Гульсара Макытайқызы
Бас маманның міндеттері:Елді –мекеннің құрылыс, сәулет және   қала құрылысы, тұрғын –үй коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй инспекциясы, автожолдар, көлік, байланыс және коммуникация, төтенше   жағдайлар жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Осы салалар бойынша жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, мемлекет меншігіндегі мүлікті түгендеу, коммуналдық қызметтер бойынша тиісті ұйымдармен   жұмыстар   жүргізу,бухгалтерлік есеп жүргізу.

 

Кеншоқы ауылдық округінің әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/
Иргимбаева   Балшекер   Амиртаевна
Бас маманның міндеттері:
Аппараттың іс-қағаздарын жүргізу, қажетті ақпараттар, мәліметтерді дайындау. Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген топтарына атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысын, тұрғын-үй жәрдемақысын, біржолғы материалдық көмек алу үшін, құжаттарын қабылдап, уәкілетті органға ұсынып отыру.
Табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдар арқылы еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуге жәрдемдесу.
Ауылдық округ әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.
Сайлауға және референдумға дайындық өткізу бойынша жұмыстарды үйлестіру. Сайлаушылар тізімін нақтылау бойынша жұмыстар жүргізу. «Е-Халық» базасымен жұмыс жасау. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласы бойынша   жұмыс атқару. Жастар ісі бойынша жұмыстар жүргізу. Кадр мәселесі бойынша ақпараттар дайындау.   

 

Кеншоқы ауылдық округінің әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/
Жексенбаев Қияш Мукарамович
Бас маманның міндеттері:
Ауыл   шаруашылық   жөніндегі   кітаптарды   нұсқаулыққа   сәйкес   жүргізілуіне   жауап   береді, ауылшаруашылық   кітаптарының   мәліметі бойынша   округ тұрғындарының   жеке меншік   малдары туралы мониторинг жасау, азаматтарға берілетін әр түрлі анықтамаларды әзірлеу.

 

Кеншоқы ауылдық округінің әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/

Башерленов   Танирберген Таттимбетович
Бас маманның міндеттері:
Ауылдық округ әкімі өткізетін коммуналдық салаға байланысты шараларды өткізуді ұйымдастыру. Электр энергиясы, су, жылу беруге байланысты жұмыстарды үйлестіру, коммуналдық қызметке төлемақының жиналуына жәрдемдесу, оларға экономикалық талдау жасау. Коммуналдық сала бойынша тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстары. Тұрғындарға тиісті анықтамалар беру.
Ауылдық округтегі тазалық, көркейту және сәулеттендіру жұмыстарын ұйымдастырып, көше жарықтарын уақытылы, толық жануын, су құбырларының істеп тұруына бақылау жасау. Әскер қатарына шақырушылармен жұмыстар жасау. Салықтарды жинау, арыз-хат, өтініштермен жұмыс жасау.

      

 


Количество посещений: 40


Наверх