print

ЖАҢА КӨПІРШЕ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Шопа ауылының кіре беріс өзен жолына жаңа көпірше салынды. Жуырда биылғы жылғы көктемгі су тасқыны кезінде су шайып кеткен Шопа ауылындағы көпіршені қайта жаңарту үшін құрылыс жұмыстары басталған болатын. Бүгін осы аталмыш құрылыс жұмыстары аяқталуына байланысты аудан әкімі М.Жандәулетов арнайы барып, жаңа көпіршені көріп, ауыл ақсақалдарымен кездесті. Кездесу барысында ел үлкендері жаңа көпіршенің салынғанына ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.

Сонымен бірге аудан әкімі ауыл тұрғындарына алдағы уақытта да бұл жұмыстарды жандандыру басты назарында болатындығын жеткізді.


Количество посещений: 140


Наверх