print

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "ЭКО - БОЛАШАҚ", "ЭКО - САҒАТ" АКЦИЯЛАРЫ АУДАНЫМЫЗДА ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА!

...

Бүгін яғни, 3 қазан күні Қазақстанның барлық аумағында «Эко Болашақ» "Эко - сағат" республикалық әлеуметтік-экологиялық акциялары өткізілуде. Республикалық ауқымдағы жобаларға қолдау көрсету мақсатында, ауданымыздағы мектептерде өскелең ұрпақты экологиялық тұрғыдан тәрбиелеу бойынша игі шаралар ұйымдастырылды. Осыған орай аудан әкімі М.Жандәулетов пен аудандық Мәслихат хатшысы Б.Төлеуқұлов аудан орталығындағы Ж.Ақылбаев атындағы мектеп – гимназиясына арнайы барып, аталмыш акцияға қатысып қайтты. Шараға арнайы келген аудан басшысын мектеп оқушылары "Экологиялық флешмоб" биімен қарсы алып, аудан әкімі оқушылардың дайындаған «Таза тағам» тағамдар көрмесі, "Экомонополия", "Экологиялық букросинг", "Климаттық қобдиша" ойындарымен танысты. Сонымен бірге аудан әкімі мен Мәслихат хатшысы 4 сынып оқушыларымен бірге «Эко – сағат» экологиялық тәрбие сағатына қатысып, балаларды қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарауға, оқуларын озат оқуға шақырып, ізгі тілектерін білдіріп, мектеп алаңындағы саябаққа барып, ұстаздар мен оқушылармен бірлесіп тал отырғызуға қатысты. Айта кетейік дәл осы күні «Эко – Болашақ», «Эко – сағат» акциялары аудан орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектепте де жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізіліп, шараға аудан әкімінің орынбасары А.Әбілдин арнайы қатысып қайтты. Республикалық акция аясында мектеп алаңындағы саябақ ішінен аталмыш мектепте ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет еткен білім саласының ардагерлері көшеттер отырғызып, «Ардагерлер аллеясы" ашылды. Табиғат анамызға деген сүйіспеншілікті арттырып, өскелең ұрпақтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігі мен қамқорлығын арттыратын осындай тағылымды шаралар ауданға қарасты барлық білім беру орындарында ұйымдастырылып өткізілді.

 


Количество посещений: 221


Наверх