print

Состав

Құрамы

Ашенов Ришад Ашенович
Тағылы ауылдық округінің әкімі Е-R-1
Р.Ашенов 1959жылдың 04 желтоқсанда Қарағанды облысы Балхаш қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1985жылы Жезқазған педагогикалық институтын бітірген. 1985-1988 жылдары Ақадыр аудандық кеңестің жасөспірімдер  ісі      жөніндегі комиссияның хатшысы.   1988-1996 жылдары Қайрақты орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі. 1996-1997 жылдары Ақадыр ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы. 1997- 2000 жылдары Тағылы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. 2002-2003 Жезқазған университеті «Қазақ тілі қоғамының» директоры. 2003 жылы Ұлытау ғылыми орталығының маманы. 2004-2005 жылдары Жезқазған университетінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар штабының жетекші маманы. 2013 жылдан бүгінгі күнге дейін Тағылы ауылдық округінің әкімі қызметін атқарады.

 

Тағылы ауылдық округінің әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/
Алишев Санат Канатович
Бас маманның міндеттері:
Елді мекеннің құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй инспекциясы, автожолдар, көлік, байланыс және коммуникация, төтенше жағдайлар жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Осы салалар бойынша жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу. Сонымен қатар халықты қабылдау, азаматтардың өтініштерін, арыздарын, ұсыныстарын қарауды ұйымдастыру, 1-ОЛ есебін жүргізу. Ауылшаруашылығы саласына байланысты есеп, мәліметтерді дайындап беру. Ауылдық округ бойынша ауылшаруашылығын дамытуға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру. Шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізу, оларға практикалық көмек көрсетуді, бағыт-бағдар беруді үйлестіру. Нұр Отан ХДП-ның жұмыс жоспарын жасау, есептемелерін жүргізу және оны Нұр Отан ХДП-ның аудандық филиалына тапсыру.
Ауылдық округ әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.

 

 

Тағылы ауылдық округінің әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/
Акпарова Кулаш Рымбековна
Бас маманның міндеттері:

Ауылдық округ әкімінің шаруашылық кітаптарын (Ауыл тұрғындарын және олардың малдарын шаруашылық кітабына есепке алу, шығару, ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру, кешенді шаралар жүргізу). Ауыл шаруашылық жөніндегі кітаптарды нұсқаулыққа сәйкес жүргізілуіне жауап береді, ауыл шаруашылық кітаптарының мәліметі бойынша округ тұрғындарының жеке меншік малдары туралы мониторинг жасап отыру.
Қаңтар айының басында ауыл әкімі және ауданның мұрағат бөлімімен келісіп жыл сайынғы істер номенклатурасын бекіту. Сенімхаттар жасау, өтініштегі қолдарды және құжаттардың көшірмелерін растау. Аудандық әділет бөліміне тоқсандық, жылдық есебін айдың 20-25 күндері тапсыру. Ауданның ұйымдастыру бөлімімен Сайлаушылар тізімі туралы салыстырма жасау.

 

Тағылы ауылдық округінің әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/
Бекенов Ерлан Муратович
Бас маманның міндеттері:

Елді мекеннің экономика және қаржы, кәсіпкерлік және өнеркәсіпке қатысты жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Осы салалар бойынша жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу. Ай сайын келісім шарттар дайындау және оны мемлекеттік сатып алу бойынша веб-порталы арқылы жүзеге асыру, есептемесін тапсыру, аудандық Қазынашылық басқармасына келісім шарттарды тіркеу. Ай сайын, тоқсан сайын аудандық экономика және қаржы бөліміне қаржылық жоспарға өзгерістер енгізу бойынша өтініштерді, бухгалтерлік баланс пен қаржылық есептерді тапсыру. Тұрақты ағымдағы жыл ішінде жылдық және тоқсандық статистикалық есептер мен салықтық есептерді жасау және оны тиісті статистика және салық мекемелеріне есебін онлайн интернет жүйесі арқылы тапсыру.

 

Тағылы ауылдық округінің әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/
Жаргакова Панаркуль Адамиевна
Бас маманның міндеттері:

Ауылдың жұмыссыз тұрғындарын қоғамдық жұмысқа тарту, еңбек шартын әзірлеу, олардың өкімін, жұмыс табелін, мәліметін әр айдың 20 күніне дейін Жұмыспен қамту бөліміне тапсыру. Ауыл әкімінің ескеп беру кездесуін ұйымдастыру, хаттамасын, жәшіктердің суретін, мәліметін дайындап ауданның ұйымдастыру кадр бөліміне тапсыру. Қаңтар айының 25 күніне дейін. Әкімнің өкімдері мен шешімдерін әзірлеу, ауылдық округі әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізудің номенклатурасын аудандық мұрағатпен бекітіп, хат-хабарлармен жұмыстар жүргізу. Елді мекеннің ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтк ібағдарламалар, денсаулық сақтау, мәдениет, білім дене шынықтыру және спорт салаларына қатысты жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Осы салалар бойынша жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу.


Количество посещений: 49


Наверх