print

Батық ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығын дамыту бағдарламасы

2019 жылғы «03» қаңтардағы

жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілді

 

2019-2021 ЖЫЛДАРҒА

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

ШЕТ АУДАНЫНЫ БАТЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҒЫНЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Әзірлеген: «Батық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы

                                                           __________________Д.Р.Жиенбаева

 

2019 жыл


Мазмұны

 

           I. ЖАЛПЫ СИПАТТАУ Бағдарлама төлқұжаты                    2019ж. 03.01. жағдайы бо йынша Батық ауылдық округінің төлқұжаты  
Кіріспе Батық ауылдық округі 1978 жылы құрылған және аудан орталығынан 120 шақырым жерде және облыс орталығы – Қарағанды қаласынан 130 шақырым жерде орналасқан.Батық ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығын дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған бағдарламасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына сәйкес әзірленді.Аталған бағдарлама округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жақсартуға, халыққа көрсетілетін қызметтердің спектрін кеңейтуге және сапасын жақсартуға, елді мекен бюджеті шеңберінде жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.Бағдарламада ауылдық округтің қазіргі жағдайына талдау жасалып, белгіленген міндеттерді іске асыру бойынша іс-шаралар кешені белгіленіп, Батық ауылдық округінің бюджетіне түсетін түсімдер көздері көрсетілген.Батық ауылдық округінің жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне түсетін түсімдердің негізгі көздері:- Мүлік салығы: ЖК болып табылмайтын жеке тұлғалар;                    - Жер салығы: ЖК болып табылмайтын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, ЖК;- Көлік құралдарына салық: жеке тұлғалар, заңды тұлғалар. II. АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛҒА АНАЛИЗ  2.1. Ауылдың дамуы Өнеркәсіп Батық ауылдық округінде 30 шаруа қожалықтары мал шаруашылығымен айналысады, соның ішінде 2 ШҚ егін егумен, 7 ШҚ ірі қара малдарын асылдандырумен айналысады. 2019 жылы 150 га жерге егін егілді, оның ішінде: арпа – 150 га. 2019 жылы 8 гектар картоп егілді.Ауылшаруашылығы Ауылдық округ тұрғындары 1238 ірі қара мал, 161 бас жылқы, 2492 бас қой-ешкі, 906 бас құс өсіреді. 165 ауланың 24 ауласы мал ұстамайды.Эпидемиологиялық және эпизоотиялық салауаттылықты тұрақтандыру бойынша барлық жоспарланған ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық зерттеулер орындалды.Шағын және орта бизнесАуылдық округте 60 шағын кәсіпкерлік жұмыс жасайды, оның ішінде 30 шаруа қожалық, 4 дүкен, 2 дәмхана, 24 отбасылық мал бордақылау алаңшасында қызмет атқаруда.Білім Батық ауылдық округіндегі "Батық жалпы орта білім беру мектебі" КММ-де (қазақ тілінде, 150 орындық, оқушылар саны 151), 2019 жылы ҰБТ – ның орташа балы – 90% болды. Мектеп интернетке кіру нүктесіне қосылған.Мектепте жалпы мұғалімдер саны – 26, жоғары санаттағы мұғалімдер саны – 2, I-санаттағы мұғалімдер саны – 13, II-санаттағы мұғалімдер – 9, санаты жоқтар – 2 мұғалім.Балалар әртүрлі республикалық, облыстық және аудандық олимпиадалардың, конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.Батық ауылдық ауылдық округіндегі "Батық жалпы орта білім беру мектебі" КММ жанындағы шағын орталық – 25 орынды (толық келу күнімен), бала саны – 20.Денсаулық1 фельдшерлік-акушерлік пункт – 1 медбике бар.Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау.Экономикалық белсенді халық саны – 427 адам. Ауылдық округте 58 зейнеткер мен 20 мүгедек тұрады.Мәдениет Батық ауылдық кітапханасы - «Шет ауданының орталықтандырылған кітапханалар» КММ №21 филиалы – Батық ауылының мәдени, ағартушылық және ақпараттық орталығы. Кітапхана жүйесін автоматтандыру қызметін өркендетіп, ғылым және тәжірбие әлемін ұштастыру. «Мөлдір бұлақ» салт-дәстүр клубы жұмыс жасайды.Кітапханада жиналыстар, дөңгелек үстелдер, кітап көрмелері және басқа да шараларды қосқанда 605оқырманы бар.Дене шынықтыру және спортЖастар волейбол, футбол және көкпар сияқты спорт түрлерімен дербес айналысады.Ауылдық спорт командасы жыл сайын облыстық жазғы, қысқы спорттық және жеңіл атлетикалық ойындарға қатысады. Аудан намысын әр спорт түрінен ауылымыздың спортшылары қорғайды.Сондай-ақ, дәстүр бойынша біздің ауылда спорттың әр түрінен аудандық ашық біріншіліктер өткізіледі.Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп.Ауылдың аумағын күтіп ұстауды ауылдық учаскелік полиция инспекторы жүзеге асырады. 2019 жылдың басынан Батық ауылдық округінің аумағында әкімшілік құқық бұзушылық тіркелмеген. Ауыр және ерекше ауыр қылмыстар болған жоқ.Жыл басынан ауылдық №14 учаскелік полиция бөлімшесіне "қолайсыз отбасы" санаты бойынша есепте отбасылар жоқ.2018-2019 жылдар аралығында ауыл аумағында кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзу фактілері тіркелмеген.Байланыс Батық ауылдық округін "Қазақтелеком" АҚ телефон байланысымен қамтамасыз етеді.Автомобиль жолдары Ауылдық округ автожолдар желісінің жалпы ұзындығы 37 шақырым (республикалық маңызы бар) құрайды. Облыстық маңызы бар жолдар жоқ.Электрмен жабдықтауОрталықтандырылған электр қуатымен қамтамасыз етілген КТП саны – 3 (бірлік).Суменжабдықтау және су қайырғыБатық ауылын сумен қамтамасыз ету және су бұру қызметін Шет ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "ШетКоммунСервис" КМК көрсетеді.Абаттандыру және тазалық2019 жылы Батық ауылына кіре беріс жолға арка орнатылды. Абаттандыру бойынша ауыл саябағы мен әкімдік ғимаратының ауласына гүлзарлар мен теректер отырғызылды. Ауыл көшелеріне баннерлер орнатылды.Бюджеттік бағдарламаларАғымдағы жылға талдау жасау бойынша Батық ауылдық округіндегі төмендегі нақты жұмыстарды белгілеуге болады:1. Аудандық бюджеттен бөлінетін 250 мың теңгеге Батық ауылына кіре беріс жолға арка орнату;2. Аудандық бюджеттен бөлінетін 1 млн. 144 мың теңгеге Батық ауылындағы су мұнарасына жөндеу жұмыстарын жүргізу;6. Жергілікті шотқа түсуі тиіс 800,0 мың теңгеге елді мекендер ішіндегі көше жолдары қардан аршылады. Жергілікті қоғамдастықты дамыту Қазақстандық қоғамдағы маңызды демократиялық қадамдардың бірі азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы сенім мен басқару институттарын нығайту рөлі болып табылады. Ауылдық округте 7 адамнан тұратын жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді жүйесі құрылды, ол әкімдікпен бірлесіп, ауылдық округтің проблемалары мен мәселелерін шешеді, сонымен қатар шығыстарды жүзеге асырады және жергілікті өзін-өзі басқару шотына түскен қаражаттарды бақылайды. Жергілікті қоғамдастық жиналыстарының өкілдері өз жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.2.2. Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер             Тұрғындардың жайлылығын арттыру үшін олар халықтың проблемалық мәселелерін анықтады:             1) Батық ауылына мәдениет үйі қажет;             2) Батық ауылының ішкі көшелерін асфальттау және жарықтандыру;             3) Батық ауылына жаңа мектеп қажет;             4) Спорттық обьектілер салу (көп функционалдық хоккей корты);             5) Батық ауылына жаңа мектеп қажет;             6) Батық ауылына Ұялы байланыс қажет;             7) Фельдшерлік акушерлік пунктісіне жөндеу жұмыстарын жүргізу. III. 2019-2021 ЖЫЛДАРҒА БАТЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ   Қорытынды: Мемлекет басшысының атқарушы биліктің алдына қойған басты мақсаты - халықтың әл-ауқатын жақсарту. Ауыл әкімінің аппараты осы бағыттағы жұмысын жалғастырады. 

Атауы

стр.

 

I. ЖАЛПЫ СИПАТТАУ

3

1

Бағдарлама төлқұжаты

3

2

Батық ауылдық округінің төлқұжаты

4-5

3

Кіріспе

6

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙҒА АНАЛИЗ

7

 

2.1. Ауылдың дамуы

7

4

Өнеркәсіп

7

5

Ауыл шаруашылығы

7

6

Шағын және орта бизнес және сауда

7

7

Білім

7

8

Денсаулық сақтау

8

9

Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау

8

10

Мәдениет

8

11

Дене шынықтыру және спорт

9

12

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

9

13

Байланыс

9

14

Автомобиль жолдары

9

15

Электрмен жабдықтау

10

16

Сумен жабдықтау және су қайырғы

10

17

Абаттандыру және тазалық

10

18

Бюджеттік бағдарламалар

10

19

Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту

10

 

2.2. Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

11

 

III. 2019-2021 ЖЫЛДАРҒА БАТЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ.

12-14

Атауы

2019-2021 жылдарға Батық ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының дамыту бағдарламасы

 

Бағдарламаны әзірлеу үшін негізі

 

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы

Негізгі әзірлеуші

«Батық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Жүзеге асыру мерзімі

2019-2021 жылдар

Мақсаты

Ауылдық округтің дамуын жоспарлау процесіне халықты тарту және жергілікті қоғамдастықтың ауылдық округ әкімімен өзара іс-қимылын күшейту.

Міндеті

Ауылдық округтің әлеуметтік, экономикалық, техникалық және экологиялық проблемаларын шешу

Қаржылану көзі

Мемлекеттік бюджет, және мемлекеттік бюджеттен тыс қаражаттар; жергілікті салықтан түсетін қаражат.

Тараулар

I. Жалпы сипаттама.

II. Ағымдағы жағдайға сипаттама

2.1. Ауылдық округті дамыту

2.2.Проблемалық сұрақтар

III. 2019-2021 жылдарға Батық ауылдық округінің даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар Жоспары

Күтілетін нәтижелер

Ауылдық округтің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Сипаттама

Мәліметтер

Әкімшілік бірліктің атауы

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Батық ауылдық округі

Ауыл әкімінің Т.А.Ж.

Рахимжанов Бауыржан

2019ж.03.01. халық саны

820 адам

Экономикалық белсенді халық – 427 адам

зейнеткерлер – 58 адам.

Барлық топтағы мүгедектер - 20 адам

Территория

98223 га

Елді мекендер

Қасен ауылы қыстағы, Нарбақ қыстағы, 153-участке "Әнуар" ш/қ-ның қыстағы

Ауылдық округтің орталығы

Батық ауылы

Округтің құрылған жылы

1978 жыл

Арақашықтық:

 

Қарағанды қ.облыстық орталығына дейін – 130 шақырым

Шет аудандық орталығына дейін – 120 шақырым

Орта және шағын бизнес

 

Тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 60 бірлік.

Жер ресурстары

Жер аумағы 98223 га

ауылшаруашылығына жарамды жер – 53905 га, егістік алқап – 170 га, жайылым – 51000 га.

Денсаулық сақтау нысаны

Фельдшерлік-акушерлік пункт - 1 бірл.

Ветеринарлық бөлімше - 1 бірл.

Білім нысандары

Орта мектеп – 1 бірл.

Шағын орталық – 1 бірл.

Мәдениет және спорт

Кітапхана – 1 бірл.

Саябақ – 1 бірл. (0,28 га)

Балалар ойын алаңы - 2 бірл.

Спорт ойын алаңы - 1 бірл.

Орман шаруашылығы

жоқ

Сауда нысандары

Дүкен – 4 бірлік.

Дәмхана – 2 бірлік.

Тұрғын үйлер саны

165 үй

Қосалқы шаруашылық

Мал басының саны (бас):

Оның ішінде: ІҚМ – 2987 бас, жылқылар – 477 бас, қой – 1894, ешкілер – 332 бас, құс – 1713.

Сумен жабдықтау

Су құбырлары – орталықтандырылған, сумен жабдықтау санитарлық нормаларға сәйкестендірілген.

Кәріз

Септиктер

Автомобиль жолдары

Автомобиль жолдарының ұзындығы – 37 шақырым

Байланыс

Ауыл телефон байланысымен қамтамасыз етілген (АҚ «Казахтелеком»).

Электрификация

КТП, ТП саны – 3 бірл.

Қоғамдық қауіпсіздік

Полиция пункт – 1 бірл.

Штат саны – 1 бірлік учаскелік инспектор.

Жергілікті қоғамдастықтың құрылу күні және олардың берліген мерзімі

2015 жыл

Жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелер саны

7 мүше

Іс-шараның атауы

Аяқтау формасы

Қаржыландыру көлемі (мың. теңге)

Қаржыландыру көзі

Жүзеге асыру мерзімі

 

1

2

3

4

5

6

 

I. ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

 

1.1

Елді мекендерде көшені жарықтандыру

Батық ауылы тұрақты көше жарығы, оның ішінде -100 %;

400,0

Аудан бюджеті

2019 жыл

 

 

 

 

 

450,0

Аудан бюджеті

2020 жыл

500,0

Аудан бюджеті

2021 жыл

  1. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ

 

2.1

Жабық хоккей кортын салу(Батықауылы) Салауатты өмір салтын енгізуді және сақтауды жалғастыру - 100%

7 500,0

Аудандық бюджеттен нысаналы трансферттер

2020 жыл

 

 

 

 

 

2.2

Мәдениет үйін салу Мәдениетті сақтау және насихаттау

30 000,0

Аудандық бюджеттен нысаналы трансферттер

2020 жыл

 

III. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИИ

 

3.1

Батық ауылының ішкі көшелерін жарықтандыру және автомобиль жолдарының жақсарту

Ішкі жолды толық жөңдеу жұмысынан өткізу (Батық ауылы)

 

44 000,0

 

Аудандық бюджеттен нысаналы трансферттер

 

2020 жыл

 

 

 

IV. БАСҚАЛАР

 

4.1

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

 

Аппаратты ұстауға бағытталған бюджет қаражатын тиімді, толық және 100% игеру;- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты енгізу;- азаматтардың өтініштерін, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдау;

14508

Аудандық бюджеттен нысаналы трансферттер

2019 жыл

 

15524

Аудандық бюджеттен нысаналы трансферттер

2020 жыл

 

16610

Аудандық бюджеттен нысаналы трансферттер

2021

жыл

 

                           

Количество посещений: 61


Наверх