print

МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕРДІҢ МЕРЕЙІ ТАСЫҒАН КҮН!

...

Ауданымыздың өнері мен мәдениетінің дамуына сүбелі үлес

қосып, осы саланың мерейін көтеруде халыққа үздіксіз қызмет көрсетіп жүрген мәдениет саласы қызметкерлерініңтөл мерекесін атап өту ауданымызда тұрақты түрде дәстүрге айналған. Биылда мамырдың 24 күні аудан орталығындағы мәдениет үйі алаңында мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған «Мәдениет-халықтың рухани қазынасы» атты мерекелік концерт жоғары деңгейде аталып өтті.Мерекелік концерт «Қазақ өнері» әнімен басталып, аудандағы мәдениет саласының еңбек ардагерлері Г.Ахметова, К.Мусанова, Ж.Мукажанова,Б.Тасырбаева М. Малтабарова және «Атамекен» ансамблінің мүшелері мен қазір осы салада еңбек етіп жүрген аудандық және ауылдық мәдениет үйлерінің, орталық ауылдық кітапхананың қызметкерлері бастаған шеруге ұласып, құрметті жандарды аудан жұртшылығы орындарынан тұрып қошеметпен қарсы алып, оқушылар гүл шоқтарын ұсынды. Өнердің көшін бастап, жолын жалғап жүрген жандарды аудан әкімі М. Жандәулетов арнайы құттықтап, аудандық мәдени- сауық орталығының әдістеме бөлімінің меңгерушісі А.Тәжібековаға

ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің «Құрмет»грамотасын,Ақой ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісіС.Шаймұратқаауыл мәдениетінің үздік қызметкері» дипломы мен 100, 000 теңге қаржылай сыйақы,аудандық мәдени – сауық орталығы көркемөнерпаздар ұжымының маманыБ.Ахановқа «Жылдың эстрада жанрының вокалисі»дипломы мен 100, 000 теңге қаржылай сыйақы, «Үздік көркемөнерпаздар ұжымы» номинациясы бойынша Талды Мәдениет үйінің жанынан құрылған «Наршөккен» ансамбліне,«Ауылдың үздік кітапханашысы» номинациясыаудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Ш. Ахметоваға,«Мамандығынаадалдығы үшін» номинациясымен, Ақжал мәдениет үйінің мәдени-шара ұйымдастырушысы Ұ. Әбілжановаға, аудан әкімінің дипломы мен 100 мың теңге қаржылай сыйлығын, сонымен біргеауыл мәдениет үйлерінің материалдық базасын жақсартумақсатында аудандық мәдениет үйіне 1.000 000, Бұрма мен Киікті ауылдық мәдениет үйлеріне 500 мың теңгелік түрлі – түсті жарық түсіру аппаратурасының сертификатын табыстады.

Бұл күні мәдениет пен өнер саласынан марапатқа ие болмаған жан кемде кем. Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары А. Әбілдин барша ел – жұртты мерейлі мерекемен құттықтап, аудандық орталық кітапхананың директорыМ. Нұрпейісоваға Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының «Еңбек даңқы» төсбелгісін және Кеншоқы ауылдық клуб үйінің меңгерушісі Ө.Дарибаевқаосы ұйымның грамотасын салтанатты түрде табыстаса,Ақадыр кентінің Ш.Бейсекқызы атындағы мәдени – сауықорталығының ансамбль жетекшісіҚ.Омарова, Ақшатау мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі З. Жексенбина,мәдени – сауықорталығының хор жетекшісі Ш.Дуанбекова, Ақадыр кентінің Ш.Бейсекқызы атындағы мәдени-сауық орталығы директорының кадр жөніндегі орынбасарыА.Жақаев ,Ақадыр кентінің С.Сейфуллин атындағы көпшілік кітапханасының кітапханашысыГ. Якубоваоблыстық мәдениет , архивтер және құжаттама басқармасының «Құрмет грамотасымен марапатталып, Қызылқой ауылдық клуб үйінің мәдени – шара ұйымдастырушысыА. Ахметов,Ақой ауылдық кітапханасының меңгерушісіШ. Ахметбекова,аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкеріР. Мусина «Алғыс хаттарға» ие болды.

          Марапаттау рәсімдерінен кейін мерекелік кеш аудандық мәдени – сауық орталығының қызметкерлері мен«Аққу» би ансамбліжәне Ақадыр кенті өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Киелі өнер думанына арнайы ат басын бұрған ондаған әншілер халықтың қошеметіне бөленіп ,арнайы аудан әкімінің қолдауымен

шақырылған республикаға танымал, эстрада жұлдызы Еркін Нұржанның келіп сахна төрінде әсем әндерін шырқауы аудан жұртшылығы үшін мерекелік тарту болды.Бұл күні балаларға арналған тәтті–дәмділер мен ойыншықтар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, әуелеген ән мен шарықтаған күйге көмілген мерекелік думанды, жергілікті сазгер, ақын, күйші З.Сүйіндікұлының әнімен сөзіне жазылған «Аюлы – аңсарым» әнін барша өнер иелері қосыла шырқап түйіндеді. Көңілдеріне керемет көтеріңкі күй сыйлап, күйбең тірліктен бір сілкінтіп тастаған мерекелік шара мен көк төрінде қызылды – жасыл түрге еніп, аспанға сұлу сәулелері шашылған от шашу көпке дейін ел есінде жүрері анық.



Количество посещений: 196


Наверх