print

Дәрия кентінің жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы

2019 жылғы «04» қаңтардағы

жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілді

 

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

                                   Қарағанды облысы Шет ауданы   

Дәрия кенті

2019-2021 жылдар

 

 

Әзірлеуші: «Қарағанды облысы Шет ауданы

Дәрия кенті әкімінің аппараты» ММ                                              Б.Райым

 

 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

 

Мазмұны

 

           I. ЖАЛПЫ СИПАТТАУ Бағдарлама төлқұжаты                    2019ж.01.01. жағдайы бо йынша Дәрия кентінің төлқұжаты                                Кіріспе Дәрия кенті 1936 жылы құрылған және аудан орталығынан 105 шақырым жерде және Қарағанды қаласының облыс орталығынан 100 шақырым жерде орналасқан.Дәрия кентінің жергілікті қоғамдастығын дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған бағдарламасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына сәйкес әзірленді.Аталған бағдарлама кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуына, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жақсартуға, халыққа көрсетілетін қызметтердің спектрін кеңейтуге және сапасын жақсартуға, елді мекен бюджеті шеңберінде жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.Бағдарламада кенттің қазіргі жағдайына талдау жасалып, белгіленген міндеттерді іске асыру бойынша іс-шаралар кешені белгіленіп, Дәрия кентінің бюджетіне түсетін түсімдер көздері көрсетілген.Дәрия кентінің жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне түсетін түсімдердің негізгі көздері:- Мүлік салығы: ЖК болып табылмайтын жеке тұлғалар;        - Жер салығы: ЖК болып табылмайтын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, ЖК;- Көлік құралдарына салық: жеке тұлғалар, заңды тұлғалар.                       II. АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛҒА АНАЛИЗ  2.1. Кенттің дамуы  Ауылшаруашылығы  Дәрия кентінің тұрғындары ірі қара мал басы-680, қой ешкі -720, жылқы 78 бас өсіреді.Эпидемиологиялық және эпизоотиялық салауаттылықты тұрақтандыру бойынша барлық жоспарланған ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық зерттеулер орындалды. Шағын және орта бизнесДәрия кентінде қазіргі таңда тіркелген кәсіпкерлер саны 5. Оның ішінде 5 дүкен жұмыс істеп тұр. Білім Білім беру саласында кентте 1 білім беру ұйымы жұмыс істейді: 101 оқушыдан тұратын 1 мектеп.Дәрия кентінің орта мектебінде 2019-2020 оқу жылында 101 оқушы оқиды. шағын орталықта -20 бала тәрбиеленеді. Мектепте жалпы мұғалімдер саны- 26.            Балалар әртүрлі республикалық, облыстық және аудандық олимпиадалардың, конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады. Денсаулық 1 медициналық пункт -1 медбике бар.Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау.Дәрия кенті бойынша халық саны 840, осының ішінен 551-ы экономикалық белсенді топқа жатады. Зейнеткерлер саны – 80, мүгедектер 23. Соның ішінде: І-ші топтағы 3 адам.ІІ-ші топтағы 11 адам.ІІІ- топтағы 6 адамМемлекеттік кітапхана - «Шет ауданының кітапхана жүйесі»Дәрия кентінде орналасқан кітапхана - Кітапхананың негізгі жұмысы үш жоба бойынша жүзеге асырылады: мақсаты –-мәдени бағдарламаларға ақпараттық-кітапханалық көмек:Мұнда жиналыстар, дөңгелек үстелдер, кітап көрмелері және де басқа да түрлі ойындар, кездесу кештері өтіп тұрады. Кітапханада 600 оқырман бар. Дене шынықтыру және спортЖастар волейбол, футбол және теннис сияқты спорт түрлерімен дербес айналысады.Кенттік спорт командасы жыл сайын облыстық жазғы, қысқы спорттық және жеңіл атлетикалық ойындарға қатысады. Аудан намысын әр спорт түрінен ауылымыздың спортшылары қорғайды.Сондай-ақ, дәстүр бойынша біздің кентте спорттың әр түрінен аудандық ашық біріншіліктер өткізіледі.Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпКенттің аумағын күтіп ұстауды кенттің учаскелік полиция инспекторы жүзеге асырады. Байланыс Дәрия кентінде "Транстелеком" АҚ-ы телефон байланысы мен Beeline ұялы байланыстарын қамтамасыз етеді.Автомобиль жолдары Дәрия кентінің ішкі жолдар желісінің жалпы ұзындығы 7 км құрайды, барлық тас жолдар (грейдер). Кент аумағында республикалық маңызы бар жолдар жоқ.   Электрмен жабдықтауДәрия кентінде электр тоғымен «Электржабдықтау» ЖШС-гі қамтамасыз етеді. Тоқ алатын үйлер саны -148.Сумен жабдықтау және су қайырғыКентте сумен қамтамасыз ету "ШетКоммунСервис" ЖШС көрсетеді. Абаттандыру және тазалықКөктем айларында әкім аппаратының ғимаратының ауласына, мектеп алаңдарына, және Дәрия мешітінің алдына қарағай ағашы, гүлзарлар, ағаштар отырғызылды. Бюджеттік бағдарламалар2019 жылы " Дәрия кенті әкімінің аппараты" ММ-не 25 млн. 426 мың теңге сомасына 8 бюджеттік бағдарлама іске асырылды, соның ішінде:001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» - 14928000 мың теңге;008149 «Көше шамдарын сатып алу» - 248000 мың теңге;008159 «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» - 810000 мың теңге;011 « Көп функцоналды корт» 7770000 мың теңге;013 «Автокөлік жолдарын қамтамасыз ету»-300000 мың теңге;014 «Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру» - 1200000 мың тенге;022 «Мемлекеттік мекеменің күрделі шығыстары» - 120000 мың тенге;106 Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу» - 50000 мың теңге; Жергілікті қоғамдастықты дамыту. Қазақстандық қоғамдағы маңызды демократиялық қадамдардың бірі азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы сенім мен басқару институттарын нығайту рөлі болып табылады. Кентте 8 адамнан тұратын жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді жүйесі құрылды, ол әкімдікпен бірлесіп, кенттің проблемалары мен мәселелерін шешеді, сонымен қатар шығыстарды жүзеге асырады және жергілікті өзін-өзі басқару шотына түскен қаражаттарды бақылайды. Жергілікті қоғамдастық жиналыстарының өкілдері өз жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.                   2.2. Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер            Тұрғындардың жайлылығын арттыру үшін олар халықтың проблемалық мәселелерін анықтады:-           Дәрия кентіне мәдениет үйін салу;-           Елді мекен көшелерін жарықтандыру жұмыстарын жүргізу;-           Елді мекенді абаттандыру мен көгалдандыру;-           Кенттегі ішкі жолдарды жөндеуден өткізу;-           Дәрия кентіндегі мектеп ғимаратын күрделі жөндеу және мектеп  ғимаратының ауласын қоршау;-           Дәрия кентіндегі кіреберіс 23 шақырымдық тас жолын жөндеу;-           Елді мекен көшелерідегі иессіз жатқан күл- қоқысты тазалау;III. 2019-2021 ЖЫЛДАРҒА ДӘРИЯ КЕНТІНІҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ   

Атауы

стр.

 

I. ЖАЛПЫ СИПАТТАУ

3

1

Бағдарлама төлқұжаты

3

2

Дәрия кентінің төлқұжаты

4-5

3

Кіріспе

6

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙҒА АНАЛИЗ

7

 

2.1. Ауылдың дамуы

7

4

Ауыл шаруашылығы

7

5

Шағын және орта бизнес және сауда

7

6

Білім

7

7

Денсаулық сақтау

7

8

Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау

7

9

Дене шынықтыру және спорт

8

10

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

8

11

Байланыс

8

12

Автомобиль жолдары

8

13

Электрмен жабдықтау

8

14

Сумен жабдықтау және су қайырғы

9

15

Абаттандыру және тазалық

9

16

Бюджеттік бағдарламалар

9

17

Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту

9

 

2.2. Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

9

 

III. 2019-2021 ЖЫЛДАРҒА ДӘРИЯ КЕНТІНІҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ.

10-11

Атауы

2019-2021 жылдарға Дәрия кентінің жергілікті қоғамдастығының дамыту бағдарламасы

 

Бағдарламаны әзірлеу үшін негізі

 

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы

Негізгі әзірлеуші

«Дәрия кенті әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі

Жүзеге асыру мерзімі

2019-2021 жылдар

Мақсаты

Кенттің дамуын жоспарлау процесіне халықты тарту және жергілікті қоғамдастықтың кент әкімімен өзара іс-қимылын күшейту.

Міндеті

Елді мекеннің әлеуметтік, экономикалық, техникалық және экологиялық проблемаларын шешу

Қаржылану көзі

Мемлекеттік бюджет,

Бюджеттен тыс қаражаттар;

Тараулар

I. Жалпы сипаттама.

II. Ағымдағы жағдайға сипаттама

2.1. Кентті дамыту

2.2. Проблемалық сұрақтар

III. 2019-2021 жылдарға Дәрия кентінің даму Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар Жоспары

Күтілетін нәтижелер

Кенттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Сипаттама

Мәліметтер

Әкімшілік бірліктің атауы

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Дәрия кенті

Ауыл әкімінің Т.А.Ж.

Райым Бек-Арыс Оралбайұлы

2019ж.01.01. халық саны

840 адам

Экономикалық белсенді халық –551 адам

зейнеткерлер – 80 адам.

Барлық топтағы мүгедектер - 23 адам

Территория

11 716 га

Кенттің құрылған күні

1936 жыл

Арақашықтық:

 

Қарағанды қ.облыстық орталығына дейін – 100 шақырым

Шет аудандық орталығына дейін – 105 шақырым

Орта және шағын бизнес

 

Тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны - 5 бірлік.

Жер ресурстары

Жер аумағы 11 760 га

 

Денсаулық сақтау нысаны

ФАП- 1 бірл.

Білім нысандары

Орта мектеп – 1 бірл.

Шағын орталық - 1 бірл.

Мәдениет және спорт

Кітапхана – 1 бірл.

 

Мешіт – 1 бірл.

Сауда нысандары

Қызмет жасау сферасындағы нысандар барлығы – 5 бірл.

Оның ішіндегі: сауда нысандары – 5 бірлік

Тұрғын үйлер саны

178 үйлер

Қосалқы шаруашылық

Дәрия кентінде ірі қара мал басы-680, қой ешкі-720 бас, жылқы 78 бас

Сумен жабдықтау

Су құбырлары – 1 бірлік. Орталықтандырылған сумен жабдықтау санитарлық нормаларға сәйкестендірілген.

 

 

Автомобиль жолдары

7 шақырым Дәрия ішкі жолы грейдер

Байланыс

Кент телефон байланысымен қамтамасыз етілген   «Транстелеком» АҚ –ы , ұялы байланыстың Beeline операторлары жұмыс істейді.

Интернет байланысы транстелеком арқылы қамтылған

Электрификация

Электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету– 100% «Электржабдықтау» ЖШС

Қоғамдық қауіпсіздік

полиция пункт - 1 бірл.

Штат саны – 1 бірлік учаскелік инспектор.

Жергілікті қоғамдастықтың құрылу күні және олардың берілген мерзімі

2017 жыл

Жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелер саны

8 мүше

Іс-шараның атауы

Аяқтау формасы

Қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Қаржыландыру көзі

Жүзеге асыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

  1. БІЛІМ

 

1.1

Дәрия кентіндегі мектеп ғимаратын күрделі жөндеу және мектеп   ғимаратының ауласын қоршау

 

 

 

 

Қабылдау   актісі

20000,0

ОБ

 

 

 

 

2020 жыл

 

 

 

5000,0

 

 

 

ЖБ

 

 

 

 

II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

 

III. ДЕҢСАУЛЫҚ САҚТАУ

                       IV. ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

 

4.1

Елді мекен көшелерін жарықтандыру жұмыстарын жүргізу

Қабылдау актісі

7000,0

ЖБ

2020 жыл

 

4.2

Кенттегі ішкі жолдарды жөндеуден өткізу

Қабылдау актісі

10 000,0

ОБ

2020-2021 ж

 

7000,0

ЖБ

 

4.3

Елді мекен көшелерідегі иессіз жатқан күл- қоқысты тазалау

Қабылдау актісі

1000,0

ЖБ

2020 ж

 

4.4

Дәрия кентіндегі кіреберіс 23 шақырымдық тас жолын жөндеу

Қабылдау актісі

100 000,0

РБ

2020 ж

 

50 000,0

ОБ

 

50 000,0

ЖБ

 

  1. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ

 

5.1

 

Мәдениет үйін салу

 

 

 

Қабылдау актісі

30 000,0

ОБ

 

 

 

2020 ж

 

6000,0

ЖБ

 

 

Қорытынды: Мемлекет басшысының атқарушы биліктің алдына қойған басты мақсаты-халықтың әл-ауқатын жақсарту. Кент әкімінің аппараты осы бағыттағы жұмысын жалғастырады.

 

 

 

 

                   

 

  • Кітапхананың жаңа келбетін қалыптастыру үшін, әртүрлі сала қызметкерлеріне арналған /әкімшілік, дәрігерлер, мектеп /Сервистік қызмет көрсету дәрежесін көтеру мақсатында «Кітап оқитын адам – табысты адам» т.б. іс – шаралар өткізіліп отырады;
  • Тұрғындардың кітапханаға назарын аудару мақсатында өтетін шараларға буклеттер, визиткалар, шақыру билеттері және «Сыйлық, байлық, білім бәрі- кітапта» плакаттарын іліп тұру. Үнемі.
  • Кент тұрғындарының кітапханаға деген көзқарасын білу мақсатында ауыл ішінде социологиялық сауалнама жүргізу «Кітапханаға сіздің көзқарасыңыз». Ол сауалнаманы талдап отыру.Жаңа оқырмандарға кеңес беру, әңгіме өткізу, кітапханамен таныстыру.
  • Мектеп кітапханасымен бірлесіп кітап апталықтарын, экскурсиялар ұйымдастырылып отырды.
  • Кітапхана жұмысында кітапты және әдебиетті насихаттаудың жаңа инновациялық тәсілдері мен әдістерін енгізіп олар мен жұмыстар жасалуда.
  • Кітапханашы өзінің имиджін қалыптастыру барысында жұмыс атқарылып отырады.
  • «Кітапхана», «Кітапхана әлемі» журналдарын үнемі оқып, өз бетімен ізденіс үстінде жүреді.
  • «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»,Ұлттық код,100 жаңа есім,100 жаңа оқулық, «Туған жерге туыңды тік», «Латын әліп биі – заман талабы», «Шет өңірінің тарихы» атты тақырыптар, «Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады» жастар арасында кездесу кештері басты назарда.

 


Количество посещений: 55


Наверх